Мәдени мұра  Ұлттық жобаӨткенді қастерлеу арқылы, болашағымызды баянды етеміз
  • Twitter
  • Facebook
  • Лента на Youtube
 

«Мәдени мұра» Мемлекеттік бағдарламаның қорытындылары

Жайық қалашығы   (XIII - XIV ғасыр)

2009 - 2011 жж арналған іс-шаралар жоспарының 2011 ж. I жж. орындалуы туралы ақпарат

Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 16 ақпандағы № 158 қаулысымен бекітілген «Мәдени мұра» стратегиялық ұлттық жобасын іске асыру жөніндегі 2009-2011 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары (бұдан әрі – Іс-шаралар жоспары) жүзеге асырылуда.   

 

Іс-шаралар жоспарын жүзеге асыру үшін 2011 жылы республикалық бюджеттен  1748,3 млн. теңге қарастырылып отыр. Оның ішіңде Ұлттық рәміздерді қалыптастыруға 72,2 млн.теңге, Ұлттық тарихи мұраны халықаралық деңгейде насихаттауға 491,4 млн.теңге, Тарихи-мәдени мұраны кешенді зерделеу, жаңа ғылыми жобаларды әзірлеуге 30,5 млн.теңге, Қолданбалы ғылыми зерттеулерге 53,9 млн.теңге, Археологиялық зерттеулер жүргізуге 107,5 млн.теңге, Тарих пен мәдениет  ескерткіштерін қалпына келтіруге 536,5 млн.теңге, Қазақстанның  тарих, археология,  этнография және мәдениет мәселелері бойынша басылымдар сериясын шығаруды жалғастыруға 456,3 млн.теңге.

Ү.ж. I жартыжылдығындаІс-шаралар жоспарына сай төмендегідей бірқатар жұмыстар атқарылды.

 

І-тарау: Ұлттық рәміздерді қалыптастыру тарауы бойыншаКөне Сауран ескерткішінің солтүстік кіреберіс қақпасы мен мұнарасын қалпына келтіру, Шахристанның ортағасырлық басты қақпасы(Ескі Түркістан – Дарбаза – кақпа, жеті Ата – қақпа, Ишан – қақпа) ескерткіштерінде сылақ және ағаш саты орнату, Шығыс Қазақстан облысының  сақ қорғандарынан табылған археологиялық заттарды қалпына келтіру және консервациялау жұмыстары жүргізіліп жатыр.

 

III-тарау: Ұлттық тарихи мұраны халықаралық деңгейде насихаттау мақсатында Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясы «Мәдени мұра» бағдарлама аясында қоғам, өнер және мәдениет қайраткерлері циклы бойынша деректі фильмдерді түсіруде.

Атап айтқанда, бүгінгі таңда режиссер И. Гонопольскийдің «Олжас Сүлейменов» («Тауларды аласартпай, даланы биіктетейік...») және режиссер Б. Нүсіпбекованың «Мәжит Бегалин» атты деректі фильмдері өндіріс кезеңінде болса, «Д. Қонаев», «Т. Рысқұлов» атты деректі фильмдер өндіріске жіберілу алдында тұр.

Ал, сценарий авторы Қ. Сарсенбай, режиссері Т. Ахметовтың «Шәмші Қалдаяқов» атты деректі фильмінің өндірісі 2011 жылдың 15 наурызында аяқталды.

 

Осы тараудаДамаск қаласындағы әл-Фараби тарихи-мәдени орталығы мен кесенесін салу және орталықтың экспозициясын құру жұмыстары іске асырылуда. Қазіргі таңда әл-Фараби кесенесі мен тарихи-мәдени орталығының құрылысы жұмыс кестесіне сәйкес жүргізіліп, осы кезде жалпы объектінің 65% салынды. Орталықтың құрылысы 2011 жылдың желтоқсан айында аяқталады деп жоспарланып отыр. Сонымен бірге, экспозицияның тақырыбы мен экспонаттарды жинақтау, ұйымдастыру жұмыстары жалғасуда.

 Сонымен бірге, Монғолия аумағынан табылған көне түркі  руникалық жазбалары  бар тастардың көшірмелерін қалпына келтіружобасы аясында Монғолияда сақталған тарихи-мәдени құндылықтар сарапталып, Увс аймағының Долодой деген жерде орналасқан қазақ тарихына тікелей қатысы бар екі ұстынның көшірмесін алу ұйғарылды.

