Мәдени мұра  Ұлттық жобаӨткенді қастерлеу арқылы, болашағымызды баянды етеміз
  • Twitter
  • Facebook
  • Лента на Youtube
 

«Мәдени мұра» Мемлекеттік бағдарламаның қорытындылары

Жошы хан кесенесі

«Мәдени мұра» бағдарламасы бойынша 2007 жылғы іс-шаралар жоспарының орындалуы туралы ақпарат

 

2007-2009 жылдарға арналған «Мәдени мұра» бағдарламасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 10 желтоқсандағы № 1203 қаулысымен бекітілді.

«Мәдени мұра» бағдараламасы ұлттық тарихымыздың тарих және мәдениет, археология, сәулет ескерткіштерінің маңыздыларын қайта жаңғыртуды, қазақ халқының мәдени мұрасын зерттеудің біртұтас жүйесін құруды, ұлттық және әлемдік ғылыми ой-сана, мәдениет және әдебиет баспа серияларын дайындауды көздейді.

Бағдарламаның 2007 жылғы іс-шараларына республикалық бюджеттен 1 873,6 млн. теңге бөлініп, толық игерілді. Оның ішіңде тарих және мәдениет  ескерткіштерін қайта жаңғыртуға 1 381,1 млн. теңге, археологиялық зерттеулерге 106,0 млн. теңге, қолданбалы ғылыми зерттеулерге 123,3 млн. теңге, кітап серияларын шығаруға 262,9 млн. теңге қарастырылған.

2007 жылдың қорытындысы бойынша  аталған бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес төмендегідей бірқатар жұмыстар атқарылды.

І-тарау бойынша:

Қазақстан Республикасы Египет Араб, Сирия Араб Республикаларымен Дамаск қаласында Сұлтан Бейбарыстың кесенесін қайта жаңғырту және Әл-Фараби кесенесі мен этномәдени орталығын салу, Каир қаласында Сұлтан Бейбарыстың мешітін қайта жаңғырту туралы өзара ынтымақтастық келісім жасалды. Қазіргі уақытта Дамаск қаласында Әл-Фараби кесенесі мен этномәдени орталығын салу үшін жер учаскесі бөлініп, бұзылған үйлердің иелеріне төлемақы төленді. Сұлтан Бейбарыстың кесенесі мен мешітін  қайта жаңғырту жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Монғолия Республикасымен қарым-қатынас нәтижесінде Тоныкөк және Теркін ескерткіштерінің көшірмелері Қазақстанға әкелінді.  

Қарағұл, Ботағай кесенелеріне алдын-ала және іздестіру жұмыстары жүргізіліп, консервациялау және қайта жаңарту жұмыстары бойынша жобалық-сметалық құжаттама әзірленді.

Семей қаласындағы екі мұнаралы мешіттің қабырғаларды тазартылып, мұнарасы, күмбезі, терезелері мен есіктері қайта жаңғыртылған.  

Берел обасынан табылған археологиялық алтын бұйымдардың ұсақ бөліктерін жинау, тазарту және олардың паспорттарын құрастыру жұмыстары жүргізілді. Табылған 75 дана археологиялық бұйымдар жаңғыртылды. Олар, ат әбзелдерінің бөліктері және Берел көсемінің табытына арналған ағаштың кесіндісі. Қазіргі таңда музей қорында Берел қорғаны бойынша 290 дана археология құндылықтары тіркелген.  

Ақкесене мұнарасына алдын-ала және іздестіру жұмыстары жүргізіліп, консервациялау және қайта жаңарту жұмыстары бойынша жобалық-сметалық құжаттама әзірленді.

Ақыртас сарай кешенінде уақытша ғимараттарды тұрғызу бойынша дайындық жұмыстары мен Керуен Сарай аумағындағы құмдарға археологиялық тазарту жүргізілді.

Қара қожа мешітіне консервациялау және қайта жаңарту жұмыстары бойынша жобалық-сметалық құжаттама әзірленді.

Бөкей ордасы хан ставкасы кешенінде және Орал қаласындағы алғашқы әскери училищесі ғимаратында жаңа жылыту жүйесі іске қосылып, жарықтандыру жүйесі қосылды. Сыртқы және ішкі есіктер орнатылып,  қабырғаларының сылағы қалпына келтірілді.

Қара Сопы, Молла Қалан, Мақұл Там кесенелерінің құлап қалған кірпіштері зерттеліп, арнайы технологиямен жаңадан әзірленді. Күмбездері, сыртқы және ішкі қабырғалары арнайы әзірленген кірпіштермен толықтай қалпына келтіріліп, фундаменттері күшейтілген. Едендеріне кірпіштер төселген, төбелері тазартылып, су  тұрмайтындай етіліп қайта жабылған.

Қалжан Ахун медресесінің терезелері мен есіктеріндегі кейін салынған кірпіштері бұзылып, терезе және есік блоктары ескі үлгімен жасалды. Кірпіш қабырғалары жылдар бойы жиналған шаң мен құмнан тазартылып, сыртқы қабырғалары сыланды.

Қараман-Ата мазаратының толық өлшем жобасы әзірленіп, аппатты  учаскілерде қолданатын шаралар анықталды. Жұмыс жобалары мен сметалық есептер әзірленді.

Қожа Ахмет Иассауи кесенесінің «Қазандық» күмбезінің ішкі жөндеу жұмыстары аяқталды.

Тұрбат ауылындағы ХIII – ХVI ғғ. сәулет кешенінің  (Ысқақ-Ата кесенесі) алғашқы келбеті қалпына келтіріліп, әрлеу жұмыстары жүргізілді. Аумағы толық абаттандырылды.

Баба ата сарай кешені мен Шаян ауылындағы мешіт-медресесінде ішкі әрлеу және қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілді.

Сайрам қалашығының ескерткіштеріне (Әбдел Азиз Баб,  Қажы Талыға, Миралы Баба кесенелері және Хызыра минареті) алдын-ала іздестіру жұмыстары жүргізіліп, кесенелер мен мұнараларды консервациялау және қайта жаңғырту жұмыстары бойынша жобалық-сметалық құжаттамасы әзірленді. Аумақтарын абаттандыру кестелері жасалды. 

«Абылай хан резиденциясы» кешені толық қалпына келтіріліп пайдалануға берілді.

ІІ-тарау бойынша:

Қазба жоспары бойынша талдау жұмысы жүргізілді, тұрғын жайлар үйлерге топтастырылды, Талғар аулалары үшін жаңалық болған керамикалық поддон – ванна түріндегі санитарлық құрылғылары бар бөлмелер табылды. Ұқсас аналогтары ортағасырлық Отырар аулаларында кездеседі.

Әйнек пен әйнек бұйымдарды өңдеу жұмысы аяқталды: типологиясы  мен классификациясы жасалынып, әйнек өндірісінің технологиялық өлшемдері қалпына келтірілді. Әйнек өңдеу ісі бойынша мақала даярланды және жарияланды.

Осыған ұқсас зерттеулер қыш ыдыстар жиынтығына да жүргізілді. Жергілікті өндірістің және импорт тауарларының технологиялық ерекшеліктері анықталды. Бұл жөнінде ғылыми мақала дайындалып басылымға жіберілді.

Тазалау жұмыстары барысында теңгелер, ат тағасының шегелері, кілттер, құлып сынықтары, пышақтар, тавро табылды.  

Аршылған объектілерді құжаттау істері: фортификация, жоспарлар түсірілімдері, жағдайлар жоспарлары мен сызбаларының нұсқалары да қатар жүргізіліп келеді.

2007 жылғы маусымдағы дала археологиялық жұмыстары аяқталды, ортағасырлық қала мәдениеті урбанизациясы бойынша айырықша материалдар анықталды. Қаланы жоспарлау және салудың жаңа элементтері айқындалды (тас қаланған, жаяу жүргіншіге арналған тротуармен шектелген магистральды және махалла аралық көшелер). Жазба деректердегі қала халқының санитарлы-гигиеналық қамтамасыз етілуінің дамуы және қаланың жақсы жабдықталуы туралы мәліметтер толықтай расталды (тұрғын үйлерде санитарлық-тұрмыстық құрылымдардың болуы).

Қазба жұмыстары барысында Мәдени қабат аршылды және табылған заттар XI-XIII  ғасырларға  жатқызылды.

Кәзіргі уақытта 2007 жылғы маусымдағы қазба материалдарын: керамика, әйнек, металдан (темір, қола, жез) жасалған бұйымдар, сүйектен және тастан жасалған көшірмелер, әшекей бұйымдарын өңдеу жұмыстары жүргізілуде. Бұл - тазалау (механикалық және технологиялық), бұйымдарды консервациялау және реставрациялау, суретін салу, стационарлы жағдайдағы фото, микроқұрылымдық анализдердің жүргізілуі, сондай–ақ металл мен керамикадан жасалған бұйымдардың типологиясы мен классификациясы.

«Ортағасырлық Тальхир қаласы» және Ортағасырлық Тальхирдің құмыра қолөнер кәсібі» атты монографиялардың қолжазбасын аяқтау жұмыстары жоспарлануда.

Жамбыл ауданының Ақтерек ауылына жақын маңда ерте тас дәуірінің жаңа орындары ашылды, Қастек шатқалынан Майбұлақ тұрағының маңайында көмілген тұрақ табылды. Стационарлық жұмыс барысында Қастек тұрағынан табылған тас құралдар Майбұлақ артефактілеріне ұқсас екендігін айта кеткен жөн. Құралдардың ішінде өңделген пластиналар, қырғыштар, тескіштер болды. Әсіресе кейінгі палеолиттік түрдегі нуклеустар өте ұқсас. Тескіштердің болуы бұл жерде алғашқы адамдардың ұзақ уақыттық тұрағы болғандығын көрсетеді.

