Мәдени мұра    Ұлттық жобаӨткенді қастерлеу арқылы, болашағымызды баянды етеміз
  • Facebook
  • Twitter
  • Лента на Youtube
 

Оқиғалар

Қазақстан тарихы мен мәдениетінің үлкен атласы тұңғыш рет қазақ тілінде жарық көрді

Сейсенбі, 11 қазан 2011«Қазақстан тарихы мен мәдениетінің үлкен атласы» тұңғыш рет қазақ тілінде жарық көрді, деп хабарлайды Астана әкімінің сайты.

 

Бұл – ғалымдар, редакторлар мен құрастырушылардан құралған үлкен ұжымның 2 жылдық еңбегінің нәтижесі. Аталсты құрастыру жұмысына түрлі саладағы 250 маман қатысты, соның ішінде ресейлік және қазақстандық ғалымдар, тарихшылар, археологтар және тағы басқалары.

 

Туынды жоғарыбілікті ғылыми мәтіндер жартысынан көбі тұңғыш рет жарық көріп тұрған 4 мыңнан астам фотографиялармен, суреттермен үйлестірілген Қазақстанның ежелгі заманнан бүгінгі күнде дейінгі тарихы мен мәдениеті туралы тұңғыш ғылыми еңбек болып табылады. Сонымен қатар шамамен 140 ежелгі карта көпшілік назарына тұңғыш рет ұсынылып отыр.

 

Үлкен атлас бек үлкен бөлімнен тұрады – табиғат, археология және тарих, этнография, қазіргі заманғы Қазақстан, Қазақстанның қалалары мен облыстары: тарих пен мәдениет ескерткіштері.