Мәдени мұра  Ұлттық жобаӨткенді қастерлеу арқылы, болашағымызды баянды етеміз
  • Twitter
  • Facebook
  • Лента на Youtube
 

НҚА, Заңдар, Қаулылар, ҚР Президентінің Жарлығы

Қайлық қаласы, Талғар   (XI - XIII ғасыр)

Басты бет - Мемлекеттік бағдарлама - Нормативтік-құқықтық актілер - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 14 маусымдағы N 495 Қаулысы

Тарих пен мәдениет ескерткіштеріне археологиялық және (немесе) ғылыми- қалпына келтіру жұмыстарын жүзеге асыру жөніндегі қызметті лицензиялау ережесін және оған қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 14 маусымдағы N 495 Қаулысы

Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., N 19, 221-құжат



Қазақстан Республикасының «Лицензиялау туралы»2007 жылғы 11 қаңтардағы және«"Тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану туралы" 1992 жылғы 2 шілдедегі заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:



1. Қоса беріліп отырған:
1) Тарих пен мәдениет ескерткіштерінде археологиялық және (немесе) ғылыми-қалпына келтіру жұмыстарын жүзеге асыру жөніндегі қызметті лицензиялау ережесі;
2) тарих пен мәдениет ескерткіштерінде археологиялық және (немесе)ғылыми-қалпына келтіру жұмыстарын жүзеге асыру жөніндегі қызметті лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптары бекітілсін.



2. "Археология және тарих пен мәдениет ескерткіштерін қалпына келтіру жұмыстарын жүзеге асыру жөніндегі қызметті лицензиялаудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 7 шілдедегі 662 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., 28, 273-құжат) күші жойылды деп танылсын.



3. Осы қаулы ресми жариялануға тиіс және 2007 жылғы 9 тамыздан бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2007 жылғы 14 маусымдағы
N 495 қаулысымен
бекітілген

Тарих пен мәдениет ескерткіштерінде археологиялық және (немесе) ғылыми-қалпына келтіру жұмыстарын жүзеге асыру жөніндегі қызметті лицензиялау ережесі

1. Жалпы ережелер



1. Осы Тарих пен мәдениет ескерткіштерінде археологиялық және (немесе) ғылыми-қалпына келтіру жұмыстарын жүзеге асыру жөніндегі қызметті лицензиялау ережесі (бұдан әрі - Ереже) Қазақстан Республикасының«"Тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану туралы" 1992 жылы 2 шілдедегі, "Лицензиялау туралы" 2007 жылғы 11 қаңтардағы (бұдан әрі - Заң) заңдарына сәйкес әзірленген және Қазақстан Республикасының аумағындағы тарих пен мәдениет ескерткіштерінде археологиялық және (немесе) ғылыми-қалпына келтіру жұмыстарын жүзеге асыру жөніндегі қызметті лицензиялау тәртібін айқындайды.



2. Тарих пен мәдениет ескерткіштерінде археологиялық және (немесе) ғылыми-қалпына келтіру жұмыстарын жүзеге асыру жөніндегі қызметті лицензиялауды (бұдан әрі - лицензия) облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органдарының келісімі бойынша Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Мәдениет комитеті (бұдан әрі - лицензиар) жүзеге асырады.


Ескерту. 2-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2008.06.26 N 610 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз) Қаулысымен.



3. Лицензияға лицензиарды, бірінші басшысы не оған уәкілетті тұлға қол қояды және ол лицензиардың мөрімен куәландырылады.



2. Лицензияны беру, лицензияны қайта рәсімдеу және оны беруден бас тарту тәртібі



4. Лицензия археологиялық және (немесе) ғылыми-қалпына келтіру жұмыстарымен айналысуға ниет білдірген (бұдан әрі - өтініш беруші), белгіленген біліктілік талаптарына жауап беретін адамға беріледі.



