2011, Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі
6-15 желтоқсан аралығында Астана мен Алматы қалаларында Тәуелсіздік жылдарында жарық көрген фильмдердің Онкүндігі өтедіҚазақстан Республикасының 20-жылдық мерейтойы шеңберінде 6-15 желтоқсан аралығында Астана (7-кинопарк «Керуен», Министрліктер үйінің конференц залы (15-кіреберіс), Алматы («Цезарь» кинотеатры (2-зал) қалаларында Тәуелсіздік жылдарында жарық көрген фильмдердің Онкүндігі өтеді.
Астанада мерейтойлық Онкүндік Қазақстан Республикасы Ұлттық академиялық кітапханасында БАҚ өкілдеріне арналған баспасөз мәжілісі мен «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті туралы деректі фильмдер циклі» және «Қазақ киносының антологиясы» фильмдерінің DVD-де шыққан нұсқасын таныстырумен басталады.
Онкүндік аясында көрермендер назарына келесі фильмдер ұсынылады:
6 желтоқсан - «Бәйтерек»
7 желтоқсан - «Серпін»
8 желтоқсан - «Жиде. Кешіккен махаббат»
9 желтоқсан - «Сіз кімсіз, Ка мырза?»
10 желтоқсан - «Қызғылт қоян туралы хикая»
11 желтоқсан - «Ликвидатор»
12 желтоқсан - «Біржан сал»
13 желтоқсан - «Жерұйық»
14 желтоқсан - «А-ға» оралу»
15 желтоқсан - «Балалық шағымның аспаны»
Алматының көрермендеріне Онкүндік кезеңінде «Қазақфильм» АҚ соңғы жылдар ішінде Қазақстанның белгілі мәдениет қайраткерлерінің шығармашылығы мен өміріне арнап түсірген деректі фильмдер ұсынылмақ. Барлық фильмдерге кіру тегін.
Әр көрсетілімнің алдында картиналардың авторлары және шығармашылық топпен кездесулер ұйымдастырылады.