Алғаш рет Жетісу палеолиті үшін Майбұлақ мәліметтері негізінде Бейлор университетінің (АҚШ) зертханасында абсолюттік уақыттар сериясы алынды: 34970 + 665 жылдан (төменгі дата) және 24330 + 190 жыл (жоғарғы дата).

 «Жартас сурет өнері» жобасына сәйкес Жетісу мен Оңтүстік Қазақстандағы жартас суреттерінің ірі шоғырларында зерттеу жұмыстары жүргізілді. Оңтүстік Қазақстанда Қаратаудың оңтүстік жотасы зерттелді. Арпаөзен және Қойбағардағы ірі ғибадатханалар жаңа методикалық және техникалық деңгейде зерттеліп, археологиялық ескерткіштердің топографиялық сызбалары жасалды және жартас бетіндегі суреттер тіркелді (фототіркеу мүмкін болмаған жағдайда суретке түсіріп, пленкаға көшірілді). Петроглифтердің барлық топтары GPS-ке тіркелді. Қойбағар ғибадатханасында ерте темір ғасыры мен қола дәуірінің үлкен қорымдары табылды. Оңтүстік Қаратауда Боралдай өзенінің аңғарында, Қошқарата қонысында, Жіңгілшек, Тектұрмас, Үшөзен, Бересек шатқалдарында петроглифтердің ірі жаңа шоғырлары зерттелді. Бұл ғибадатханаларда суреттер мен басқа археологиялық ескерткіштер тіркелді, мәліметтердің электронды базасы жасалды. Боралдай және Қошқарата ғиабадханаларының топографиялық жобалары жасалды.

«Қаратаудың жартастағы суреттері» (Кадырбаев М.К., Марьяшев А.Н.) кітабы жаңадан басылып шықты.  «Боралдай Петроглифтері» (Байтанаев Б.А., Потапов С.А) және «Қаратаудың жаңа ашылған петроглифтері» (Байпақов К.М., Марьяшев А.Н.,Байтанаев Б.А.) кітаптары баспаға дайындалды.

Жетісу өңірінде зерттеулер Аңырақай тауларында (Тамғалы, Қарақыр, Серіктас), Асы үстірті мен Ешкіөлмес тауларында жүргізілді. Аңырақай тауларында Қарақыр жотасының петроглифтері тізімге алынып, петроглифтердің барлық шоғырлары көрсетілген тиянақты топографиялық план жасалды. Қарақыр тауларында жүргізілген зерттеулер нәтижесі «Древнее святилище Каракыр» (Потапов С.А., Алматы,2007) кітабында жарияланды. 2007 жылы Ешкіөлмес тауларында бүкіл ғибадатхананың археологиялық картасын жасау мақсатымен археологиялық ескерткіштерді барлау және тіркеу жүргізілді. Петроглифтердің 20 шоғыры, 41 қорым және түрлі кезеңдерге жататын 19 қыстақ ашылды. Зерттеулер жалпы аумағы 40 шаршы км ауданда жүргізілді. Петроглифтерді тізімге алу және оларды толығымен тіркеу жұмыстары басталды. Қазіргі уақытта Ешкіөлмес жотасының археологиялық картасы жасалуда. 2007 жылғы зерттеу жұмыстары нәтижесінде жартас сурет өнерінің ескерткіштерін басқа да археологиялық ескерткіштер: қорымдармен және қыстақтармен қосып қарастыру мүмкіндігі туды. Бұл шаралар жартас суреттері бар ғибадатханалардың этномәдени және шаруашылық-мәдени болмысын анықтауға, петроглифтер арасындағы хронологиялық қабаттарды нақты жіктеуге мүмкіндік береді.

Түрген отрядының дала зерттеулері Түрген шатқалының жоғарғы бөлігі мен Асы үстіртінде жүргізілді. Басты мақсаты берілген микроаумақтың археологиялық ескерткіштерінің толық картасын жасау болды. Мұрағат материалдарын жинау мен қосымша дала зерттеулері нәтижесінде қола дәуірі мен орта ғасырдың 130-дан астам тұрақтары мен обалары табылды. 

Түрген шатқалы мен Асы үстіртінің қола дәуірімен кезеңделетін неғұрлым ерте археологиялық ескерткіштері өзен жағалауларында орналасқан. Барлығы қола дәуірінің 4 елді мекені табылды. Заттай материалдар ретінде керамика, жануар сүйектері және қоладан жасалған  бұйымдар табылды. Бүгінгі күні бұл микроаумақта 6 оба бар деп есептеледі.

Түрген шатқалы мен Асы үстірті ескерткіштерінің көп бөлігін ерте темір дәуірінің обалары құрайды. Олар негізінен өзен және бұлақ жағалауларында орналасқан.  Жерлеу камералары ағаш шегендер түрінде болды. Заттай материалдар керамика, қола, сүйек және

Ортағасырлық ескерткіштері қорғандар мен түріктердің ғұрыптық қоршауларынан тұрады. Барлығы түрік кезеңнің 5 обасы табылды. Дегенмен олар бұдан айтарлықтай көп болуы керек. Қола дәуірінің 14 қоршауы зерттелді, олардан шамамен 15 жерлеу орны мен құрбандық орны айқындалды. Оба көп қабатты болғандықтан ондағы жерлеулер қола дәуірінің әртүрлі сатыларында жүргізілген. 

2007 жылғы зерттеулер нәтижесінде Түрген шатқалының археологиялық кешендерінің толық картасы құрастырылды. Ежелгі малшылардың шаруашылық-мәдени типінің ерекшеліктері айқындалды, қола дәуірі және ерте темір ғасырындағы ежелгі тұрғындардың діни-әлемге көзқарастық  түсінігі және жерлеу салт-дәстүрлері туралы жаңа мәліметтер алынды. Ескерткіштерді картаға түсіру Іле Алатауы биік таулы аймағының қола дәуірінен орта ғасырға дейінгі табиғи-климаттық өзгерістерге байланысты мал шаруашылығының динамикасын қайта қалпына келтіруге мүмкіндік берді.

Ой-Жайлау жайылымы (Жамбыл облысы, Шу-Іле Алатауы) түрік ескерткіштерін зерттеу бағдарламасы бойынша ескерткіштерді анықтау және фиксациялау және Кендіктас тауының археологиялық картасын жасау жұмыстары жүргізілді. Микроауданда 82 ескерткішпен қоса 240 тан астам объект зерттелді, олардың бір бөлігі қайтадан куәландырылса, ескерткіштің кей бөліктері алғаш рет анықталды.Объектілер әртүрлі формадағы қоршаулары мен  тас қаламалары бар қорған типтес құрылыстар, сондай-ақ тасқа салынған суреттер түрінде болып келеді.

Ой-Жайлау VIII обасына қазба түсіріліп онда екеуі шұңқырлармен тоналған 3 тас дуалдан тұратын кешен аршылды. Тоналған дуалдардан ұзындығы 1,5–1,8 м гранит тастардан жасалған балбал тастар табылды. Бір фигураның беті қашау үлгісімен жасалған. Келесі фигура бұрындары белгісіз болған прошлифовка (бетін тегістеу) әдісімен жасалған. Ескерткіштен қолдан жасалған керамикалық ыдыстың құлағы табылды. Археологиялық карта жасаумен қатар археологиялық объектілердің анықталған типологиялық белгілерін өңдеу және өзара хронологиялық кешендерге бірігетін әртүрлі типті ескерткіштер арасында байланысты іздеу жұмыстары қатар жүргізілуде.

 

2007 жылғы далалық маусым барысында Қарлұқ жабғуларының ортағасырлық астанасының мәдениетін зерттеу екі нысанда жүргізілді.

Бірінші қазба, ауданы 100 шаршы метрді құрайтын, орталық зал мен шаруашылық бөлмелерден тұратын үлкен тұрғын жайды анықтап берді. Бөлменің интерьерінде кені бар сыпа және, тиісінше, үйді жылытатын бірнеше тандырлар болды.

Екінші қазбада өрттен қираған ғимараттың оңтүстік-батыс бөлігіндегі төрт бөлменің қалдықтары аршылды. Құрылыстың қоғамдық ғимарат екендігі даусыз. Бөлмелердің көлемі 10,7х3,3 м, оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа қарай созыла, бір-біріне параллел орналасқан. Бөлмелердің ішкі қабырғаларының қалыңдығы 1,3 м, сыртқылары - 1,33 м. Құрылыстың қасбеті оңтүстік-шығысқа қараған. Ғимараттың кірісін шығыңқы портал-пештак айқындап тұрған болу керек.

Қосымша Бақалы 2 қалажұртын зерттеу, барлау жұмыстары, будда ғибадатханасын консервациялау, Қаялық шахристанындағы төрткүлді қазу жүргізілді.

2007 жылғы далалық маусымда сарай кешенінің сәулет құрылысының ерекшеліктері анықталып зерттелді. Сарайдың алдында кірпішпен қоршалған алаң орналасқан. Көлемі 30х20 м Сарай ғимараты жабық кешенді білдіреді, бұл жерде белгілі бір беделді қызмет істеген адамдар тұрған.

2007 жылы Қызыл Ұйық ғибадатханасындағы зерттеулердің төртінші маусымдық жұмыстары жүргізілді. Зерттеу алдын-ала ойластырылған әдіске сай жүргізіліп, фотосы мен сызбалары жасалынды.