5. Лицензия алу үшін мынадай құжаттар қажет:


1) белгіленген нысандағы өтініш;


2) заңды тұлға үшін - жарғының және өтініш берушінің заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркелгені (қайта тіркеу) туралы куәлікті нотариалды куәландырылған көшірмелері;


3) жеке тұлға үшін - жеке басын куәландыратын құжатты көшірмесі;


4) дара кәсіпкер үшін - өтініш берушінің дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркелгені туралы куәліктің нотариалды куәландырылған көшірмесі;


5) өтініш берушінің салық органында есепке тұрғаны туралы куәліктің нотариалды куәландырылған көшірмесі;


6) тарих пен мәдениет ескерткіштерінде археологиялық және (немесе)ғылыми-қалпына келтіру жұмыстарын жүзеге асыру жөніндегі қызметпен айналысу құқығы үшін бюджетке лицензиялық алым төленгенін растайтын құжат;


7) дипломдар мен еңбек кітапшаларының нотариалды куәландырылған көшірмелерімен қоса, біліктілігі және өтілі көрсетілген, өтініш беруші қол қойған археологиялық және (немесе) ғылыми-қалпына келтіру жұмыстарын жүзеге асыратын ғылыми жетекшілер мен қызметкерлер туралы мәліметтер бар құжат;


8) Өтініш беруші қол қойған және мөрмен куәландырылған, археологиялық және (немесе) ғылыми-қалпына келтіру жұмыстарын жүзеге асыруға арналған мамандандырылған жабдықтардың тізбесі;


9) тарих пен мәдениет ескерткіштеріндегі археологиялық және (немесе)ғылыми-қалпына келтіру жұмыстары бойынша жобалар;


10) өтініш берушінің тарих пен мәдениет ескерткіштерінде археологиялық жұмыстарды жүзеге асыру қалпына археология саласындағы ғылыми ұйымның ұсынымдық хаты.



6. Лицензиардың лицензия беру туралы шешімі Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Мәдениет комитеті төрағасының бұйрығымен ресімделеді.


Ескерту. 6-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2008.06.26 N 610 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз) Қаулысымен.



7. Лицензия Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тиісті құжаттармен қоса өтініш берілген күннен бастап отыз жұмыс күнінен кешіктірмей, ал шағын кәсіпкерлік субъектілері үшін он жұмыс күнінен кешіктірмей беріледі.



8. Тарих пен мәдениет ескерткіштерінде археологиялық және (немесе)ғылыми-қалпына келтіру жұмыстарын жүзеге асыру жөніндегі қызметпен айналысу құқығына лицензиялық алым Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен және мөлшерде төленеді.



9. Лицензия өтініш берушіге немесе оның уәкілетті өкіліне сенімхат негізінде беріледі.



10. Лицензия алуға қажетті құжаттарды өтініш беруші өзі немесе оның уәкілетті өкілі сенімхат арқылы не тапсырыс хатпен ұсынады.
Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру үшін ұсынылған құжаттар тізімдеме бойынша қабылданады, оның көшірмесі құжаттар қабылданған күні туралы белгі соғылып, өтініш берушіге жіберіледі (табыс етіледі).



11. Өтініш беруші лицензия алу үшін ұсынылған құжаттарда көрсетілген ақпараттың дұрыстығы, толықтығы және уақтылығы үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапты болады.



12. Лицензиясы жоғалған, бөлінген жағдайда лицензиат оның телнұсқасын алуға құқылы.


Лицензиар бұрын алынған лицензия жоғалған не бөлінген жағдайда телнұсқа беру туралы өтініш берілген күннен бастап он жұмыс күні ішінде жаңа нөмір бере отырып және жоғары оң жақ бұрышында«"Телнұсқа" деген жазуы бар лицензияның телнұсқасын береді.


Телнұсқа берілген кезде лицензиат тарих пен мәдениет ескерткіштерінде археологиялық және (немесе) ғылыми-қалпына келтіру жұмыстарын жүзеге асыру жөніндегі қызметпен айналысу құқығы үшін бюджетке Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген тәртіппен және мөлшерде лицензиялық алым төлейді.


Жоғалған, бөлінген бланкілер лицензиат лицензиарға жазбаша өтініш (лицензияның жоғалған, бүлінген фактісін растайтын құжаттармен қоса) берген күннен бастап жарамсыз деп саналады.


Лицензияның телнұсқаларын беру және лицензиат жоғалтқан, бүлдірген лицензиялардың бланкілерін жарамсыз деп тану туралы шешімдер лицензиардың бұйрығымен ресімделеді.



