Мәдени мұра  Ұлттық жобаӨткенді қастерлеу арқылы, болашағымызды баянды етеміз
  • Twitter
  • Facebook
  • Лента на Youtube
 

«Мәдени мұра» Мемлекеттік бағдарламаның қорытындылары

М. Хайдар Дулати ескерткіші

Мемлекеттік «Мәдени мұра» бағдарламасын жүзеге асыру жөніндегі қорытындылар (2011 жылғы IІ жартыжылдық)

2011 жылы «Мәдени мұра» ұлттық жобасын жүзеге асыру аяқталды, ол елдің тарихи-мәдени мұрасын зерттеу, сақтау және қалпына келтіру бойынша тұтас жүйені құруда айтулы жоба болды.

 

 

 

 

Қорытынды жылы теңдесі жоқ жобаның стратегиялық басымдылықтар болып келесілер анықталды:

 

  • Қазақстан тарихымен тікелей байланысты шет елдегілерді де қосқанда, тарих пен мәдениет ескерткіштерін қалпына келтіру;
  • Қазақстан аумағындағы қалашықтар, мекендер, тұрақтар, қорымдар мен қорғандарды археологиялық зерттеу;
  • Қазақ халқының мәдени мұрасын зерттеу аясындағы қолданбалы ғылыми зерттеулер;
  • Гумманитарлық білім негіздерін құру үшін Қазақстан тарихы, археологиясы, этнографиясы және медени мәселелері баойынша кітаптар топтамасын шығару.

 

Ұлттық жобаның аяқталу кезеңі барысында туристік нысандар мен дәстүрлі тауап ету орындары ретінде танылған  көне мешіттерді, мавзолейлерді, тарихи кешендер мен сәулеттік ескерткіштерді қалпына келтіру бойынша кешенді жұмыстар жүргізілді.  Тарихи, археологиялық, және сәулеттік ескерткіштерде (тарихи және көшпенді орталық аумақтарында Ұлы Жібек жолы тас жолында орналасқан қала тұрғызу кешендерін қосқанда) үлкен жұмыс аяқталды.

 

Жалпы есеппен алғанда 2011 жылы жөндеу жұмыстары 30 тарихи және мәдени нысандарда жүргізілді:

  • Ескерткіштерді жөндеу, қалпына келтіру
  • Көне Сауранды (XIII–XVIII ғғ.),
  • Шахристанның ортахасырлық бас қақпалары (ХІV–XVІІІ ғғ.),
  • Талғар (Талхиз) қалашығындағы тарихи және археологиялық нысандарының кешені (X–XV ғғ.),
  • Ақыртас сарай кешені (VII–VIII ғғ.),
  • Баласағұн сарай кешені (VI–VIII ғғ.),
  • Бөкей Ордасының хан тұрағы кешені XIX ғ., 
  • Сығанақ қалашығы орталық мешіт-медресесі (XIII–XVII ғғ.), 
  • Көне Сайрам қалашығының сәулет ескерткіштері - Әбдел-Әзиз-Баб, Қажы Талига, Мирали-Баб мавзолейлері, Хызыра минареті (VI–XVII ғғ.).

 

2011 жылы Сирия астанасында Әль-Фараби тарихи-мәдени орталығы мен мавзолейінің құрылысы аяқталды. Дамаскідегі  бірегей кешен казақ және сирия халықтарының тарихы мен мәдениетіне арналған экспозициялық залдардан, сонымен қатар ұлы ғалым туралы материалдар ұсынылатын арнайы залдан тұрады. Жаңа орталық мешіт, оқу залы бар кітапхана мен Интернет-кафе, конференц-зал, қонақ үйінен тұрады.

 

2011  жылы кең ауқымда археологиялық зерттеулер жүргізілді, олардың арқасында отандық тарихтың белгісіз жәйттері белгілі болды. Мыңдаған құнсыз артефактілер 27 қалашық, қоныс, тұрақ, қорым және қорғандардың аумағында табылған. Ол Ақмола облысындағы Бұзоқ, Алматы облысындағы Қойлық, Талғар, Майбұлақ, Оңтүстік Қазақстан облысындағы Түркістан, Сығанақ, Жуантөбе, Сауран, Сидақ, Отырар, Бөріжар,  Шығыс Қазақстан облысындағы Берел, Шілікті, Сарыкөл, Батыс Қазақстан облысындағы Қырық оба, Қарағанды облысындағы Тоқтауыл, Айбас, Кент,  Талдысай және басқа да нысандар. 

