2011, Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі
2012 жылы Қазақстанда Вьетнам мәдениеті жылы, 2013 жылы Вьетнам Социалистік Республикасындағы Қазақстан Республикасының мәдениеті жылы өтеді, деп мәлімдеді ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ханойдағы қазақстан-вьетнам келіссөздерінен кейін. «Біз мәдени ынтымақтастықты да ұмытқан жоқпыз», - деп атап өтті Қазақстан басшысы. Еске сала кетейік, Қазақстан Президенті Вьетнамға тұңғыш ресми сапармен келді.Қазақпарат