2011, Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі
Қарашаның 15-23 аралығында Алматы қаласындағы Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясында V Халықаралық пианистер конкурсы өтті. Оған АҚШ, Жапония, Франция, Австралия, Корея, Ресей, Украина, Беларусь, Грузия мен Қазақстанның жас пианистері қатысты.Қазақстанда алғаш рет конкурс онлайн режимінде көрсетілді. Бұл жаңа үрдіс ғаламтор жүйесі арқылы конкурстың өткізілу сәтін әлемнің түкпір-түкпірінен көруге мүмкіндік туғызды.
Конкурс 3 турдан тұрды: екі жеке орындаудағы бөлім, камералық бөлім және оркестрмен орындауда финалдық бөлім.
Бағдарлама шеңберінде міндетті түрде байқауға қатысушылар Иоган Бахтың, Дмитрий Шостаковичтің, Ференц Листің, Фредерик Шопеннің, Сергей Рахманинов пен Александр Скрябиннің, Доменико Скарлаттидің екі соннатасын мен қазақстандық сазгерлердің шығармаларын орындаулары тиіс еді.
Халықаралық байқауды ұйымдастырушылар үш сыйақы мен үш диплом тағайындады. 1 орынды иемденген Стансилав Христенко (Ресей) және Лука Окросцваридзе әрқайсысы (Грузия-Россия) 20000 АҚШ долларына ие болса, 2 орынға табан тіреген қазақстандық пиансишілер Жібек Қожахметова мен Оксана Шевченко, Казуки Нишимон (Япония-Россия) 10000 АҚШ доллардан иемденді, 3 орын қазылардың шешімі бойынша ешкімге бұйырмады. Оның ақша қоры екінші орынды иеленген пианісшілерге бөліп берілді. Ал конкурстың дипломанттары Грайчи Саймон (Ливан-Мексика) мен Александр Романенко (Казахстан) 1000 АҚШ доллары көлеміндегі сыйақымен марапатталды.