Мәдени мұра  Ұлттық жобаӨткенді қастерлеу арқылы, болашағымызды баянды етеміз
  • Twitter
  • Facebook
  • Лента на Youtube
 

Оқиғалар

Домбауыл кесенесі

Басты бет - Материалдар - Оқиғалар - Қыс кезіндегі жалынды танго

Қыс кезіндегі жалынды танго

Бейсенбі, 08 желтоқсан 2016Жер бетіндегі ең тамаша сезімге арналған классикалық және қазіргі заманғы туындылар астаналық меломандарғаұсынылады. 13 желтоқсанда «Астана Опера» театрының Камералық залында «Қысқы махаббат сезімі» атты концерті өтеді.

Кеште «Астана Опера» театры Симфониялық оркестрінің бірінші скрипкасы, концертмейстері,Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Бағдат Әбілханов, халықаралық байқаулардың лауреаттары, Ұлт Көшбасшысы – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Қоры сыйлығының лауреаттары – Ермек Құрманаев (виолончель) және Гауһар Тасбергенова (фортеапиано), халықаралық байқаулардың лауреаты, театрдың Симфониялық оркестрінің музыканты Александр Тараскин (флейта) тыңдарманды өз өнерімен қуантады.

Концерт бағдарламасында – С. Рахманиновтың №1 соль минор «Элегиялық үштігі». Атақты композитордыңерте кезеңдегі шығармашылығына жататын бұл туынды,мазмұны жағынан ерекше мәнерлілік, шынайылық пен еркіндікті сипаттайды. Сонымен қатар, ХХ ғасырдағы флейта репертуарынан орындалатын жарқын туындылар: Ф. Пуленктың флейта мен фортепианоға арналған сонатасы, Ж. Массненің «Таис» операсынан «Ой-толғауы», көрнекті балерина М.Плисецкаяға арналған Р. Щедриннің«Альбениске еліктеу»пьесасы, сондай-ақ Д. Шостаковичтің виолончельге арналған сонатасынан тапқыр скерцосы.

Жалынды танго – аргентиналық музыканың жүрегі. Көпшілікке А. Пьяццолланың танымал "Обливион" және "Либертанго" композициялары паш етіледі. Танымал би «тангоның ұлы жаңартушысының» шығармашылығында биік өнер деңгейіне көтерілді. Опустар орындаушылардың өзіндік ерекше өңдеуінде ұсынылады.

Мәліметтер бойынша:http://mks.gov.kz/