 

Ұлттық мәдениет үшін ерекше орны бар Қазақстанның тарихы,археологиясы және этнографиясы бойынша жеті кешенді ғылыми-қолданбалы зерттеулер аяқталды. Олардың арасында таңбалы деп «Көшпенділердің мәдениеті, өнері, тарихы, археологиясы мен этнографиясын зерттеу», «Қазақстан мәдениетінің әлемдік мәдени кеңістікке ықпалдасу векторлары мен мәдениеттегі инновациялық үдерістер», «Қазақстан Републикасы Орталық мемлекеттік  мұражайының жинағындағы Қазақстаннан шыққан бірегей орта ғасырлық жібек маталары» атауға болады.

 

Сондай-ақ бағдарлама аясында «Қазақ халқының мәдени мұрасын зерттеуді жүйелендіру мен жинақтау». «Мәдени мұра» стратегиялық нәтижелерінің бірі әртүрлі бағыттан тұратын қазақ халықының мәдени мұрасын зерттеу бойынша біртұтас жүйесін құру болып табылады.  ЮНЕСКО-ның алдын ала тізіміне енгізілген мәдени және аралас мұра объектілері аумақтарының шекарасы мен күзету аймақтарын айқындау тақырыбы бойынша нақты жұмыстар қарастырылып, республикалық маңызы бар тарихы мен мәдениетінің бырлық ескерткіштерін нақтылау мен қайта қарау жүргізілуде.

 

Ұлттық жобаның песпективалық жетістіктері қазақстандық ғылымға үлкен үлес қосқан аранайы экспедициялар болды. Зерттеу бағдарламаларының сәттілерінің бірі – Моңғол Халық республикасына бірегей экспедиция. Отандық ғалымдар Дэл-уул, Кара-кату (Эрээн-харганат), Ақ-шоқы, Өртен-бұлак жартастарындағы көне түрік ескерткіштерін зерттеді. Сонымен қатар «Улаан-Керим» аумағында қазақстандық экспедиция көне түрік дәуіріндегі қорғандарды тауып, зерттеді.  Археологиялық қазба жұмыстарын жүргізу кезінде бірегей артефактілер - атқа мінген көне түрік сарбаздарының 90 сұлбасы, үй аспапатары  табылды. Бұндай артефактілердің көне түрік ескерткіштерін зерттеу кезеңінде алғаш рет табылғандығы есте қаларлық. Осыған байланысты қазақстандық рестовраторлар консервациялық жұмыстар жүргізілді. Жалпы моңғол экспедициясы көрші елдің аумағында табылған көне руна жазбаларын жүйеге келтіру мен зерттеу бойынша үлкен жұмыс жасалды.

 

Бағдарламаның перспективалық бөлімі баспа жұмыстарына арналды. «Мәдени мұра» аясында «Қазақстанның тарихы, археологиясы, этнографиясы мен қолөнері» сериясынан, оның ішінде «Бабалар сөзі» он томы, «Алаш көсемсөзі» қаза тілінде 10 томда,  «Әлем әдебиеті кітапханасы» қазақ тілінде, «Қазақ әдебиеті классиктерінің шығармаларын шетел тілдеріне аудару және шығару», «Этникалық зерттеулердегі Қазақстан тарихы», «Қазақстанның тарих пен мәдениет ескерткіштерінің жинағы», «Монғол қазақтары», «Қытай қазақтары – тарихи этнографиялық зерттеулер», «Ежелгі дүние авторларының шығармаларындағы Қазақстан тарихы», «Мұхаммед Хайдар Дулатидің Үндістандағы мұрасы мен зираты», «Жарияланбаған құжаттар» (Ватикан құпия мұрағатынан; Франция Сыртқы істер министрлігі Елшілігі мұрағатынан; Франция Ұлттық мұражай құжаттары) 88 кітаптың атауы жарық көрді.

 

«Мәдени мұраның» арнайы бағыты ұлттық музыка мұрасының қайта өркендеуі мен көпшілікке таратуға арналған. Оның ең үздік іс-шарасы деп Астанада өткен Әмре Қашаубаев атындағы дәстүрлі орындаушылардың Республикалық байқауы атауға баолады.

 

2011 жылы «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру аяқталды, бірақ Қазақстанның мәдени мұрасын сақтау, зерттеу мен жандандыру бойынша жүйелі жұмыстар жалғасуда.