Мәдени мұра  Ұлттық жобаӨткенді қастерлеу арқылы, болашағымызды баянды етеміз
  • Twitter
  • Facebook
  • Лента на Youtube
 

"Мәдени мұра" бағдарламасын жүзеге асыру аясындағы шет елдік жобалар

Айқожа кесенесі   (XVI - XVII ғасыр)

Басты бет - Мемлекеттік бағдарлама - Шетелдік жобалар - Дамаск қаласындағы (Сирия) Әл-Фараби атындағы тарихи-мәдени орталығы

Дамаск қаласындағы (Сирия) Әл-Фараби атындағы тарихи-мәдени орталығы

Ұлы ғалым Әл-Фарабидің мазары Дамаск қаласында зират пен тұрғын үй кешенінің тоғысқан жерінде орналасқан. Тарихи-мәдениорталықтың құрылысы үшін бөлінген жер солтүстігінен және оңтүстігінен қала данғылдарымен шектеулі және осы жолдар кешеннің алдындағы солтүстік және оңтүстік алаңдарын құрайды.

Тарихи-мәдени орталықтың жобасында Дамаск қаласы тұрғын үй кешендерінің әдеттегі призма тәрізді - төртбұрышты қуыстар мен шықпалар, және оған қоса

 

үйлер арасындағы аулаларды көгалдандыру қарастырылған. Осындай әдіс қалыптасқан әдеттерді сақтай отырып және Орталықты астананың құрылымына жарасымды түрде енгізуге мүмкіндік береді.
Орталықтың зират пен тұрғын үй кешені арасында орналастырылуы, кешен сәулетінің мағынасы мен мәніне арнайы маңыз келтірді - бұл бір жағынан мазар, ғалымның соңғы тұрағы және оған қоса, күрделі құрылыс - қазіргі заманның сәулет тілімен айтылған, адамзат ойының жетістіктерінің қалыптасуы болып табылады.

 

 

Орталық - бір жағынан ұлы адамды қабылдаған елге құрмет, оның туған елі мен шыққан тегі туралы ескерткіш болып табылады.
Дамаск қаласындағы (Сирия) Әл-Фараби атындағы тарихи-мәдени орталығы.