Зиярат орны мен кесене қабырғасының ішін топырақ пен ұлутас плиталармен ретсіз толтыру осы өлкедегі көне заманнан бергі келе жатқан құрылыс салты болса керек. Есіктің екі қабырғалары қаланған, төбесі арқа тәрізді. Тек сыртқа шығу бөлігі сақталмаған. Іші төрт метр биіктікке дейін түзу қаланып, одан кейін күмбез қабырғасына ұласқандығы, сыртының дөңгелек пішінді екендігі анықталды.

Шығыс Қазақстан облысы Қатон қарағай ауданының Берел елді мекенінің маңында орналасқан Берел қорымында археологиялық зерттеу жұмыстары жалғастырылды. Қорымда № 72, 73, 74 деп белгіленген обалар қазылып, зерттелді. Сыртқы көлемдері бойынша бұл обаларды орта буынды жерлеу ескерткіштеріне жатқызуға болады. Қарастырылып отырған обалар осы қорымның жалпы сызбасына енбеген, себебі олар бір қабат шымның астында қалған. Сонымен қатар олар ертеректе қазылған және б.з.б. ІV-ІІІ ғғ. мерзімделетін ерекше деректерді берген үлкен обалармен бір тізбекте орналасқан (№№ 9, 10, 11). Зерттелген обалардың сыртқы пішіндері әр түрлі: №72 – сопақ пішінді, диаметрі 14х13 м. болған тас үйіндісінің ұзын сызығы солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай созылған. Қалған екі обаның тас үйінділері дөңгелек, орташа көлемдері 8-10 м. Ал тас үйінділерінің құрылысы болса бірдей: негіздері тас плиталардан өрілген үйіндінің бетін ұсақ қиыршық тастар мен өзен тастарымен жапқан. Қабір шұңқырының үстінде тас қабаты мүлдем қойылмаған, немесе тонаушылардың әрекетімен бүлінген, бірақ шұңқырды айландыра қоршаған тас құрылыс бар. үйіндіні айналдыра жалпақ плиталардан крепида орнатылған. Қабір шұңқырлары төртбұрыш тәріздес, солтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа бағытталған.  Олардың ішінде ағаштан жасалған қиманың қалдықтары және оның бетіне жабылған тас плиталары табылды. Қабір шұңқырының солтүстік-шығыс бөлігінде адам жерленген, бірақ ол үш оба да тоналған. Қабірлердің оңтүстік-батыс бөлігінде төрт аяғы бүгіліп іштерімен қойылған жылқылар жерленген. Сонымен қатар жылқы мен жерленген адамның ортасынан ұсақ малдың сүйектері және темір пышақтың қалдықтары табылды. Жерленген адамдардың жанынан қыш құмыра, сүйектен жасалған жебенің ұштары, қорамсақтың ілгегі, темір чекан, темір қанжардың қалдықтары, ал жылқылармен бірге сүйектен жасалған тоғалар және қола ауыздықтар мен жүгеннің кейбір ағаш әшекейлері табылды. Жоғарыда қарастырылған обаларды сыртқы құрылысы мен жерлеу ғұрпына негізделіп пазырық археологиялық мәдениетіне жатқызуға болады. Ал табылған заттары мен обалардың көлеміне сүйене отырып, бұл жерде б.з.б. ІV-ІІІ ғғ. өмір сүрген қарапайым жауынгерлер жерленген деген тұжырым жасауға болады.

Кешенді археологиялық экспедицияның негізгі зерттеу бағыты Шілікті даласында орналасқан «патша обаларының» нақты жобасын жасауға, архитектуралық құрылымын анықтауға және ескерткіштер айналасында орналасқан ғұрыптық орындар мен бірге тау бөктерлерінде орналасқан сол замандарға тән қоныс орындары мен тастағы таңбаларды (петроглифтер) зерттеуге ашуға негізделді.

Шілікті 2 № 2 қорғанның және Шілікті 2 № 4 қорғанның жаңа қазба жұмыстары жалғасын тапты. Шілікті 2 № 2 қорғаннының құрылысы  топырақ пен қиыршық құмнан үйіліп, сыртына тас шеңбер орнатылған. Ішкі қабір құрылысы өте үлкен емес жартылай жер үсті құрылысына жататын ағаш қабірханадан тұрады. Негізгі қабірхана жер бетінде орналасқан.  Құрылыс салыну жағынан Бәйге төбеге ұқсас. Қорғандағы дромостың орналасуы мен қабірхананың тұрғызылуында өзіндік ұқсастықтары білінеді. Адам сүйегі жер бетінен жарты метрдей тереңдікке қойылып, үстіне қабірхана тұрғызылған. 

№ 4 қорғандағы қазба жұмысы кезінде адам сүйегі табылды. Адам сүйегі басын ООБ қарата екі тізесін бүккен күйінде оң иығымен қырынан жатқызылған. Адам сүйегімен бірге сүйектен жасалған төрт қырлы тесігі бар амулет және белінің тұсынан темір айылбас табылды. Бұл адам сүйегін жерлеу дәстүріне және бірге жерлеген заттарына қарай темір дәуірінің алғашқы ширегіне жатқыздық. Адам сүйектерімен бірге жекелеген заттар, қыш ыдыс сынықтары, темір қалдықтары да кездесті.

Қазіргі уақытта осы зерттеулер нәтижесінде зертханалық жұмыстар атқарылуда.  Биылғы зерттеулер жөнінде облыстық , аудандық мерзімді басылымдарда қысқаша мағлұматтар берілді.

Ортағасырлық Ақтөбе қаласында археологиялық қазба жұмыстары жүргізілді. Ортағасырлық қаланы қоршаған сыртқы қабырғаларымен қатар аудандас жатқан тарихи елді мекендер аэрофотоға түсірілді. Цитадельдегі орталық сарай алаңы тазартылып, оңтүстік-шығыс жағынан кіретін қақпаның орны ашылды. Шахристандағы аяқталмай қалған қарахан дәуіріндегі мешіт мұнараларының орны қазылып, көлемі анықталды. Қала  аумағында орналасқан төбелердің бірінен (ұзындығы 12,3 м, ені 5,5 м) ХІ-ХІІ ғасырларға жататын шарапхана орны толық зерттелді.

Шу өзенінің алқабында орын тепкен Мерке түріктік мәдени кешені Жамбыл облысындағы Мерке ауданының территориясында, Мерке ауылынан оңтүстікке қарай 18 км жерде, Қырғыз Алатауының солтүстік – батыс бөлігіндегі биік таулы альпі шалғынды белдеуде орналасқан. Бағдарлама шеңберінде Мерке ғибадатханасы, Қарақыстақ шатқалындағы Қарақыстақ 1 мемориалды кешенінің № 2, 3 қорғандарына археологиялық зерттеу жұмыстары жүргізілді. Қорғандарды тазалау жұмыстарынан кейін қорғандардың етегін айналдыра тас үйіндіден тұратындығы анықталды.

Топырақ үйіндісінің астынан, сол кездегі жер бетінің деңгейіне жеткенде беті лаймен сыланған қабір шұңқырының нобайы көрінді. Қабір шұңқырының ұзындығы 2,5 м, ені 1,1 м, тереңдігі 1,2 м. Қабір шұңқырынан әр жерде шашылған күйдегі бір адамның сүйектері мен қыш ыдыс сынықтары, мал сүйектері шықты. № 3 қорған № 2 қорғанмен қатар орналасқан. Қорған үйіндісі топырақтан үйіліп, үйінді сырты тастармен жабылған. Тазалау жұмыстарынан кейінгі қорған үйіндісінің биіктігі 0,5 м, диаметрі 9,3х7,7 м. Тазалау барысында қорғанның төбесінен тонаушылықтың ізі секілді тастардың шашыраңқы, төбесінің ойылып қазылғандығы анықталды. Қабір шұңқырын қазу барысында шығыс жақ бөлігінен қабір шұңқырының түбіне жеткенге дейін тастар аралас шығып отырды. Қабір шұңқырының ұзындығы 2,2 м, ені 0,9 м, тереңдігі 0,8 м. Қорғаннан адамның бірнеше омыртқа және қабырға сүйектері, қыш ыдыс сынықтары мен мал сүйектері шықты. Қорғандар қайта қалпына келтірілді.

Қарақыстақ шатқалындағы Абайсай сайында орналасқан петроглифтер тобына барлау жұмыстары жүргізілді. Мәдени мұраны сақтау бойынша кешенді ғылыми жұмыс барысында Қарақыстақ 1 мемориалды кешеніне кіретін культтік құрылыстың және Сандық үстіртіндегі тас мүсінді ғұрыптық құрылыстың тас мүсіндері қайта орнына орнатылып, құрылыс қайта қалпына келтірілді.

Түздік археологиялық зерттеу жұмыстарының нәтижесінде алынған материалдармен камералық жұмыстар жүргізілді. Графикалық иллюстрациялар, фотолар жасалынды. Иллюстративті материалдар компьютерлік өңдеуден өткізіліп, дерек көздеріне байланысты киелі жерлер картаға түсірілді.

