2011, Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі
Сол дәуірдің мұрасы ретінде көптеген тарихи және мәдени ескерткіштер болуда.
Ескерткіштердің саны және әр түрлілігімен Қазақстан Индия, Қытай, Жерортатеңізі мен Таяу Шығыс мемлекеттерінен қалыспайды және өзінше ашық аспандағы мұражай болып келеді.
Көптеген ескерткіштерді бүкіл әлемдік маңызы бар деп ЮНЕСКО мойындаған.
Қазақстанның мәдени құндылықтарының әр алуандығы – 25 мыңнан аса қозғалмайтын тарихи, археологиялық, сәулетті және монументальді ескерткіштер, экспозицияларда және 89 мемлекеттік мұражай қорларында 2 млн. 56 мыңға жуық мәдени құндылықтар, 66 млн. 840 мың том кітаптар, сирек қолжазбалар мен басылымдар 3495 мемлекеттік кітапханаларда сақталуда.
Қазақстан Президенті Н. Назарбаевтың бастамасымен құрастырылған және іске асырылушы «Мәдени мұра» Мемлекеттік бағдарламасы туристік кластерді (қажылық туризм, тарихи-археологиялық туризм) дамытуға үлкен ықпалын тигізді. Бағдарламаның іске асырылуы 2004 жылы басталған, кейін тағы бағдарламаның екі кезеңі құрастырылды: 2007 мен 2009 жж. және 2009 бен 2011 жылдар аралығында.
Туристік бағыттарды құру және өңдеу барысында «Мәдени мұра» Мемлекеттік бағдарламасы Қазақстанның тарихи-мәдени мұрасын зерттеумен және жаңғыртумен айналысатын ғылыми ашылулар мен археологтар кепілдемелері қолданылды.
«Мәдени туризм» бөлімінде қолайлы үлгіде Қазақстанның қонақжайлылығы туралы толық мәлімет ала аласыз – туристік бағыттар георграфиялық орналасу бойынша 16 облысқа байланысты құрастырылған.