2011, Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі

25-26 қарашада сағат 19.00-де Астанада К.Байсейітова атындағы Ұлттық опера және балет театрында В.Гюгоның «Собор Парижской Богоматери» романының желісі бойынша жазылған Ц.Пунидің әйгілі «Эсмеральда» балетінің премьерасы өтеді. Бұл балетті қойған итальяндық хореограф Антонио Канделоро.
Қойылымның көркемдік жетекшісі – Гуидо Риччи (Италия), қоюшы дирижер – Айдар Абжаханов, бас балетмейстер – ҚР еңбек сіңірген қайраткері Тұрсынбек Нұрқалиев, бас хормейстер – ҚР еңбек сіңірген қайраткері Ержан Дәуітов.
«Эсмеральда» балетінің ең алғашқы қойылымын француз балетмейстері Жюль Перро 1844 жылғы 9 наурызда Лондондық Корольдік театрының сахнасында жүзеге асырған.