2011, Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі
Соңғы 10 жылдың ішінде театрларлар саны 20%-ға, кинотеатрлар мен кинозалдардың саны 40%-ға көбейді. Мұндай деректерді бүгін Астанада Мәдениет және ақпарат министрлігінің алқа мәжілісінде министр Дархан Мыңбай келтірді.«Соңғы 10 жылдың ішінде театрларлар саны 20%-ға және кинотеатрлар мен кинозалдардың саны 40%-ға, мұражайлар 30%-ға, кітапханалар 15%-ға көбейді. Мәдениет үйлерінің саны екі есе артты», - деді Д.Мыңбай.
Сонымен бірге, оның сөзіне қарағанда, «халықтың келу белсенділігі» мен отандық мәдениет өнімдеріне сұраныс белсенді артуда.