Мәдени мұра    Ұлттық жобаӨткенді қастерлеу арқылы, болашағымызды баянды етеміз
  • Facebook
  • Twitter
  • Лента на Youtube
 

Оқиғалар

Басты бет - Материалдар - Оқиғалар - Айтыс қорытындысы

Республикалық ақындар айтысының Бас жүлдесін Қытайдан келген ақын жеңіп алды

Дүйсенбі, 05 желтоқсан 2011Желтоқсанның 2-4 аралығында Астана қаласында Тәуелсіздіктің 20 жылдығына арналған Республикалық ақындар айтысы болып өтті.

Айтысқа республикалық, халықаралық сайыстардың жеңімпаздары, үлкен сахнаға енді шығып жүрген жас дарынды ақындар, сонымен қатар Қытай, Моңғолия, Қырғызстан елдерінің таңдаулы айтыскерлері қатысты.

Үш күнге созылған айтыста Бас жүлдені Қытайдан келген ақын Жәмиға Дәулет, ал бірінші орынды Көкшетаулық Әлібек Серғалиев иеленді. Жүлделі орындарға ие болғандар қатарында Еркебұлан Қайназаров, Мұхтар Ниязов, Аалы Туткучев (Қырғызстан), Сара Тоқтамысова, Айнұр Тұрсынбаевалар бар. Сондай-ақ, барлық қатысушы ақындарға ынталандыру сыйлықтары табыс етілді. Айтысты тамашалауға бес мыңға жуық адам қатысты.

Айтысқа Мырзатай Жолдасбеков, Сәбит Оразбаев, Асанәлі Әшімов, Фариза Оңғарсынова, Өмірзақ Сәрсенов, Амангелді Ермегияев, Несіпбек Айтұлы, Қасқабасов Сейіт, Өмірзақ Айтбаев сияқты өнер қайраткерлері және айтыс жанашырлары қазылық етті.

 

Бас жүлде дипломы, 3 000 000 (үш миллион) теңге ақшалай сыйлығы және үлкен алтын мүсінше Жәмиға Дәулетке табыс етілді.

І орын дипломы, 1 500 000 (бір миллион бес жүз мың) теңге ақшалай сыйлығы және орта алтын мүсінше Алибек Сергалиевке бұйырды.

ІІ орын дипломы, 1 000 000 (бір миллион) теңге ақшалай сыйлығы және орта алтын мүсінше Еркебулан Кайназаровқа берілді.

ІІ орын дипломы, 1 000 000 (бір миллион) теңге ақшалай сыйлығы және орта алтын мүсінше Мұхтар Ниязовқа берілді.

ІІІ орын дипломы, 500 000 (бес жүз мың) теңге ақшалай сыйлығы және орта алтын мүсінше Аалы Туткучевқа бұйырды.

ІІІ орын дипломы, 500 000 (бес жүз мың) теңге ақшалай сыйлығы және орта алтын мүсінше Сара Токтамысоваға берілді.

ІІІ орын дипломы, 500 000 (бес жүз мың) теңге ақшалай сыйлығы және орта алтын мүсінше Айнур Турсынбаеваға берілді.

Шараны өткізудегі басты мақсат – мәдениетіміздің баға жетпес асыл мұрасы ретінде айтысты халыққа жан-жақты насихаттап, оның дамуына мемлекеттік деңгейде қолдау көрсету, болашақ ұрпаққа айтыс өнерін жеткізу, оны одан әрі дамытып, сапалық деңгейін жақсарту, шебер сөз құрау мен жоғары деңгейдегі поэзия арқылы мемлекеттік тілдің арнасын кеңейтіп, дамыту әрі насихаттау болытын.