Шу өзенінің алқабында орналасқан Жайсан түріктік мәдени кешені Жамбыл облысындағы Шу ауданына қарасты Д.А. Қонаев атындағы ауылдың солтүстік - шығысында 40 км жерде, Кіндіктас тауларының солтүстік – батыс беткейлерінің  етегіндегі ойпаң далада орналасқан. Жайсан ғибадатханасында бағдарламаға сәйкес археологиялық қазба жұмысы Жайсан 27 культтік-мемориалды кешенінің Теректі 1 тобында орналасқан қорғандарға жүргізілді. Бірінші қорғанның диаметрі 11 м, биіктігі 85 см. Географиялық координаты: С. 43.39.606, Ш. 074.19.297. Қорғанды тең жартысынан кесіп, қима салу арқылы қабір орны анықталды. Мәйітті солтүстік-шығысқа қарай бағыттап жерлеген. Жерлеу камерасының ұзындығы 1,9 м, ені 95 см. Қорғаннан темір сынықтары және адамның кейбір сүйектері ғана шықты. № 2 қорған да осындай әдіспен қазылды. Диаметрі оңтүстіктен солтүстікке 10 м, шығыстан батысқа 9,6 м құрайды. Қорғанның көлемі шағын болғанымен басқа қорғандардан айырмашылығы жоқ, солтүстік-шығыс жақ бетінің 1,5 м аумағындағы тастары алынған. Қима салу арқылы қабір орны анықталды. Қабір  шұңқырының ұзындығы 1,8 м, ені 1,1 м. 85 см тереңдікте мәйіттің басын солтүстік-шығысқа қарата жерлеген, қабірдің оңтүстік жақ бөлігінен адамның аяқ сүйектері шықты. Қорғандар қайта қалпына келтірілді. Мұндай күрделі етіп соғылған қорғандар Шу өңірінде сирек кездесетін қорғандар түріне жатады.

Арнайы жүргізілген барлау жұмыстары нәтижесінде, төменгі Теректі сайын жағалай біткен жартас беттерінде бірнеше петроглифтер тобы, таңбалар анықталды. Онда бейнеленген бұғылар, топтаса салынған таутекелер үйірі және сол дәуірдегі адамдардың аң аулау сәттері тамаша суреттелген. Сонымен қатар, ғибадатхананың солтүстік-шығыс жағын алып жатқан Аламан тауының етегінде орналасқан тас мүсінді ғұрыптық қоршаулар тобы тіркелді.  Аламан 3 ғұрыптық құрылыстарындағы тас мүсіндер әртүрлілігімен ерекшеленеді. Мүсіндердің бірінде бел тұсында белдікке параллель ілінген қанжары және арқа тұсында тарам - тарам етіп өрілген шаштары бейнеленген. № 2 тас мүсінде мұртты ер адам бейнеленген. Үшінші тас мүсіннің тек бас бөлігі ғана сақталған. Мүсіннің миндаль үлгісіндегі көздері, доғал келген қасына жалғасқан тік мұрыны бейнеленген.

2006-2007 жылдардағы жұмыстар кезінде Ақыртам кешеніне жапсарлас территорияда барлау жұмыстары жүргізілді. Сарайдан шығысқа қарай 3,2 км жерде XIX – XX ғғ. жататын қазақ мекені; оңтүстікте, Қырғыз Алатауының етегінде, ертетемір ғасырына жататын 40-тан астам обалар табылды. Тоқсансай бұлақтары маңында сарай мен маңындағы құрылыстарды сумен қамтамасыз еткен ортағасырлық су құбырының іздері бар. Кешеннің батыс шекарасын орташа көлемдегі үш обадан тұратын зират айқындайды. Зират «сарай кешенінен» 3 км қашықтықта орналасқан. Жоғарыда аталған ескерткіштердің бәрін қорғау аумағын анықтау үшін бір топқа біріктіруге болады.

2007 жылы дала зерттеулерінің нәтижесінде Қырық оба қорымында табылған заттай материалдардың ішінде импорттық тегі бар сауыттар, шыныдан және металлдан жасалған әшекейлер, еңбек құралдары және абыздық атрибутикасы, аң нақышында орындалған көптеген бұйымдар жайлы айта кеткен жөн. 

Табылған заттар коллекциясы қоладан, темірден, алтыннан, тастан, шыныдан және сүйектен жасалған бұйымдардан тұрады. Жалпы айтқанда,  құрал-жабдық  б.д.д. VI-IV ғғ. Еуразия далалық белдеуіндегі ескерткіштерімен ұқсас келеді. Керамика асханалық және салт-жоралық ыдыстардың қалдықтары, құмыралар, қолдан және қыш шеңберінде жасалған хумчамен және бөлмеге хош иіс шығаратын аспаптар бар.

Үстіміздегі жылы Шірік рабат қалашығында бес нысанға қазба жұмыстары жүргізілді. Атап өтсек «храм» (2-нысан), тұрғын үйде (4-нысан) зерттеу жұмыстары жалғасты және үш жаңа нысандарға (6,7,8) қазба жұмыстары жүргізілді. Шірік рабат қалашығының солтүстік бөлігіндегі «Храмда» 4 м тереңдікте ашылған жерлеу камерасына енетін ені 3 м, ұзындығы 2,5 м дәліз іші ашылды. Одан адам, мал сүйектері және күл қалдықтары шықса, ал жерлеу камерасының сырт жағынан ІХ-ХІ ғғ. жерленген адамның екі қабірі табылды.

Тұрғын үй (4-нысан), Шірік рабат қалашығының оңтүстік батыс бөлігінде.  Былтырғы жұмысты жалғастыру барысында тұрғын үйдің қалған оңтүстік-батыс секторын қазып зерттегенде бірімен-бірі жалғасып жатқан бес бөлменің орны ашылды. Бөлмелерден қыш-құмыра сынықтары мен ошақ орны табылды. Үй-жай табылған заттарға қарағанда ІХ-ХІ ғғ. салынған.

6-нысан. Көлемі 16 х 16 м қазба салғанда пішіні шаршы, қабырғасының  қалыңдығы 4-4,5 м болатын қандай да бір құрылыс Шірік рабат қалашығының орталық бөлігінде орналасқан. Құрылыс қабырғалары көлемі 47-60 х 30-35 х 8-10 см қам кесектерден өрілген. Ортасындағы жерлеу камерасының ішінен керамика сынықтары, қызыл бояумен боялған ағаш баған бөлшектері, сары металдан жасалған бұйым табылды. Салынған мерзімі б. з. д. ІІ-ІV ғғ.

Ескерткіштің оңтүстік-шығыс жағындағы кішігірім төбешіктер үстіне (7-нысан) салынғанаумағы 9 х 9 м болатын қазбадан ерте ортағасырларда жасалған қыш ыдыстың, ретсіз жатқан күйдірілген кірпіштің сынықтары және ұсақ малдың сүйектері табылды. Табылған заттарға қарағанда бұл нысан тұрғын үй болғанға ұқсайды. Қазба жұмысы келесі жылға қалдырылды.

Шірік рабат қалашығының сыртқы қорғанының мерзімін және тәсілдерін анықтау мақсатында салынған қазба (8-нысан) оның үш кезеңде үш түрлі тәсілмен салынғанын көрсетеді. Сонымен қатар қаланың электрондық тахометрмен жобасын салу жұмыстары аяқталды. 15 000 нүктелерді қамтыған бұл жоба ескерткіштің қазіргі ең дәл нұсқасы болып табылады.

Қазба кезінде нысандардың миллиметровкадағы жоспары салынып, табылған бұйымдар жуылып, тазаланып, шифрланды және фотоға түсірілді. Қазір камералдық зерттеулер жүріп жатыр. Табылған адам сүйектері антропологиялық зертханаға берілді.

 «Ежелгі Жанкент қаласының археологиялых зерттеулері» тақырыбының есеп кезеңі барысында бір қатар жұмыстар атқарылды.

2007 жылғы күнтізбелік жұмыс жоспарына сәйкес дала зерттеулері жүргізілді. Археологиялық экспедициясың басты назары Жанкент цитаделінде объектілерді зерттеуді жалғастыруға, сондай-ақ ежелгі қаланың жоспарлауын, фортификациялық құрылымдарды, құрылыс жүйелілігін зерттеуге бағыттады.

Жұмыс нәтижелерінің ең негізгісінің қатарына қала цитаделіндегі оғыз ғибадатханасының ашылуы, бекініс қорғанының салынуындағы бұрын белгісіз ерекшеліктердің көрінісі, сонымен қатар Сырдария оғыздарының түрлі мәдениеттерін көрсететін заттық кешенінің табылуы.

2007 жылғы дала экспедициясы жұмысы барысында табылған заттар арасында көптеген ортағасырлық ыдыс сынықтары, еңбек құралдары, металл мен әйнектен жасалған әшекей бұйымдары, күйдірілген саздан жасалып, оюлармен өрнектелген екі басты қойдың мүсіні кездеседі.

Табылған заттар коллекциясы б.з. І мыңжылдық соңы мен ІІ мыңжылдық  басына сай келеді. Олар: жез тиындар, еңбек құралдары, қоладан жасалған сырға, сақина,  қоңырау, және қапсырмалар. Керамикасы шаруашылық пен ас ыдыстарынан тұрады. Олар: құмыралар, құмандар, пиалалар және де қолмен, гончар дөңгелегінде жасалған дастархандар. Ыдыстардың қиылған толқынды сызықтармен өрнектелуі Қазақстан мен Хорезмнің ортағасырлық қалаларына тән келеді, сонымен қатар Сырдарияның ортағасырлық

Жанкент керамикасында түрлі мәдени дәстүрлердің қосарлануы көрініс табады. Оның себебі жазба деректерімен дәлелденіп отырғандай, оғыздардың этносаяси одақтардың шеңберіндегі өзіндік мәдени шаруашылықтары бар түркі тайпаларының тығыз қатынастарының нәтижесінде болды деп тұжырымдаймыз.