Аталған екі ұстынға қатысты зерттеулер зерделеніп, ақпараттар дайындалды. Бұл ұстынның бірінде руникалық, екіншісінде ұйғұр графикасымен жазылған мәтіндер сақталғаны белгілі болды. Үстіміздегі жылдың 18 маусымында осы ұстындардың көшірмесін әзірлеу мақсатында мамандар Монғолияға аттанды.  

  Сондай-ақ, ұлттық мұраны насихаттау мақсатында 2011 жылғы 20-22 сәуір аралығында Астана қаласындағы Қазақстан Республикасы Президенттік мәдениет орталығының концерт залында Әмре Қашаубаев атындағы дәстүрлі орындаушылардың VIII Республикалық байқауы өтті.

Байқауға еліміздің барлық аймағынан 16-35 жас аралығындағы әншілер қатысып, Әмренің және халық әншілерімен композиторларының әндері орындалды.

Бұл мәдени шараның басты мақсаты дарынды жастардың шеберлігін ұштау, қазақ халқының және ұлы даланың өнерлі тұлғасы Әмре Қашаубаевтың әндерін насихаттау. 

IV тарау: Қазақ халқының мәдени мұрасын зерделеудің біртұтас жүйесін жасау

4.1. Тарихи-мәдени мұраны кешенді зерделеу, жаңа ғылыми жобаларды әзірлеу мақсатында тарих және мәдениет ескерткіштерінің жинақтарын, олардың менеджмент-жоспарын әзірлеуге және ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұра тізіміне енгізу мәселелеріне қатысты төмендегідей бірқатар жобалар жүзеге асырылуда.

Ақмола, Ақтөбе және Павлодар  облыстарының тарих және мәдениет ескерткіштерінің жинағын баспаға дайындау жобасы аясында Ақмола, Павлодар облыстарының тарих және мәдениет ескерткіштерінің жинағы шықты, ал  Ақтөбе облысының жинағын әзірлеу бойынша жұмыстар жалғасуда. Бүгінгі таңда, Шалқар, Қобда және Ырғыз аудандарының тарих, сәулет және монументтік ескерткіштеріне арналған 35 мақала, ал Байғанин және Мартұқ аудандарының археология ескерткіштері бойынша 337 мақала дайындалып, кезеңдермен баспаға тапсырылуда. 

 

ЮНЕСКО-ның алдын ала тізіміне енгізілген мәдени және аралас мұра объектілері аумақтарының шекарасы мен күзету аймақтарын айқындау тақырыбы бойыншаежелгі Таразға қатысты мұрағаттық-библиографиялық жұмыстар жүргізіліп, тарихи-қалақұрылысының жоспарын әзірлеу үшін материалдар жиналды. Ежелгі Тараз қаласының тарихи даму кезеңдері анықталды. Бұл материалдар Тараз қаласының аумағының шекарасы мен күзету аймағын айқындау жобасын әзірлеуде пайдаланылады.

Археологиялық ортағасырлық Сауран және ескі Түркістан қалашықтарын сақтау және басқару жөнінде менеджмент-жоспар әзірлеу тақырыбы бойыншагеологиялық және экологиялық ізденістердің бағыттары анықталды. Аталған ескерткіштердің экологиялық жағдайын анықтау мақсатында ауа, су, топырақтың құрамы лабораторияларда сараптама жасалуда.

«Ұлы Жібек жолы» сериялық шекаралық номинациясы бойынша ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұра тізіміне енгізу үшін мәдени мұра объектілерінің құжаттарын әзірлеу тақырыбы бойынша қазақстандық бөліктің белгіленген бағыттарына сәйкес «Ұлы Жібек жолы» сериялық шекаралық номинациясы бойынша ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұра тізімін географиялық-ақпараттық жүйеге енгізу үшін материалдар әзірленуде.   

 

4.2. Қолданбалы ғылыми зерттеулер тарауы бойынша 2011 жылы қазақ халқының және Орталық Азияның көшпелі халықтарының тарихымен, материалдық және рухани мәдениетімен байланысты 7 қолданбалы ғылыми зерттеулері іске асырылуда. Олар мына жобалар:

1. «Көшпенділердің тарихы, этнографиясы, мәдениеті мен өнерін зерделеуге қатысты қолданбалы зерттеулер жүргізу» жоба аясында Алматы, Шығыс Қазақстан және Қарағанды облыстарының тарихи топонимикасы бойынша жазба деректерді жинақтау және талдау жұмыстары жасалып, оларда кездесетін көшпенді қазақтардың халықтық географиялық атаулары мен материалдық ескерткіштері туралы нақты мәліметтер алынды. Көшпенді қазақтардың мәдени мұрасының жылжымайтын материалдық мәдениет нысандарына арналған «Қазақ халқының тарихи-мәдени атласы» атты қолжазбасын дайындау жұмыстары жүргізілді.

