Мәдени мұра  Ұлттық жобаӨткенді қастерлеу арқылы, болашағымызды баянды етеміз
  • Twitter
  • Facebook
  • Лента на Youtube
 

Оқиғалар

Қызылқала қалашығы

Басты бет - Материалдар - Оқиғалар - АЛЕКСАНДР КОЛОДИННІҢ «ӨМІР СҮРУ ҚУАНЫШЫ!» АТТЫ ЖЕКЕ КӨРМЕСІ

АЛЕКСАНДР КОЛОДИННІҢ «ӨМІР СҮРУ ҚУАНЫШЫ!» АТТЫ ЖЕКЕ КӨРМЕСІ

Сейсенбі, 15 тамыз 2017 2017 жылдың 2 тамызында сағат 19:00 ҚР Ә.Қастеев атындағы МӨМ Орталық көрме залында Александр Колодиннің «Өмір сүру қуанышы!» атты жеке көрмесінің ашылу салтанаты өтеді. Экспозицияда 60-тан астам көркем туындылар ұсынылады.

Александр Иванович Колодин – педагог, суретші, режиссёр. 1947 жылы Новосібір облысында дүниеге келді, Оралда оқып, 1978 жылдан бастап Павлодар қаласында тұрып еңбек етуде, мұнда ол Челябін мемлекеттік мәдениет және өнер академиясының театр режиссурасы факультетін аяқтап жас маман ретінде келді.

Балалық шағынан сурет салуда. Республикалық және халықаралық көрмелерге қатысты, оның ішінде Президенттік мәдениет орталығында, Астана қаласындағы Ресей Федерациясы Елшілігінің жанындағы Ресей ғылым және мәдениет орталығында. 2015 жылы Павлодар қаласында Қазақстан халықтары Ассамблеясының 20 жылдығына арналған Александр Колодиннің жеке көрмесі өтті. 2016 жылы Челябін қаласының туған мәдениет және өнер академиясында суретшінің жеке көрмесі орын алды. Суретші жұмыстарының едәуір саны АҚШ, Қытай, Жапония, Израиль, Германия және басқа да елдерде бар. 

Павлодарлық суретшінің графикасы мен суреттерінің көпқырлылығы жанрлық және сюжеттік саналуандықта, реалисттік натюрморттар мен пейзаждардан фантастикалық аллегориялар мен рәміздерге дейін туындылардың стилистикалық өзгерулерінде көрінеді.
Ұлттық сурет мектебінің көркем дәстүрлерінің сабақтастығын сақтай отыра, А.И.Колодин шексіз болашаққа айналдыра отыра, жаңа, кей кезде қарама-қайшы болатын заманауи өнердегі бағыттарды батылдықпен меңгеруде, дамытуда және экмсперименттеуде.

А. Колодиннің көрмесі 2017 жылдың 26 тамызына дейін өткізіледі.

ҚР Ә. Қастеев атындағы МӨМ, Орталық көрме залы
Алматы қаласы, Желтоқсан көшесі, 137, Жамбыл көшесінің қиылысы
Жұмыс уақыты: 11:00—19:00
Демалыс күні: дүйсенбі.