Мәдени мұра  Ұлттық жобаӨткенді қастерлеу арқылы, болашағымызды баянды етеміз
  • Twitter
  • Facebook
  • Лента на Youtube
 

"Мәдени мұра" бағдарламасын жүзеге асыру аясындағы шет елдік жобалар

Ямышев қақпасы

Қазақ халқының мәдени мұрасы саласындағышетелдік ғылыми зерттеу

«Мәдени мұра» Мемлекеттік бағдарлама аясында шет елдердегі біршама ескерткіштерді қалпына келтіру жұмыстары жасалды, алыс және жақын шет елдердегі архивтер мен кітап қоймаларына ғылыми экспедициялар көмегімен қазақ халқының мәдени мұрасында тарихи маңызы зор қолжазбалар, құнды басылымдар, архивті құжаттар мен кітаптарды табу мен алу жұмыстары жүргізілуде.

Алыс және жақын шет елдерде – Моңғолия, Ресей, Қытайда – тұратын қазақтардың халық өнерін кешенді зерттеу жүргізілуде. Нәтижесінде тарих, этнография, өнер бойынша 5 мыңнан астам архивті құжаттар табылып, ғылыми айналымға енгізілді. Моңғолияға экспедицияның практикалық нәтижесі VIII ғасырдағы руна жазбалары бар ежелгі түрік тас мүсіндерінің көшірмесін алу болды. Қазіргі кезде Тоныкөк пен Теркин ескерткіштерінің көшірмелері Л.Н.Гумилев атындағы Ұлттық университетінің атриумында орнатылған.