2. «Ресей ғылым академиясының ұлы Петр атындағы антропология және этнография музейі (Кунсткамера) қорындағы қазақ тарихи этнографиясына қатысты  коллекция» жоба бойынша  антропология және этнография музейі (Кунсткамера) қорында сақтаулы қазақ мәдениеті мен тұрмыс-тіршілігіне қатысты музейлік сақтам бірліктерін зерттеу, жүйелеу, таңдап екшеу сияқты жұмыстар атқарылды.

3. «ҚР МОМ музей қорларындағы Қазақстан тарихы және мәдениеті бойынша дереккөздер (ХХ ғ. 20-30 жж.)» аттыжобаны жүзеге асыру барысында мамандар Қазақстанның ХХ ғ. 20-30-шы жж. тарихына қатысты фотоқұжат қорындағы барлық музей артефактілерін зерттеу жұмыстарын жүргізді. Жүргізілген ғылыми іріктеу жұмыстары негізінде қордағы картотекалардан 2185 сақтау бірлігі алынып, соған сәйкес олардың тізімі жасалды. 

4. «ҚР мемлекеттік орталық музейі қорындағы ортағасырлық құнды жібек мата. XIII-XIV ғғ. ақсүйектердің сән – салтанат киімінің жаңғыртпасы» жоба шеңберіндеАлматы облысы Шеңгелді ауылы маңынан табылған шамамен ХІІІғ. соңы – ХІVғ. басына жататын Шағатай әулетінің белгісіз ақсүйегі жерленген жерден алынған жібек қиындылары мен музейдің археологиялық коллекцияларында сақталған жібек маталар коллекциясын зерттеу жұмыстары жүргізілді.

5. «Қазақтың  дәстүрлі таңбалау жүйесі (XV-XX ғасырдың I жартысы) : музейлік  деректерді  тарихи-салыстырмалы  талдау» жобасы аясында Қазақтың дәстүрлі таңбалау жүйесібойынша,қазақ халқының негізін құраған барлық ру-тайпалар таңбаларының 112 дана картотекасы дайындалып, таңба-белгілер қоюдың ғылыми тұжырымдарына дәстүрлі этномәдени, археографикалық талдаулары жасалынды. Қазақ ру-тайпаларына байланысты, Қазақ хандығы дәуіріне байланысты тарихи жазба және басқа музейлік деректер жинақталып, ғылыми тұрғыдан жүйеленді. Олардың басты ерекшеліктері мен мерзімдері, қолданыс аясын анықтау жұмыстары жасалды.

6. «Есік обасы және Жетісу сақтарының мәдениеті» жобасы аясында Есік аумағындағы сақ дәуіріне жататын археологиялық ескерткіштерге қатысты материалдар жинақталды. Жетысудың солтүстік-шығыс аймағына 1500 шақырымды құрайтын барлау экспедициясы жасалды. Экспедицияның нәтижесінде 39 жерден ескерткіштер табылып, олардың координаттары анықталды. Есік обасы, Есік I, Байтерек, Түрген,Шұбарат және Мұлалы ескерткіштерінің есептік материалдарымен жұмыс жүргізілуде.  

7. Қазақстан мәдениетін әлемдік кеңістікке және инновациялық процесстерге ықпалдастыру векторы тақырыбы бойынша жұмыс жоспары мен жобаны жүзеге асыруға қатысты материалдар жинақталуда.  

 

4.3. Археологиялық зерттеулер тарауында археологиялық зерттеулер Ақмола облысындағы Бұзоқ, Алматы облысындағы Қойлық, Талғар, Майбұлақ, Оңтүстік Қазақстан облысындағы Түркістан, Сығанақ, Жуантөбе, Сауран, Сидақ, Отырар, Бөріжар,  Шығыс Қазақстан облысындағы Берел, Шілікті, Сарыкөл, Батыс Қазақстан облысындағы Қырық оба, Қарағанды облысындағы Тоқтауыл, Айбас, Кент,  Талдысай, Хан ордасы, Беғазы-Дәндібай, Ақсу-Аюлы, Қызылорда облысындағы Шірік Рабат, Жанкент, Бұланды,  Қостанай облысындағы Ақкөлдегі шибанидтер, Павлодар облысындағы Әулиекөл және т.б. қоныстар  мен  қалашықтырда  жалғасты. Аталған қалашықтар, қоныстар мен обаларда жүргізілген зерттеу жұмыстарына тоқталып өтейік. 

