2011, Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі
Астанадағы Бейбітшілік пен келісім сарайында Қалибек Қуанышбаев атындағы қазақ музыкалық драма театрының «Терең тамырлар» атты аллегориялық драмасы қойылды.Еліміздің жүрегі – Астана болса, «Терең тамырлар» қойылымы осы ұғымды көрермен жүрегіне драмалық оқиға арқылы жеткізе түсуге тырысқан. Нақтырақ айтқанда, оқиға түгелдей Астана маңында өсіріліп жатқан орман алқабында өрбиді. Оған Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев саяхат жасау арқылы, ал орманның әрбір ағашы халықтың шартты бейнесіне ұласып, қоғамның бүгінгі тынысы негізгі тақырып ретінде көрініс береді. Қойылымның авторы Еркін Жуасбек болса, Елбасының рөлін Қуандық Қыстықбаев сомдайды.