Қазіргі кезде лабораториялық-аналитикалық зерттеулер жүргізілуде. Археологиялық қазба кезінде табылған заттар тазартылып, қайта қалпына келтірілуде. Сонымен қатар сызба және фотосуреттер ретке келтірілуде. Зерттеулер қорытындыланып, ғылыми есеп жазылуда.

 Баланды қала жұртында жүргізілген археологиялық ізденістер барысында аумақтары 48 ш.м. және 16 ш.м. болатын екі жерде қазба жұмыстары жүргізілді.

Аумағы 48 ш.м (6 х 8 м) болатын 1 қазба Баланды қалашығының оңтүстік-шығыс бұрышында жүргізілді. Қазба барысында бекініс қамалының ішкі жағының және батыстан, солтүстік-батыстан бекініс қамалына жанасқан ауланың бөліктері ашылды. Қазба жұмыстары жүргізілген алаңнан үй-жаймен байланыстыратын қандай да бір ғимараттың ізі байқалмайды, қабырғалары кездеспеді. Қазбаның стратиграфиясына қарағанда бекініс қабырғаларын салудың екі кезеңі анықталды. Ең алғашқысы болып ені 2 м, қоңыр түсті пахсадан тұрғызылған қабырға болып саналады. Бұл қабырғада сыртқа шығатын, ені 0,8 м есік болған. Ол ерте антикалық Хорезмнің фортификациялық жүйесінде көп кездесетін конструкциялық элемент. Ескерткіштің I-ші кезеңіне жататын мәдени қабаттар қазбаның

Қазба жұмыстарының нәтижесінде  200-ден аса қыш заттар,  50-ге жуық ыдыс сынықтары табылды. Кешенде (67 %) жапсырмалы жабық түрде жасалған саз, шамот дресва және де күйдірілген гипстен  дайындалған ыдыстар көп. Осындай ыдыстар Шірікрабат кешенінде кездеседі. Осылардың арасында б.д.д. VI-IV ғғ. жататын керамика кездеседі («ахеменид» археология кешені).

 

2007 жылы Арал Асар қала жұртындағы зерттеулер негізгі үш бағытта жүргізілді:

1. Арал-Асар мекенжұртын археологиялық тұрғыдан зерттеу;

2. Кердері 2 кесенесін археологиялық тұрғыдан зерттеу;

3. Арал теңізінің табанын авиатехника көмегімен алдын-ала зерттеу.

Арал-Асар ескерткішінде қазба жұмыстары жүргізілді, ол мекенжұрттың күйреуі туралы қолда бар  мәліметтерді толықтыра түсті.

 

XIV ғ. Кердері 2 кесенесінде мұсылман дәстүрімен жерленген жеті мүрдені зерттеуге көңіл бөлінді. Кесененің архитектуралық ерекшеліктерін анықтау үшін портал бөлігінде бірнеше шурфтар салынды. Соның нәтижесінде портал-пештактың элементері: арка, бұрыштағы мұнаралары, сырланған әшекейлі қыштармен безендірілген қасбеттік қабырғасы жақсы сақталғандығы анықталды. Жерсерігінің түсірген суреттері негізінде жүргізілген барлау жұмыстары барысында алдын-ала негізгі маршруттар жасалды. Осы маршруттар бойынша мотодельтоұшақтың көмегімен 1200-ден астам аэрофотосуреттер түсірілді.

Қоныс үстірттегі Тоқсанбай аңғарында, Маңғыстау облысы Бейнеу ауданына қарасты Тұрыш ауылды мекенінің солтүстік-шығыс бағытта 120 шақырым жерде орналасқан.

2007 жылғы далалық маусымда зерттеулер қоныстың бүкіл аумағында жүргізілді. Сонын ішіндегі ең маңызды зерттеулер оңтүстік-шығыс және батыс беткейлерде, тастан жасалған күрделі тұрғын үй құрлыстары кезігетін жерде жүргізілді. Негізгі назар фотофиксацияға, графикалық-сызу фиксацияға және құралдармен түсірілімге аударылды. Лазерлік теодолитті қолдана отырып қоныстың көлемді жоспарын көрсету үшін үшөлшемді түсірілім жасалды, санды фототехника көмегімен маштабта элементтерді көрсету үшін қималары дайындалды және түсірілді. Бөлме еденіндегі бақан тұрған орын тесіктерінің жоспары мен қималары жасалды. Нүктелердің ен бойымен және көлденең қималары сызылып, кейінен масштабта монтаждалды, лазерлі теодолит көмегімен түрлері көрсетіліп, сызу-қималар жасалды. Тұрғын үй құрылысы мен қоныстың келбетін қалпына келтіру үшін сызбалар дайындалды. Құрылыстардың ерекшіліктері мен шаршылардың жоспарлары түсірілді.

Тоқтауыл тұрағына археологтар үлкен қызығушылық танытуда, өйткені мұнда - мезолит, неолит, энеолит, қола дәуірі сияқты түрлі археологиялық кезеңдердің мәдени қалдықтары орналасқан. Ескерткішті жаңа ғылыми деңгейде зерттеу трассологиялық, радиокарбондық және ЭПР, спора-тозаңды, палеофауналық және т.б. аса қымбат сараптау жұмыстарын жүргізуді талап етеді. Жоспарланған жұмыстарды жүзеге асыру бізге көне замандағы ата-бабаларымыз – алғашқы қауымдық аңшылар мен терімшілердің өмір сүрген ортасын, олардың мал шаруашылығы, металлургия сияқты өндіруші шаруашылыққа көшуін толық көлемде қалпына келтіруге мүмкіндік туғызады.

Қазба орны солтүстік-батыс бағытында жалғастырылды. Тұрақтың 32 шаршы метр көлемі аршылды. Қазба орнының тереңдігі 45-65 см құрайды (қатты шөгінділерге дейін). Мәдени қабат, қазба әдістеріне сай, ұсақ шанышқы құралдары арқылы 5 см қабатымен алынды. Қазба орны теодолит арқылы түсіріліп, стратиграфиялық қабаттар миллиметровкаға салынды. Камералды жағдайда анықталған артефактілер мұқият жуылып, сарапталып, шифрланды.

Тас артефактілерінің жалпы көлемі 4244 дана, оның 476 данасы (11,2%) еңбек құралдарына жатады. Қазба орнының жоғарғы бөлігінде көптеген қыш ыдыстарының сынықтары, ұсақ және мүйізді ірі қара малдың сүйектері анықталды.

Биылғы жылы Айбас Дарасы қорымында кешенді археологиялық қазба жұмыстары жүргізілді. Далалық қазба жұмыстары тек қана қорған қоршауымен ғана шектелген жоқ, сонымен қатар сол кезеңге жататын айналасындағы басқа да жеке орналасқан қоршауларға зерттеу жұмыстары жүргізілді. Жаңа III, IV, V қазба орындарын қосқанда жалпы көлемі 168 шаршы метрді қамтиды, II қазба орнындағы қорған-қоршаудың дәлізі мен тас қоршауы тазартылды. Сонымен бірге өткен жылдарда тазартылған тас қоршаудың құрлысының сызбасы сызылды.

III қазба орнында ашылған тас қоршаудың бір бөлігінен шеңбер тәріздес ірі құрылыс тазартылды. Ішкі жағы тастан қаланған екі қатардан тұратын тас қоршау ішінен құрбандық және еске алу заттары, қыш ыдыс пен мал сұйектері қойылған қабір табылды. Қабірден алтын сырға, қола қапсырма мен қыш материалдар алынды.

Қорған-қоршаудан оңтүстік-шығысқа қарай орналасқан  IV қазба орнының жалпы көлемі 100 шаршы метр. Қазба барысында тазартылған топырақты қабір тоналған және бөлшектелініп қалған адам қаңқа қалдықтары табылды. Заттай материал кездескен жоқ.

V қазба орны ретінде Айбас Дарасы қорымынан шығыс-оңтүстік-шығысқа қарай 150 шаршы метр жерде орналасқан II қоршау тобы таңдалып алынды. Жалпы көлемі 32 шаршы метрді құрайды. Бір ғана тазартылған қоршаудан ыдыс сынықтары мен қола бұйым табылды. Бұл топқа жүргізілетін қазба жұмыстары аяқталған жоқ.

Сонымен биылғы жылы жалпы көлемі 168 шаршы метрді қамтитын III, IV, V қазба орындарына және айналасындағы қоршау топтарына қазба жүргізілді. Нәтижесінде заттай және қыш материалдар алынды, қорған сызбасы толықтырылып, алдағы уақытта қорған құрылысын қайта қалпына кетіру үшін теодолитке және суретке түсірілді. Айбас Дарасы қорымының құрылымы туралы кең көлемді мәлімет алынды.

Биылғы археологиялық қазба жұмыстары негізінен шығыс тұрғын-үй кешенін қамтыды, сонымен қатар батыс және шығыс өндірістік учаскелерінің аралығындағы ашық алаңқай зерттелді. Қазба жүргізілген аймақтың жалпы көлемі 220 шаршы метр.

Бірнеше жыл бойы қазба жұмысы жүргізіліп келе жатқан шығыс тұрғын-үй шеберханасына көбірек көңіл бөлінді. Шығыс металлургиялық шұңқыр мен  оның жанында орналасқан жер үсті пеш орнына зерттеу жұмыстары жалғастырылды. Негізінен биылғы жылы шұңқырлар мен арықтар арқылы жалғасын тауып орталық түтін жолына қосылатын жер үсті пеш орны толығымен зерттелінді.