 

Талғар қалашығын зерттеу барысындақыш ыдыстардыжасаудың технологиялық тәсілі мен саз балшықтың құрамын, дайындалған орнын анықтау үшін микроқұрылымдық жәнетемпературалық талдау жүргізілді. Тұрпаттамасы жасалып, жіктелді, кестесі құрастырылды. Ортағасырлық Талхир қаласының қазылған нысанындағы шығыс қақпаның тұрғын орамының батыс жағындағы қабырға дуал мен оның батыс қабырғасына жалғасқан қолөнершілердің сауда дүкеншелерін сақтау жұмыстарын жалғастырудың жобалық жоспары құрастырылып, өңделді.

 

Майбұлақ тұрағын зерттеубойынша экспедиция 2011 жылы өз жұмысын Қарғалы ауылы маңынан табылған Майбұлақ палеолит тұрағын қазудан бастады. 2010 жылғымен салыстырғанда табиғи үдерістің нәтижесінде бұзылған стратиграфиялық қазба шекарасын жаңарту үшін қазба 1,5 метр шығысқа кеңейіп, қазу алаңы 52 шаршы метрді құрады. Қабаттардан өту барысында тас артефактылар жиналды. Зерттеу барысында 3,4-4 метр тереңдіктен 11 артефакты, оның біреуі жылқы тісінің сынығы, болмашы ошақ дақтары және шығыстан батысқа қарай 180 см болатын оттың орны анықталып, ол жерден 9 артефакты жиналды.

 

Берел қорымын зерттеукезінде Пазырық мәдениетінің археологиялық ескерткіштері, яғни Берел қорымына қатысты әдебиеттерге талдау жасалынды. Бұл кезең көшпелі мәдениеттің қалыптасуы, жаңа әлеуметтік-экономикалық қатынастардың пайда болуы, діни мифологиялық түсініктердің өзгеруі.  Берел қорымындағы скиф-сақ мәдениетінің ерте кезеңінің әйгілі бірегей заттарын зерттеу олардың тарихының алғашқы кезеңін, жер үстіне құрылыс салу сабақтастығын зерттеуге мүмкіндік береді.

Шілікті қорымы – Шілікті археологиялық экспедициясы 2011 жылғы қазба жұмыстарын Шығыс Қазақстан облысы, Зайсан ауданы, Шілікті селолық округіне қарасты Тасбастау ауылының солтүстік-шығысына қарай 5 шақырым жердегі Маңырақ тау жотасындағы ескерткіштерді зерттеумен жалғасты. Зерттеу сақ дәуірінің қонысы мен екі шағын обада жүргізілді. Қазба барысында обаның тас үйіндісі арасынан батыс бөліктен қызыл түсті нашар жасалған өрнегі жоқ қыш ыдыс сынықтары кездесті. Обаның ортасынан тастар арасынан 30 см. тереңдіктен адамның қол сүйегі табылды. Қазба жұмыстары аталған зерттеу нысандарында әрі қарай жалғасуда.

Қырықоба қорымын зерттеубарысында алынған археологиялық материалдар зертханалық өңдеуден өткізілді. Қорымнан далалық жұмыс барысында алынған артефактылар, оның ішінде: 7 қола жебе ұшы, тас тақтаның сызбасы алынды, қыш ыдыс пен темір балта қалпына келтірілді және сызылды. Суреттер Photoshop программасында өңделіп, басылымға пайдалануға дайындалды. Қырықоба ІІ қорымын барлық жылдары зерттелінген сызбалық құжаттарының мәліметтік қоры жасалды. Оған кірген заттардың жалпы саны 500-ді құрайды.

Шірік-Рабат қалашығы – Арал маңындағы сақтардың астанасын зерттеу жұмыстарының нәтижесінде негізгі қазба жұмыстарының қорытындысы алынып, заттай деректерге зерттеу жұмыстары жүргізілді.

