«Қазақстан Республикасы Орталық мемлекеттік музейінің этнографиялық коллекциясы» сериясы бойынша жасалатын каталогқа кіретін қазақ халқының тұрмыс-тіршілігіне қатысты сақтамдарға негізінен ХҮІІІ-ХХ ғғ. аралығын қамтитын құндылықтар енді. Олар дәстүрлі киім-кешек, қару-жарақтар, саз аспаптары, сәндік әшекей бұйымдары, баспана – киіз үй, оның ішкі жиһазы, мүкәмалдары мен ыдыс-аяқтары қамтылды. Оларды зерттеу насихаттау, дәріптеу ісі, дәлірек айтсақ, ғылыми, ғылыми-көпшілік жарияланым ретінде көпшіліктің игілігіне айналдыру ісі бұрын-соңды мүлдем қолға алынбаған-ды. Осындай бай мұраларды экспозиция немесе көрме түрінде көрсетумен ғана шектелмей, жаңа заманғы көркемделген, жан-жақты мағлұмат беретін басылымдар түрінде жарыққа шығару — музейдің сан-салалы ғылыми-зерттеу жұмысының іргелі бағыттарының бірі болып табылады