13. Лицензиаттың тегі, аты, әкесінің аты өзгерген жағдайда ол отыз күнтізбелік күн ішінде көрсетілген мәліметтерді растайтын тиісті құжаттармен қоса, лицензияны қайта ресімдеу туралы өтініш беруге міндетті. Лицензиар лицензиат тиісті жазбаша өтініш берген күннен бастап он жұмыс күні ішінде тиісті бұйрық негізінде лицензияны қайта ресімдейді.



14. Егер:


1) Қазақстан Республикасының заңдарында субъектілердің осы санаты үшін қызмет түрімен айналысуға тыйым салынса;


2) осы Ережеге сәйкес талап етілетін барлық құжат табыс етілмесе. Өтініш беруші көрсетілген кедергілерді жойған кезде өтініш жалпы негіздерде таралады;


3) тарих пен мәдениет ескерткіштерінде археологиялық және (немесе) ғылыми-қалпына келтіру жұмыстарын жүзеге асыру жөніндегі қызметпен айналысу құқығы үшін лицензиялық алым төленбесе;


4) өтініш беруші біліктілік талаптарға сәйкес келмесе;


5) өтініш берушіге қатысты оған тарих пен мәдениет ескерткіштерінде археологиялық және (немесе) ғылыми-қалпына келтіру жұмыстарын жүзеге асыру жөніндегі қызметпен айналысуға тыйым салатын заңды күшіне енген сот үкімі болса, өтініш берушіге лицензия беруден бас тартылуы мүмкін.


15) Лицензия беруден Заңда белгіленген мерзімде бас тартылған жағдайда немесе егер лицензия беруден бас тарту өтініш берушіге негізсіз болып көрінсе, ол Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен бұл іс-әрекеттерге шағымдануға құқылы.



3. Лицензияның қолданылуын тоқтата тұру, тоқтату, одан айыру



16) Лицензияның қолданылуы мынадай жағдайларда:


1) лицензияның берілген мерзімі аяқталғанда;


2) жүзеге асырылуына лицензия берілген іс-әрекеттер толық көлемде жасалғанда;


3) лицензия алып қойылғанда;


4) жеке тұлғаның қызметі тоқтатылғанда, заңды тұлға таратылғанда, бірігу, біріктіру, бөліну немесе қайта құрылу нысанындағы қайта ұйымдастырылуды қоспағанда, заңды тұлға қайта ұйымдастырылғанда;


5) лицензия лицензиарға ерікті түрде қайтарылғанда;


6) лицензияланатындардың тізбесінен тарих пен мәдениет ескерткіштерінде археологиялық және (немесе) ғылыми-қалпына келтіру жұмыстарын жүзеге асыру жөніндегі қызмет алып тасталса тоқтатылады.



17. Лицензияның қолданылуы тоқтатылған кезде лицензиат он жұмыс күні ішінде лицензияны лицензиарға қайтаруға міндетті.



4. Есепке алу және бақылау



18. Лицензиар лицензиаттың Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы заңнамасын сақтауын қамтамасыз етуге бағытталған лицензиялық бақылауды жүзеге асырады.


Лицензиар құзыреті шеңберінде лицензиаттан тиісті құжаттарды тапсыруын талап етуге және бақылау функцияларын орындауы үшін қажетті жазбаша немесе ауызша ақпарат алуға құқылы.



19. Лицензиар тарих пен мәдениет ескерткіштерінде археологиялық және (немесе) ғылыми-қалпына келтіру жұмыстарын жүзеге асыру жөніндегі қызметке берілген, қайта ресімделген, қолданылуы тоқтата тұрылған, жаңартылған және тоқтатылған лицензиялар туралы мәлімет бар лицензиялардың тізілімін жүргізеді.



20. Тізілім тігілетін, нөмірленетін, жауапты тұлғаның қолы қойылатын, уәкілетті органның мөрімен бекітілетін журналды білдіреді. Тізілімдік кітап беттерінің нөмірлері толассыз болып табылады. Қаламмен жазуға, шимайлауға, өшіруге, түзету енгізуге жол берілмейді.



21. Осы Ереженің негізінде берілген лицензиялардың бірыңғай есебін жүргізу үшін лицензиар заңнамада белгіленген тәртіппен лицензиялардың бланкілеріне тапсырыс жасайды. Лицензиялардың бланкілері қатаң бақылаудағы құжаттар болып табылады.


Лицензиялардың бөлінген бланкілерін, сондай-ақ қолданылуы тоқтатылған лицензияларды лицензиар комиссиялық жоюға тиіс.