 

Өткен жылдың қазба жұмыстарынан алты қорымнан табылған бас сүйек қалдықтары мен ерте темір дәуірі ескерткіштерінен шыққан жануарлардың сүйектеріне зерттеу жасалды. Зерттеу жұмыстары Москва қаласындағы ғылыми зерттеу институтының қорында, сондай-ақ Миклухо-Маклай атындағы антропологиялық және этнологиялықинститутында және тарих музейімен Шығыстану музейінің архивтерімен қорында жүргізілді.

 

Жүргізілген зерттеу жұмыстарының қорытындысы ү.ж. сәуір айында Астана қаласында өткен «Марғұлан оқулары-2011 ж.» ғылыми-теориялық конференцияда баяндалды.

 

Бұланды қалашығын зерттеу жұмыстарының нәтижесі бойынша есептер дайындалып, қыш ыдыстар туындылары жүйеге келтірілді.  Табылған керамикаларға структуралық сараптамалар жасалынып, Бұланды қалашығының 2010 жылғы материалдарының құрамы айқындалды. Қазба нысандарының әр бөліктеріне стратиграфиялық жұмыстар жүргізілді.

 

 

Тоқтауыл тұрағын  зерттеу жұмыстары 2011 ж. маусымда басталды.

Қазба тұрақтың биіктеу жерінен, бұлақтың оңтүстік-батысынан жалпы алаңы 40 ш.м. болатын А-З/7-10 және Д-3/11,12 көрсеткішіндегі шаршылар белгіленді. Қазба барысы сандық фотоаппаратпен түсіріліп, материалдар  өңделіп, шифрланды.

 

Айбас-Дарасы қонысын зерттеудің негізгі бағыттары анықталды. Зерттеу үшін біршама маңызы бар Айбас өзенінің сол жағасында орналасқан тас қоршау, шамасы, қорымның мәдени қабатына жататын бөлігі белгіленді. Тахеометриялық түсірілім мен ректификациялық түсірілім негізінде қазба VІІ-нің фотожобалық құрылымы басталды. Ректификация әдісімен орындалған қазбаның фотографиялық жобасы қазбаны бекітуде сызбаны толығымен немесе біртіндеп өзгертуді оңайлатуға мүмкіндік береді. 2004 жылдан бастап қордаланған фотомұрағатты жүйелеу, өңдеу және өңделетін зерттеулер жалғасуда.

 

Талдысай қонысын зерттеу нәтижесінде табылған заттарғазертханалық өңдеу жүргізілді. Алынған жаңа мәліметтер қола дәуірі тайпаларының технологиялық көрінісін анықтайды және нақтылайды.

Талдысай қонысының тас құралдары тұрғындардың кәсібі мен өндірісіне қатысты айтарлықтай көрнекті топтамасы екендігін көрсетті. Трасологиялық талдау нәтижесінде олардың шаруашылық қажеттілік үшін саз балшықты, минералдарды өңдеуге, металлургиялық үдеріске қатысқандығы анықталды.

 

Кент қонысын зерттеу2011 жылы Кент қонысының зиратындағы Тасырбай қорымын зерттеуден басталды.  Жарияланған мәліметтер бойынша ежелгі қала түріндегі – Кент, Мыржық, Шортандыбұлақ, Бұғылы 2 қоныстарының топографиясы зерттелді. Нәтижесінде барлық қоныстар бұлақ суына жақын немесе үлкен емес өзендер мен жылғаларға жақын орналасқандығы анықталды.

 

«Хан ордасы» кешені - Жошы ұлысының астанасын зерттеу жұмыстары ү.ж. далалық маусымда қаланың солтүстік-шығыс бөлігінде орналасқан цитадельде жүргізілуде. Қала цитаделін зерттеудің осы кезеңіндегі қазбаның жалпы алаңы 600 ш.м. құрайды. Қазба №1 цитадельдің оңтүстік-шығыс бөлігінде батыс бағытында кеңейтіліп салынды. Қазба жайылып кеткен диаметрі 9 м., биіктігі 1,1 м. құрайтын цитадельдің оңтүстік-шығыс мұнарасын да қамти жүргізілді. Жұмыс барысында Қазақстанның далалық аймағындағы ортағасырлық қалалардың құрылыс техникасының ерекшелігін, сәулет өнерін, жобалануын ары қарай зерттеу үшін жаңа материалдар алынды. 

