Мәдени мұра    Ұлттық жобаӨткенді қастерлеу арқылы, болашағымызды баянды етеміз
  • Facebook
  • Twitter
  • Лента на Youtube
 

Оқиғалар

Басты бет - Материалдар - Оқиғалар - М. Лермонтов атындағы Мемлекеттік академиялық орыс драма театрында «Отель двух миров» спектаклінің премьерасы өтеді

М. Лермонтов атындағы Мемлекеттік академиялық орыс драма театрында «Отель двух миров» спектаклінің премьерасы өтеді

Сейсенбі, 14 ақпан 2012

М. Лермонтов атындағы Мемлекеттік академиялық орыс драма театрында 17 ақпан күні сағат 19-00-де «Отель двух миров» спектаклінің премьерасы өтеді.

Француздың тамаша драматургы, философ Эрик-Эммануэль Шмиттің пьесасы бойынша сахналандырылып отырған екі көріністі лирикалық оқиға құпия жайлы сыр шертеді. Бұл қойылым әрбір адамның беймәлім дүниеге деген қорқыныш сезімі болмас үшін, оған бас сұғып, оның құпия сырын аша алатындығы және өмірді бар күйінде қабылдай алатындығы туралы.

Спектакльдің қоюшы режиссёрі - ҚР еңбек сiңiрген қайраткері Игорь Гонопольский, қоюшы суретші - Сергей Мельцер, режиссёр ассистенті - ҚР еңбек сіңірген әртісі Наталья Долматова, костюмдер бойынша суретші - Людмила Кужель, музыкасын құрастырған - ҚР еңбек сiңiрген қайраткері Игорь Гонопольский, балетмейстер - Наталья Новикова.

Қойылымның премьералық көрсетіліміне БАҚ өкілдері шақырылады. (премьерада фотоға түсіруге тиым салынады!). Бейне түсірімге арналған уақыт – спектаклдің басталуына 15 минут қалғанға дейін және аяқталғаннан кейінгі 15 минут.

Аккредитация 15 ақпанға дейін 267 31 33 телефоны бойынша жүргізіледі. Жауаптылар - Смирнов Дмитрий Валерьевич пен Печкунова Виолетта Николаевна.

Фотокорреспонденттерді 16 ақпан сағ. 11-00-де спектакльдің тапсырылуына шақырамыз.
Фото түсірімдер – жарық берусіз.
Өзімен бірге қызмет куәлігі болуы қажет.
Театр фойесінде журналистерді қарсы алушы: Бас администратор - Пачикина Ольга Владимировна. Аккредитациядан өткен журналистер үшін орындарды администратор көрсетеді.