Мәдени мұра    Ұлттық жобаӨткенді қастерлеу арқылы, болашағымызды баянды етеміз
  • Facebook
  • Twitter
  • Лента на Youtube
 

Оқиғалар

Басты бет - Материалдар - Оқиғалар - Театралдық-сазды кеш

Дина Нұрпеисованың 150-жылдық мерейтойы аясында театралдық-сазды кеш өтті

Дүйсенбі, 17 қазан 201115 қазанда Астанадағы Президенттік мәдениет орталығында Қазақ КСР-нің халық композиторы, ұлы күйші Құрманғазының шәкірті Дина Нұрпейісованың 150 жылдық мерейтойына арналған театралдық-сазды кеш өтті.

 

Елордалық өнерсүйгіш қауым қасиетті қара домбыраның күмбірі мен күміс-көмей әншілердің бұлбұл үніне құлақ құрышын қандырды. Елдің әр түкпірінен жиналған домбырашы, күйшілер елордалықтарға осындай кәдені тарту етті.

 

Мерейтойы Тәуелсіздіктің 20 жылдығымен тұспа-тұс келген концертте композитордың «Бұлбұл», «Байжұма», «Тойбастар», «Науысқы» сынды шоқтығы биік туындылары орындалды. Ал алыстан ат арылтып келіп, әуезді кештің құрметті қонақтары болған күйшінің туғандары Динадай біртуар тұлғаның дарынды ұрпақтарының өнеріне шын жүректен тәнті болды.

 

Бақыт Әмірхантегі, Дина Нұрпейісованың жиені:
Дина шешемнің 150 жылдығы Қазақстанда үлкен деңгейде аталып жатыр. Астанада оған арнайы көше берілді. Атырауда, Ақтауда шығармашылық кештер өтті. Соның жалғасы ретінде бүгін концерт өтіп жатыр.