Беғазы Дәндібай және Тасмола мәдениетінің ескерткіштерін зерттеу бойынша кейінгі қола дәуірінің жерлеу салты, қоныстық ескерткіштер, элиталы сақ жерлеу орындары зерттеліп, Бұғылы кешені ауданында далалық зерттеулер жүргізілді. Есептік уақытта Бұғылы кешені қазіргі техникалық жағдайдағы құралдармен зерттелді. Алғашқы нәтижелер кешен қанағаттанғысыз жағдайда екендігін көрсетті. Бұғылы 1, 2 мен 3 қорымының, Бұғылы 1 мен 2 қонысының барлық жерінен ескі қазбаның үйінділерінің ізі көрінеді. Шопа өзені арнасының жыл сайынғы тасқыны Бұғылы 2 қонысы мен Бұғылы 2 қорымын шайып кету қаупін тудыруда.

Әулиекөл қалашығын зерттеу нәтижесінде Әулиекөл археологиялық кешенін Қазақстанның далалық аймағындағы ортағасырлық ордалар мен көшпенді қалаларды зерттеу мәселесі қарастырылып, арнайы аналитикалық зерттеулер жүргізілді. Әулиекөл археологиялық кешені бойынша электронды қордағы мәліметтерді мәтіндік мағлұматтармен, видео материалдармен өңдеу, графикалық ақпараттарды кодтау және цифрлау, жүйелеу жұмыстары басталды. 

Бөріжар қорымын зерттеу кезіндеалынған археологиялық материалдар негізінде антикалық және ортағасырлық Оңтүстік Қазақстан тұрғындарының діни табыну өмірін теориялық қалпына келтіру бойынша жұмыстар жүргізілді. Бүгінгі күнге дейінгі бар материалдар жинақталып, талданды. Бөріжар қорымынан 4 обаның аумағы осы маусымда археологиялық зерттеулер жүргізу үшін белгіленді. Обалардың диаметрі 20 м., биіктігі 0,8 м. дейін. Барлық обада үйінділерді алу бойынша жұмыстар басталды.

Жуантөбе қалашығын зерттеужұмыстары2011 жылғы маусымда қалашықтың цитаделінде жалғасты.  Қазба жұмыстары барысында табылған қыш материалдардың ішінде көп мөлшерде құм мен құмша, тар мойынды және кең мойынды су құятын құмыра, көзе, таба, кіші әсем құмыра  сынықтары, ұршық тасы бар. Қоладан жасалған бұйымдардан бастапқы мерзімі VII-VIII ғғ. жататын тиынды жатқызуға болады.

Сауран қалашығын зерттеу жұмыстары қалашықтың орталық қирандысынан табылған материалдарды зертханалық талдаудан басталды. Бөлшек күйінде сақталған көп түсті көркем жалатпа жағылған қыш бұйымдардың 17 бірлігі мен 7 сырсыз ыдыс, көзешіге тәуелді сипоя және сәнді кірпіштердің сынығы өңделді. Темір бұйымдардың жекелеген заттары да зертханалық өңдеуден өтті. Қыш материалдарды қалпына келтіру жұмыстары жүргізілді. Сынық күйінде сақталған бұйымдар өзара желімделді, жоқ бөліктері алғашқы пішінін үлкен дәрежелікте сақтап гипс ерітіндісімен толықтырылып, қалпына келтірілді.

Түркістан қалашығын зерттеу жұмыстары ү.ж.сәуір айында басталды. Қазба жұмыстары Түркістан қаласының Күлтөбе төбесіндегі қазба 2 басталды. Ашылған құрылыс қабаты, жоғарғы құрылыс қабатынан (ЖҚҚ) шаруашылық мақсаттағы бірнеше бөлмелер анықталды. Күлтөбе қаласындағы қазба 2-ден ортасындағы сәулеттік құрылысы жобасында аяғы сопақша крест үлгісіндегі пішін түрінде келген бір діни құрылысты ашу жалғастырылды. Ашылған осы көрнекті діни сәулеттік ескерткіштің бірегей болуы бірқатар әйгілі осыған ұқсас нысандардан белгілі. Оның жобасы мен құрылыстың (крестовина) негізгі параметрлері өз  уақытында Жамбыл облысының Қызылқайнар ескерткішінен ашылған «крестовинаның» параметрлеріне сәйкес келеді.

