2011, Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі
Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ-да түсірілген режиссер Егор Кончаловскийдің «А-ға» оралу» және режиссер Ғазиз Насыровтың «Гәкку» фильмдері Гоадағы (Үндістан) «Әлемдік кино» халықаралық кинофестивалінің 42-ші конкурстық бағдарламасына қатысады.Фестивальде «А-ға» оралу» фильмін продюсер Арман Асенов, «Гәккуді» - режиссері Ғазиз Насыров таныстырмақ.
Фестиваль 23 қараша мен 3 желтоқсан аралығында үндінің Гоа қаласында өтеді. Халықаралық кинофестиваль 1952 жылы Үндістан премьер-министрі Джавахарлал Нерудің бастамасымен құрылған. Түрлі жылдары ол Мумбай, Дели, Мадрас, Калькутта қалаларында өтіп, 2004 жылдан бастап Гоада тұрақтады.
Фестивальдің мақсаты – дүниежүзі кинематографтарына ортақ алаң ашып, пішін, эстетика мен мазмұн әралуандылығы арқылы барлық жанр кинематографиясын ашуға, өркендетуге және қолдау көрсетуге ұмтылу. Фестивальдің ұраны ретінде Упанишадтың қанатты сөзі алынған: «Ой-өрісі кең, еркін әрі ізгі адамдар үшін бүткіл дүние жүзі – бір үлкен отбасы.