Мәдени мұра    Ұлттық жобаӨткенді қастерлеу арқылы, болашағымызды баянды етеміз
  • Facebook
  • Twitter
  • Лента на Youtube
 

Оқиғалар

Басты бет - Материалдар - Оқиғалар - Қазақстандық фильмдер конкурсқа қатысады

Қазақстандық „Рывок„ және „Кто вы, господин Ка?„ фильмдері Индиядағы кинофестиваль конкурсына қатысады

Бейсенбі, 22 желтоқсан 2011

Қазақстан ұлттық кинематограф пресс-қызметкерлері айтуынша, Ш.Айманов атындағы „Қазақфильм„ АҚ киностудиясында шыққан Қазақстандық „Рывок„ және „Кто вы, господин Ка?„ фильмдері Индияда «The Third Eye Asian film festival» кинофестивалі конкурсына қатысады. Шараның ашылу салтанаты индиялық Мумбай қаласында өтеді. Кинофестиваль 29 желтоқсанға дейін болады.

 

Фестиваль мақсаты - Азия киноқоғамы ішіндегі қарым-қатынасты нығайту және Батыспен диалогты жақсарту.

 

Естеріңізге сала кетейік, Қағанат Мұстафиннің „Рывок„ кинокартинасы Липецкідегі және Лос-Анджелестегі спорт туралы фильмдер фестивальдерінде 3 орынға иеленген болатын. Қазақстандық режиссер Қуат Ахметовтің „Кто вы, господин Ка?„ боевигі Мәскеудегі «Detective FEST-2010» кинофестиваліндегі „Ойындық детективтік фильм„ номинациясында арнайы жүлдемен марапатталған.

 

Қазақпарат