Шығыс шұңқыр қазіргі жер бетінен 160-170 см тереңдіктегі мәдени қабатына дейін зерттелді. Оңтүстік және оңтүстік-батыс бөлігіндегі қабырғасынан төбесін жапқан саз балшықтың қалдықтары анықталды. Солтүстік-шығыс секторында 150-160 см тереңдікте күйдірілген саз төмпешік тазартылды. Осы төмпешіктің деңгейінен төменге қарай ұсақ мал жақтарының жинағы қойылған. Былтырғы жылы жартылай тазартылған түтін жол құрылысы биылғы жылы толығымен тазартылып, зерттелді. Негізінен шұңқырлар мен арықтар арқылы жалғасқан түтін жолы толығымен шығыс ӨТК-нің ішкі аймағын қамтиды.

Тұрғын-үй  қазаншұңқырының батыс қабырғасының астынғы жағынан созылыңқы сопақша түріндегі шұңқыр  тазартылды. Шұңқырдың шығыс жағы жайпақтай болып келсе, ал батыс бөлігі биік қабырғалы жартылай шеңбер тәріздес болып келген. Шұңқырдың ішіндегі саз қабаты тазартылғанан кейін ыдыс сынықтары кездесетін шиыршық құмды қабаты кездесті.

Қазба жұмыстарының нәтижесінен Талдысай қонысыны б.з.д. ІІ мыңжылдықтардың жартысы - І мыңжылдықтың бас кезінде мыс өндірумен айналысқанын байқауға болады.

Беғазы Дәндібай және Тасмола мәдениеті ескерткіштері. Қарағанды облысы.

Республикалық деңгейде тарихи-мәдени маңызы бар Беғазы қорымы Қарағанды облысы, Ақтоғай ауданының орталығынан оңтүстік-шығысқа қарай 30 шақырым жерде, Қаратал өзенінің оң жағалауында орналасқан. Есепті кезеңде Беғазы қорымындағы ескерткіштердің жекелей нақты сипаттамасы жасалып, аспаптық өлшемдері әзірленді. Қорым құрамында 6 тас кесене, 50 қоршау, 12 ерте темір дәуірінің қорғандары бар екендігі анықталып, оларды сақтау, консервациялау шараларына дайындау мақсатында техникалық мәліметтер алынды.  Қорым төңірегінде барлау жұмыстары кезінде 20-дан астам нысан есепке алынды. Соның ішіндегі Беғазы-3Б қорымына зерттеу жұмыстары жүргізілді. Қорым Беғазы ауылынан 1,3 км солтүстік–солтүстік-шығысқа қарай, Беғазы тауының солтүстік-батыс беткейінде, Қаратал-Беғазы жолының сол жағында орналасқан. Құрамына соңғы қола мен ерте темір дәуірінің ескерткіштері кіреді. Ағымдағы жылы қорым құрамындағы үш нысанға қазба жұмыстары жүргізілді. Қатар орналасқан тікбұрышты формадағы қола дәуірінің екі құрылысына жалпы көлемі 252,5 ш.м. қазба жұмыстары жүргізілді. Қазба жұмыстары кезінде адам қаңқасымен қоса сирек кездесетін қыш ыдыстар алынды. Үйіндісі шеңбер тәріздес болып келген үшінші нысанға жүргізілген қазба жұмыстары барысында толығымен сақталған екі адам қаңқасы мен қола айна табылды. Алынған деректер негізінде қола дәуірінің нысандары бегазы-дәндібай мәдениетінің соңғы ширегімен (б.з.д 9-8 ғғ.) мерзімделсе, ерте темір дәуірінің қорғаны б.з.д. 7-6 ғғ. уақыт аралығына жатады. Қорымдағы жұмыстардың толығымен аяқталмауына байланысты, зерттеу жұмыстары алдағы

Әулиекөл қалашығындағы зерттеулер «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы аясында жүргізілуде.

Бірінші кезеңде жазба дерек көздеріндегі ескерткішті табу мен оның ашылу тарихы жайлы аздаған мағлұматтар, картографиялық деректер, космостүсіру, аэрофото суреттер бойынша алынған мәліметтер жалпыланып, қорытындыланды. Алдыңғы жылдары нысанда жүргізілген жұмыстардың нәтижелері зерттелді.

Келесі кезеңнің міндеті қалашықта қазба жұмыстарын жүргізу болды. Осы мақсатпен ескерткіште 2 қазба жұмысы жүргізілді. № 1 қазба орнында күйдірілген және сазды кірпіштен құрылған діни-мемориалды құрылыстың үйінділері зерттелді. Құрылыс орнының кіре берісі оңтүстікке бағытталған, сызба бойынша құрылымы тік бұрышты, өлшемі 20-12 м және ол 2 бөлмеге бөлінген.

Бірінші бөлме қабырға қалыңдығы 1-1,25 м болатын сегізбұрышты құрылыс, қабырғалардың негізі 0,8-1 м биіктікке дейін сақталған. Екінші бөлменің қалпы тік бұрышты, мұнда 3 қорым зерттелген, оның екеуі еден деңгейінде және біреуі мола шұңқырында орналасқан. Қорымдар исламға дейінгі наным-сенімдердің кейбір белгілерімен қоса мұсылман дәстүрі бойынша көмілген. Олжалар арасында мынадай заттарды атап өтуге болады: ағаштан жасалған моншақтар, қыш ыдыстардың сынықтары мен жартылай құнды тастар, алтынмен қапталған матаның қалдықтары.

Қазу барысында құрылыстың қабырғасын безендірген декоративті жалпақ тастардың сынықтары мен бүтін даналары табылды.

№ 2 қазба орнында шеберхананың қалдықтары зерттелуде. Мұнда қыш ыдыстың сынықтары, күйдірілген пештің қалдықтары, жануарлардың сүйектері және т.б. олжалар табылды. Қыш ыдыс сынықтарының арасында құмыра мен хумның бөліктері және су көтеретін құрылғыларда қолданылған шығыр-ыдыстарының сынықтары аса қызығушылық туғызады.

Археологиялық зерттеулер мен барлаулар ескерткіштің ортағасырлық Шығыс Сарыарқа тайпалары кірген ұлыс билеушісінің жазғы ордасы ретінде қызмет атқарғанын растайды.

Археологиялық олжаларға қарағанда, ескерткіштің өмір сүру уақыты шамамен 13-15 ғғ. жатады. Сарыарқа тарихы бұл кезеңде Көк-Орда (кейбір деректерде Ақ-Орда) мемлекетімен тығыз байланысты екені белгілі. Бұл уақытта мемлекетті Жошы ханның үлкен ұлы Орда Еженннің ұрпақтары билеген.

Бөріжар қорымында  катакомбада жерленген екі қорған зерттелді. Қорғанның тереңдігі қазіргі жер қыртысынан екі метрден төрт метрге дейінгі тереңдікте.  Қазба жұмысы кезінде  жерлеу шұңқырларынан екіден алтыға дейін адам қаңқалары аршылды. Адам қаңқаларымен қатар керамикалық ыдыстар, темір заттар табылды.  Алғашқы мерзімдеуді б.з. ІІ-ІҮ ғғ. деп шамаланды.

Сонымен қатар 2 жер үсті жерлеу құрылысы – ақымда қазба жұмысы жүргізілді. Табылған заттар өте көп емес, өйткені жерлеу орны тоналған.  Ақымның мерзімделуі Ү-ҮІІІ ғғ.

2007 жылы М.О. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік университетінің археологиялық экспедициясы Мемлекеттік «Мәдени-Мұра» бағдарламасы аясында Шымкент қалашығында археологиялық зерттеулерді жалғастырды. Нәтижесінде қалашықтың

Пахсадан тұрғызылған шеңбер тәріздес мұнара қорғаныс дуалынан шығыңқы орналасқан. Мұнара жақсы сақталған. Мұнараның ені 1 м және биіктігі ішкі жағынан 0,9 м, сыртқы жағынан 1,3-1,5 м. Жалпы ішкі бөлігінің диаметрі – 4-5 м шамасында.

Мұнараға екі жерден кірген. Оның бірі оңтүстік шығыс беткейінде, яғни қорғаныс дуалының сырт жағынан, ал екіншісі № 1 бөлменің бойымен жіңішке корридор арқылы жүрген.

Осымен қатар, бөлмелердің еден деңгейінен көптеген керамикалық ыдыстар сынықтары, темірден жасалған бұйымдардың қалдықтары

 

2007 жылғы далалық маусымда Сауран қалажұртының орталық алаңында медресе деп болжанып келген нысанның басым бөлігі аршылды. Медресе жоспарда тікбұрышты, көлемі 31.5х≈28 м, симметриялық аулалық композициялы құрылыс. Екі мұнарамен айқындалған басты есігі солтүстік-батысқа қараған. Алдыңғы бетте екі сегізқырлы бөлмесі бар вестибюль орналасқан. Ол арқылы аулаға, сол жақта орналасқан дәрісхана мен оң жақтағы мешітке өтетін болған. Алайда, мешіт орналасатын орын, өкінішке қарай, түгел бұзылған. Екі айваны бар ауланы айналдыра 16 құжыра салынған. Жоспары бойынша құрылыс, айналасында оқу және тұрғын жайлары орналасқан, кең, ішкі аулалы дәстүрлі құрылыстар түріне жатады.