Отырар қалашығы. Қыш бұйымдар зертханалық талдаудан өтіп, оларды (құмыралар, тегенелер, тостағандар, табақтар) қалпына келтіру бойынша жұмыстар жүргізілді. Өңделген заттар (қыш, металл бұйымдар: тиын, әшекейлердің бөлшегі) жазылып каталогқа кіргізілді. Весидж қаласының цитаделі мен шахристанының оңтүстік-батысындағы қақпаны зерттеу жалғастырылды. Отырар қаласының шахристан аумағында, оңтүстік-батыс жолындағы қазба №5 оңтүстік-батыс бағытында кеңейтілді. Қазбаның жалпы алаңы 30х8,5 м құрайды.

Қазақ хандығының қалаларын (Созақ, Үзгент, Сүткент, Қарнақ, Қарақорым) зерттеу жұмыстары Бұзық қалашығының орта тұсындағы аумағы 150 шаршы метрді (ш/м) алып жатқан төбешіктен басталды. Қазба барысында күйдірілген кірпіштерден тұрғызылған белгісіз ғимараттың орыны ашылды. Ғимараттың батыс қабырғасын тазарту барысында алебастрден жасалған түрлі бұрыштама өрнектердің сынықтары шықты. Қазба әрі қарай жалғасуда, нақты ғылыми тұжырымдаулар кейінгі мәліметтерді тоғыстыру барысында жасалады.

Сығанақ қалашығын зерттеу жұмыстары 2011 жылдың 1 мамырынан басталды. п Қазба жұмыстары қалашықтың солтүстік-батыс бөлігінде 5,5 м терендіктен жүргізілді. Жұмыс барысында көптеген керамика сынықтары ашылып, олардың басым бөлігін кесе мен құты сынықтары құрайды. Кеселердің бояу түстері сары намесе ақшыл көк түсті. Өрнектер сары, қара және қоңыр түсті болып келген. Сонымен қатар, баяусыз ыдыстар сынықтар да бар. Негізінен бұл керамикалық кешенді құты, құмшалар және т.б. ыдыстар құрайды. Бояулы ыдыстар XIII-XIV ғғ. мерзімделеді. Сонымен бірге 20 жуық теңгелер табылды. Зерттеу барысында жұмыс процессы толығымен жазылып, жобалар сызылып, фотофиксациясы жасалды.

Ақкөлдегі шибанилер ставкасы тарихи-мәдени мұрасы нысанында археологиялық зерттеулер ү.ж. жалғасты. Жоба бойынша өткен жылғы маусымдық-далалық жұмыстар барысында табылған заттық дүниелерді камералдық-лабораториялық өңдеулерден өткізу, олардың көшірме бейнелерін қағаз бетіне түсіру, сызу жұмыстары жүргізілді. Зерттеулер нәтижесі Ақкөлдің Жошы ұлысы кезеңінде дала төсіндегі саяси, әрі әкімшілдік орталықтардың бірі болғандығын көрсетеді.

Ақсу Аюлы кешенін зерттеу жұмыстары күнтізбелік жоспарға сәйкес жүргізілді. Өткен жылы табылған материалдар камералдық өңдеуден өтті. Зерттеудің алғашқы жартыжылдығында алынған материалдар негізінде Ақсу Аюлы II қорымы құрылысының архитектуралық ерекшеліктерін анықтау болды. Алынған материалдарды жүйелеу барысында, б.д.д. екі мыңыншы жылдықтың аяғында Қазақстан территориясында шатырлы конструкциялы монументалды құрылыстардың болғандығы жөнінде түйін жасауға болатын ғылыми негіздемелерге қол жеткізілді. Ақсу Аюлы II қорымы мемлекеттіліктің пайда болуы жөнінде айтуға мүмкіндік береді.

Түмкент, Тамды, Тастұмсық ортағасырлық қалаларын зерттеу нәтижесінде табылған археологиялық заттар далалық зертханада өңделуде. Ү.ж. далалық жұмыстар кезінде ортағасырлық Түймекент қаласының жанында археологиялық барлау жұмыстары жүргізіліп, екі топтан тұратын ортағасырлық обалар тобы ашылды және Түймекент қаласы арқылы өткен керуен жолдарының бағыттары, Түймекенттің Талас өңіріндегі, оған жақын орналасқан басқа ортағасырлық қалалармен арадағы байланысы анықтала бастады. 

