Мәдени мұра    Ұлттық жобаӨткенді қастерлеу арқылы, болашағымызды баянды етеміз
  • Facebook
  • Twitter
  • Лента на Youtube
 

Оқиғалар

Басты бет - Материалдар - Оқиғалар - Мәдениет жылы

Алматыда 2012 жыл мәдениет жылы деп жарияланды

Сәрсенбі, 08 ақпан 2012Алматыда ағымдағы жылы Алатау ауданында концерт залы салынады. Оны қала әкімі Ахметжан Есімов бүгін тұрғындармен есептік кездесуінде айтты.

"Алматыда қазіргі таңда 146 тарихи, археологиялық, сәулет және мемориалдық ескерткіштер, 24 кинотеатр, 17 театр, 29 мұражай және 394 кітапхана бар. 2012 жылы мәдени инфрақұрылымдар айтарлықтай жаңартылады.

Атап айтқанда, бірінші, 28 панфиловшылар саябағындағы даңқ мемориалы қалпына келтіріледі.

Екінші, Ықылас атындағы халық саз аспаптары мұражайы жаңартылады.

Үшінші, С.Бегалин атындағы балалар кітапханасы аясында ХХІ ғасыр кітапханасы сынама жоба жүзеге асырылады.

Төртінші, қуыршақ театрына күрделі жөндеу жұмысы жүргізіледі.

Бесінші, Боралдай сақ қорғандары археологиялық саябағының техникалық негіздемесі жасалады. Алтыншы, Алатау ауданында үлкен, заманауи концерт залы салынады.

Жетінші, қала орталығында жеке инвесторларды тарту арқылы көпсалалы өнер сарайы тұрғызылады», - деді А. Есімов. Ахметжан Смағұлұлының айтуынша, ағымдағы жылы сондай-ақ жоғары деңгейлі бірқатар мәдени шаралар жоспарлануда. Олардың арасында әлемдік үздік мұражайлар мен әйгілі көркем галереялардың көрмесі, танымал театр труппаларының гастролі бар.
 

ҚазАқпарат