Сидақ қал жұртында  исламға дейінгі кезеңдердегі әртүрлі кешендер зерттелуде. Қазба кезінде  материалдық мәдениет, қолөнер кәсібін, Сидақ тұрғындарының  аймақаралық байланыстағы жағдайын көрсететін археологиялық материалдар табылды.  Нумизматикалық мәліметтер  және хронологияның шамалау әдісі негізінде сенімді кезеңдеу жасалды. 2007 жылы салттық сарайда қазба жүргізілді.

2007 ж. қазба орнын таңдағанда мына факті ескерілді: Жуантөбе жұртының цитаделі негізінен І, кейде ІІ құрылыс қабаты шамаларында ғана аршылған еді (цитадель жалпы аумағының 40-50%). Цитадельдің солтүстік-шығыс бұрышындағы учаскенің ІІІ қабаты аршуда мол мүмкіндігі бар. Қазба орнымен мұқият танысқанда «арыстан және адам (билеуші)» сюжеті бейнеленген гемма бастырмасы бар күбіжік ернеуінің сынығы табылды.

Цитаделдің солтүстік беткейіндегі шайындыларды тазалағанда үш бөлме аршылды (тұрғын бөлмелерден қалың қабырғамен бөлінген). Олар шаруашылық мақсатта пайдаланылған. тазартылғаннан кейін шаруашылық бөлмелер тегістелген қамал үстінде тұрғандығы анықталды.

Түркістан қаласын зерттеудегі негізгі алдыға қойған мақсат  қала цитаделінің алғашқы орналасқан жерін анықтау болды.  Қазбаның стратиграфиялық мәліметтері, тұрғын үйдің жоғарғы  құрылыс белдеуінің құрылымы және шахристан өмірінің әртүрлі сатыларындағы шаруашылық құрылыстарының  жобалары және де көптеген археологиялық табылған заттар Түркістан қаласының ортағасыр тарихы бойынша  біздің білімімізді толықтырады. Қазбадан алынған керамикалық жинақ бойынша  қаланың өмір сүру уақытын ХҮІ ғасырдың аяғынан ХІХ ғасырдың екінші жартысына дейінгі уақытты қамтитындығын қорыта айтуға болады.

ІІІ-тарау бойынша:

«Қазақ домбырасы: тарихы, музыкалық құрылысы, аккустикалық ерекшеліктері» жобасында домбыра жасаудың дәстүрлері мен технологиялары зерттелді.

«Қазақстанның тарихи-мәдени мұрасы» Алтай аймағындағы қазақтардың халықтық өнерін кешенді зерттеу» жобасын жүзеге асыру барысында Алтай қазақтарының этномәдени өмірін зерттеу бойынша кешенді экспедиция ұйымдастырды. Экспедиция барысында мұрағат-библиографиялық, дала және мұражай материалдарын жинап жүйелендіру, декоративті-қолданбалы өнердің әр түрін прагматикалық суреттеулерін жүргізді.

«Мәдениет дамуының қазіргі заманғы үрдісін зерттеу» жобасын жүзеге асыру нәтижесінде бүгінгі күні отан мәдениетінің сақталу, даму мәселелерін айқындайтын ғылыми мақалалар жинағы шығарылады.

Көшпелілердің мәдени мұрасы проблемалары жөніндегі қазақ ғылыми-зерттеу институты  «Көшпелілердің тарихын, этнографиясын, мәдениетін және өнерін зерделеу жөніндегі қолданбалы және ғылыми зерттеулерді жүргізу» атты және «Алыс шетел қалаларының мұрағаттары мен кітапханаларына ғылыми-зерттеу экспедицияларды ұйымдастыру» атты жобаларды орындады. «Зерттеу тақырыбы бойынша библиография құрастыру; жазба деректер мен ғылыми әдебиеттерді анықтау, жинау және сараптау» тақырыбы бойынша Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің, Астана қаласы Мемлекеттік мұрағатының, Қазақстан Республикасы ұлттық академиялық кітапханасының, Қазақстан Республикасы Президенттік мәдениет орталығының және Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті мұражайының қорларымен жұмыс жүргізді, жұмыс барысында статистикалық жинақтар, құжаттардың көшірмелері және электронды қондырғыштардағы көшірмелер алынды. Астана қаласының Мемлекеттік мұрағатында мемлекеттік ұйымдар мен мекемелердің 50 қорының тізілімдері және журналист Г.П. Перец, қазақтың халық әнін насихаттаушы Т. Түсіпбеков, жазушы-өлкетанушы А.Ф. Дубицкий, журналист М.Х. Хасенов, техника ғылымының кандидаты Л.М. Куперштох және т.б. мәдениет қайраткерлерінің жеке қорлары зерттелді. Президенттік мәдениет орталығында тұрақты экспозиция және Орталықтың қорларындағы материалдар зерделді.

«Мәскеу, Санкт-Петербор, Ташкент қалаларының кітапханаларында, мұражайлары мен мұрағаттарында ғылыми-іздестіру зерттеулерді ұйымдастыру және жүргізу» тақырыбы бойынша жұмыстың мақсатыОрталық Азия картасын зерделеу, қазақтардың, қырғыздардың және қалмақтардың тарихы мен мәдениеті бойынша баспадан шыққан және қолжазба деректерді іздестіру және зерттеу болып табылады. Өткен кезеңдеМәскеу, Санкт-Петербор, Ташкент қалаларының мұрағаттары мен кітапханаларына ғылыми-іздестіру экспедициялар ұйымдастырылып жүргізілді.

Санкт-Петербор қаласындағы Орыс географиялық қоғамының кітапханасында XVII-XIX ғғ. жататын ерекше түсті карталар табылған. Олардың кейбіреулері бүгінгі күнге дейін жарық көрмеген және Орталық Азия көшпенділерінің тарихын зерттеу үшін ерекше ғылыми құндылық болып табылады. Картографтар шетел және орыс авторлары болған, олардың ішінде: Homanno L. «Asize Recentissima Delineztio..Orientis..Noriberg» (ХVІІІ ғасырдың бірінші тоқсаны); Witsen D. «Magnae Tartarize, magni Mogolis Imperii, Iaponize et Chinze. Amstelodami» 1687 немесе 1698 жылы жарық көрген; Strahlenberg P. Nova desoriptio geographiea Tattariae Magnae…Siberiae…(ХVІІІ ғасырдың бірінші тоқсаны); Gussefeld F. «Charted das Russischt Reich und die von den Tatarn…» Nurnberg, 1786; Lotteri T. «Spatiosissimun Imperium Russiae Magnae…» (ХVІІІ ғасырдың екінші жартысы); М Венюков «Азиялық Ресейдің этнографиялық картасы». СПб, 11872 ж. Ресей ғылым академиясы кітапханасында және Санкт-Петербордағы Ресей ғылым академиясы филиалының мұрағатында сканерленген осы және басқа карталарда қазақтардың және қалмақтардың қоныстануы жөнінде ақпарат, елді мекендердің, теңіздердің, өзендердің, көлдердің және таулардың бұрын жоғалған ежелгі географиялық атаулары, жүздердің шекаралары, рулардың атаулары және көрсетілген уақыт шеңберінде олардың Қазақстан бойынша қозғалу бағыттары көрсетілген. Анықталған карталар масштабтардың көрсетілуімен сканерленген кестелер тізімінде келтірілген. Негізінде бұл карталар әскери-топографиялық, этнографиялық сипатта болған және құпия құжаттар ретінде сақталып, зерттеушілер үшін қолжетімсіз болған.

Мазмұнды ақпарат Санкт-Петербордағы Ресей ғылым академиясы филиалының мұрағат қорларында бар. Оның ішінде А.И. Шренк қорын және 157-ші корды атап кетуге болады, мұнда Сібір линейлі казак әскерінің жүздігі Шахматовтың 1841 жылғы 20 қарашадағы қазақ даласындағы ежелгі ғимараттардың қысқаша суреттемесі келтіріледі. ХІХ ғасырдың құнды басылымдары Ресей ғылым академиясы кітапханасының каталогтарында табылған. Табылған мақалалар көшпелілердің мал шаруашылығын, олардың қозғалу бағыттарын және санының динамикасын, дәстүрлі мәдениетін, сенімдерін және тұрмысын зерделейтін зерттеушілердің қызығушылықтарын тудырады. Кейбір басылымдарда Қазақстанның әрбір аймақтарындағы қазақтар санының динамикасын айқындайтын фотоиллюстрациялар, сызбалар және статистикалық мәліметтер бар. Оларда өлке көшпелілерінің табиғи ортасы, қазақтар тұрмысының және мәдениетінің археологиялық ескерткіштері және этнографиялық заттары суреттеледі. Қазақтар мен ойраттардың қарым-қатынастарына қатысты басылымдар табылған, мұнда олардың жерлеу және неке қию рәсімдері, тастардағы жазулар және көшпелілер өмірінің тарихын қалпына келтіру үшін маңызы бар басқа да мәліметтер көрсетілген. ХVІІІ-ХІХ ғғ. авторлары Балқаш және Ыстықкөл көлдерін суреттеген, көшпелілердің фольклоры, эпостары мен мифтерін әнгімелеген. Материалдарды зерттеу нәтижесінде Қазақстан мен бүкіл Орталық Азия кеңістігіндегі көшпелілердің өмірін қалпына келтіру үшін ғылыми қызығушылық тудыратын аса құнды баспа және қолжазба деректері анықталып көшірілді.