 

5. Тарих пен мәдениет  ескерткіштерін қалпына келтіру тарауы бойынша қайта жаңғырту жұмыстары 30 объектіде жүргізілуде. Олар Алматы облысында Тамғалы шатқалындағы петроглифтерді консервациялау, Жамбыл Жабаевтың музей-үйін, Атырау облысында Асалы Көкетай кесенесін, Ақтөбе облысында Жаныс Ата (Қызыл Там), Индебай кесенелерін,  Ақмолада Ботағай кесенесін, Шығыс Қазақстанда Зейнолла, Ахмед-Резы медреселерін және Жидебай-Бөрлі кешенін, Жамбылда Ақыртас, Баласағұн сарай кешендерін және Қырбас кесенесін, Батыс Қазақстанда облысы  Бөкей Ордасындағы 1918 жылғы Бірінші қазақ баспасын және Орал қаласындағы Жазалы атамандар үйін, Қызылорда облысында Сығанақ қалашығындағы  орталық мешіт-медресесін, Баланды -2 кесенесін және Ғанибай үйі мен мешітін, Солтүстік Қазақстан облысында Айғанымның үй-жайын, Қарағанды облысында Жұбан Ана кесенесін, Маңғыстауда Омар және Тұр кесенелерін, Оңтүстік Қазақстан облысында Қожа Ахмет Иассауи кесенесін, Көне Сайрам қалашығының сәулет ескерткіштерін (Әбдел-Әзиз-Баб, Талиға Қажы, Мірәлі-Баб кесенелері, Хызыра мұнарасы), Түркістан қаласындағы Абулмамбет ханның резиденциясын, Ибраим Ата, Қарашаш Ана кесенелерін, Шамет-Ишан мешіт-медресесін қалпына келтіру жұмыстары жұмыс кестесіне сәйкес жүріп жатыр.

 

6. Қазақстанның  тарих, археология,  этнография және мәдениет мәселелері бойынша басылымдар сериясын шығаруды жалғастыру тарауы бойынша Байланыс және ақпарат министрлігі ү.ж. І жарты жылдығында келесі жұмыстарды атқарды.

     

    «Мәдени мұра» бағдарламасының аясында жалпы көлемі 3419 шартты-баспа табақтан және 68123 нұсқа таралымнан тұратын 106 аталым бойынша кітаптарды басып шығаруға бөлінген қаржыға «Бабалар сөзі» - қазақ фольклоры, қазақ тілінде 100 томдық (67-76 томдар), «Әлем әдебиеті кітапханасы», қазақ тілінде 100 томдық (10 кітап атауы), «Қазақ әдебиеті классиктерінің шығармаларын шетел тілдеріне аудару және шығару» (13 атау), «Алаш көсемдері» қазақ тілінде 10 томдық (5-10 томдар), «ХVІІІ – ХХ ғ.ғ. Қазақ ұлт-азаттық қозғалысына қатысты құжаттар мен материалдар жинағы» қазақ, орыс тілдерінде (19-21 томдар), «Этникалық зерттеулердегі Қазақстан тарихы» 80 томдық (10-12 томдар), «Қазақстанның тарих пен мәдениет ескерткіштерінің жинағы» 16 томдық, қазақ және орыс тілдерінде (6-7 томдар), «Қазақ философиясы», 3 томдық, ағылшын тілінде, «Монғол қазақтары» қазақ тілінде, «Қытай қазақтары – тарихи этнографиялық зерттеулер», «Ежелгі дүние авторларының шығармаларындағы Қазақстан тарихы», 2 томдық, қазақ тілінде, «Мұхаммед Хайдар Дулатидің Үндістандағы мұрасы мен зираты», «Жарияланбаған құжаттар» (Ватикан құпия мұрағатынан; Франция Сыртқы істер министрлігі Елшілігі мұрағатынан; Франция Ұлттық мұражай құжаттары), қазақ тілінде, «Нобелдік энциклопедия», 11 томдық, қазақ тілінде (1-3 томдар), «Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының тарихы», 2 томдық материалдар мен құжаттар жинағы, қазақ және орыс тілдерінде, «ҚР Мемлекеттік орталық мұражайының сирек кездесетін қолжазбалар, кітаптар мен нумизматикасы» каталогы, «ҚР Мемлекеттік орталық мұражайының археологиялық коллекциялары» каталогы бойынша басылымдар сериясы баспаларда өңделіп, әзірленуде.

    Сонымен бірге, Байланыс және ақпарат министрлігі әлеуетті қамтамасыз етушілердің жоқ болуына байланысты «Мәдени мұра» стратегиялық ұлттық жобасын іске асыру жөніндегі  2009-2011 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарының 125, 142, 147, 148, 151, 152 тармақтары бойынша байқау болмағанын хабарлап отыр.