«Тарихи орындарды және материалдық мәдениет ескерткіштерін экспедициялық-этнографиялық зерттеу» тақырыбы бойынша 2007 жылдың маусым-желтоқсан айлары аралығында көшпелілердің археология, тарих және этнография ескерткіштерін зерттеу және оларға құжаттарды ресімдеу үрдісі өткізілді. Дала экспедициялары бағыттарының өнделуі, Қазақстанның оңтүстігіндегі ежелгі және кейінгі көшпелілердің тарихы мен мәдениет проблемаларын кешенді түрде зерделеу үшін перспективті болып көрінетін аудандардың зерттелу деңгейі ескеріле отырып, орындалды.

Аумақтардың шаруашылыққа пайдаланылуы, қазіргі жергілікті халықтың ру-тайпалық құрамы, археология және тарих ескерткіштерін дәстүрлі талқылауы бойынша мәлімет жинау мақсатында жергілікті халық арасында сауалнама жүргізілді. Жүргізілген зерттеулер нәтижесінде неолит және қола дәуірінен ХХ ғасыр аралығындағы 240 әр түрлі ескерткіш анықталған. Қазіргі уақытта жиналған мәліметтерді жүйелендіру, археологиялық жинақтардың камералды өндеуі бойынша жұмыстар орындалуда. Ескерткіштердің тізілімдері құрастырылды, индексацияланған фотолардың мұрағаты құрылды, зерттелген аудандар бойынша археологиялық карталардың электрондық нұсқалары әзірленді.

Жиналып өнделген дала материалдары мен тарихи құжаттардың негізінде И.В. Ерофеева басшылық еткен Институттың бір тоб ғылыми қызметкерлерімен (Б.Ж. Әубәкіров, Б.Н. Қалдыбеков, М.М Қаппасов, А.Е. Рогожинский) қазақтар мен жонғарлар арасындағы Аңырақай шайқасына арналып «Аныракайский треугольник: историческая география и история великиго сражения» атты ұжымдық монографиясының қолжазбасы әзірленді. Монографияның жарыққа шығуы 2008 жылдың І тоқсанының соңына жоспарланып отыр.

«Алыс шетелдегі Берлин, Париж қалаларының мұрағаттары мен кітапханаларына ғылыми-зерттеу экспедицияларын ұйымдастыру» жобасы бойынша 2007 жылдың қыркүйегінде «Көшпелілердің мәдени мұрасы проблемалары жөніндегі қазақ ғылыми-зерттеу институты» ЖШС директоры И.В. Ерофеева және Ұлттық кітапхана қызметкерлерінің қатысуымен Париж және Берлин қалаларының мұрағаттары мен кітапханаларына ХVІІ-ХХ ғғ. тарих және этнографиясы бойынша раритеттік басылымдарды анықтау бойынша ғылыми-іздестіру экспедиция өтті.

Бұл елдердегі негізгі зерттеу объектілері болып, аталған қалалардың Ұлттық бұқаралық кітапханалары, Париж қаласындағы шығыс тілдер және өркениет Мемлекеттік кітапханасы және т.б. мекемелер мен мұрағаттар. Басылымдарға шыққан ХVІІ-ХХ ғғ. жазба деректерін, сол уақыттағы еуропалық картографтардың географиялық карталарын, Қазақстан және Орталық Азия тарихы және этнографиясы бойынша жаңаша батыс әдебиетін анықтау бойынша жүргізілген жұмыстар барысында біздің аймақтағы көшпелі халықтың шаруашылық және әлеуметтік-мәдени өмірінің түрлі жақтарын ашатын ХVІІ-ХХ ғғ. жататын 100 астам құнды тарихи деректер табылған. Олардың көбі бүгінгі күнге дейін қазақстандық мамандар үшін белгісіз болып келген. Енді олар біздің елдің интеллектуалды қоғамдастығының игілігі бола алады.

21-23 қараша күндері Алматы қаласында «Әлем өркениетінің дамуына көшпенділердің қосқан үлесі» тақырыбына Халықаралық ғылыми конференциясы өтті.Бұл Көшпелілердің мәдени мұрасы проблемалары жөніндегі қазақ ғылыми-зерттеу институты ұйымдастырған көшпелілердің тарихы мен мәдениет проблемаларына арналған екінші конференция болды. Бұл тақырып бойынша бірінші ғылыми форум 2005 жылдың соңында өтті.

Қазақстан Республикасының Орталық Мемлекеттік мұражайы 8 ғылыми-қолданбалы зерттеулер жүргізді. Олар: 

1. «Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Орталық музейінің этнографиялық  коллекциясы».  Бес томдық каталог.

2. «Қазақтың дәстүрлi этнографиялық категориялары, ұғымдар мен атаулар жүйесi». Үш томдық  ғылыми-қолданбалы зерттеу жұмысы.

3. «Қазақстан Республикасы Орталық Мемлекеттік музей қорындағы сирек  кездесетін қолжазбалар мен басылымдар және шығыстық нумизматика  коллекциясы». Үш томдық каталог. 

4. «Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Орталық музейінің  археологиялық  коллекциясы.  Ерте темір дәуірі. 40 б.т.

5.  «Қазақ халқының тарихи антропологиясы». 40 б.т.

6. «Қазақстандағы музей ісі: қалыптасуы, тәжірибесі,  даму тенденциясы,  мәселелері». 40 б.т.

7. «ХІХ -ХХ ғ. басындағы қазақ халқының рухани өмірі: дін, кітап ісі, білім беру жүйесі (музей  және мұрағат деректері бойынша)».  Екі томдық жинақ.

8. «Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Орталық музейінің фотоқұжаттар коллекциясы. (Тарифи-этнографиялық материалдар).  Каталог. 

Нәтижесінде 2007 жылы сегіз жобаның төртеуі толық аяқталып, төртеуі 2008 жылға қалдырылды.

2007 жылдың соңында төмендегі еңбектер баспаға дайындалды.  

1. «Ерте темір дәуірі көшпелілер мәдениеті  (сақтар, үйсіндер, ғұндар, қаңлылар)». Түрлі-түсті ғылыми-академиялық каталог. (көлемі 70 б.т.); 

2. «Қазақ халқының тарихи антропологиясы». (Монография. 40 б.т.);

3. «Қазақстандағы музей ісі: қалыптасуы, тәжірибесі,  даму тенденциясы, мәселелері». (Монография. 40 б.т.);

4. Қазақтың дәстүрлі киім-кешектері. І- том. Түрлі-түсті ғылыми-академиялық каталог. ( көлемі 80 б.т.);

5. Қазақтың дәстүрлі қару-жарағы. ІІ - том. Түрлі-түсті ғылыми-академиялық каталог. (көлемі 40 б.т.);

6.“Қазақтың дәстүрлi этнографиялық категориялары, ұғымдар мен атаулар жүйесi ” І-том (көлемі  50 б.т.,  А әрпінен К әріптеріне дейінгі бөлік);

  7. «Шығыстық нумизматика  коллекциясы (VI-XXғғ.)». І-том. Түрлі-түсті ғылыми-академиялық каталог.  (көлемі 30 б.т.);

8. «Сирек кездесетін қолжазбалар мен басылымдар (XVI-XX ғғ.)». ІІ-том. Түрлі-түсті ғылыми-академиялық каталог.  ( көлемі 25 б.т.);

9. «Ресейде шыққан Қазақстанға қатысты ҚР Орталық Мемлекеттік музей қорындағы басылымдар (XIX-XX ғғ.)».ІІІ-том. (көлемі 20 б.т.); 

10. «Қазақ халқының  XIX ғ. екінші жартысы  -  ХХ ғ. басындағы  кітап ісі  тарихы бойынша мұрағат материалдары». ( көлемі 40 б.т.).

«Ортағасырлық  «Ботағай» (ХІV ғ.) кесенесін зерттеу бойынша дала экспедициясы ұйымдастырылып, зерттеулердің нәтижелері қазақ халқының мәдениеті мен сәулет өнерінен мол деректер берді.

ІV-тарау бойынша:

2007 жылы «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында «Бабалар сөзі», «Қазақ өнерінің тарихы», «Әлемдік әдебиеттану» «Әлемдік өнертану», «Әлемдік фольклортану», «Әлемдік әдебиет кітапханасы», «Ежелгі дәуірден бүгінгі күнге дейінгі қазақ халқының философиялық мұрасы», «Әлемдік философиялық мұра», «Әбу Насыр Әл Фараби», «Қазақ хандығының тарихы мен мәдениеті жөніндегі Қытай мұрағаттарының құжаттары», «Армян дереккөздеріндегі Қазақстан тарихы», «Қазақтың қолданбалы өнерінің шетелдегі жәдігерлері», «Шоқан Уәлихановтың шығармалары», «Византиялық және ежелгі дүние дереккөздеріндегі ұлы дала», «ХІХ-ХХ ғасырлардағы Түркістан генерал-губернаторлығы қорының мұрағаттық құжаттарындағы Қазақстан тарихы», «Қазақ ұлт-азаттық қозғалысына қатысты құжаттар мен материалдар жинағы XVIII-ХХ ғғ.», «Мұстафа Шоқай шығармалары», «Әдеби жәдігерлер (ескерткіштер)», «Тарих және мәдениет ескерткіштері», «Академик Ә. Х. Марғұланның шығармалары», «Қазақ Алтайының көне қазынасы»,  «V-ХІІ ғасырлардағы Баласағұн қалашығы», «Көне және ортағасырлық Отырар», «Орхон ескерткіштерінің толық атласы», «Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі», «Қазақ тілінің диалектикасы», «Фразеологиялық сөздік», «Балаларға арналған энциклопедиялық әдебиет» сериялары бойынша 43 аталым (1415 баспа табақ) шығарылды, 33 аталым (1415 баспа табақ) өндірісте, 9 аталым (165 баспа табақ) әзірленуде.