Мәдени мұра  Ұлттық жобаӨткенді қастерлеу арқылы, болашағымызды баянды етеміз
  • Twitter
  • Facebook
  • Лента на Youtube
 

Оқиғалар

Мірәлі баб кесенесі   (XII - XV ғасыр)

Басты бет - Материалдар - Оқиғалар - БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

Дүйсенбі, 26 маусым 2017ҚР Ұлттық кітапханасының «Кітапхана» арт-галереясында 23 маусым мен 24 шілде аралығында өтетін «Қазақстанның заманауи суретшілері» атты картиналар көрмесінің ресми ашылуы болады (ҚР Ұлттық кітапханасының 1 қабаты). Көрмеде еліміздің алты үздік суретшісі: Анара Абжанова, Зейнелхан Мұхамеджан, Сержан Баширов, Оразбек Есенбаев, Хашим Кұрбанов, Арман Баймұратов өз жұмыстарын ұсынады. 

ҚР Ұлттық кітапханасының «Кітапхана» арт-галереясында 23 маусым мен 24 шілде аралығында өтетін «Қазақстанның заманауи суретшілері» атты картиналар көрмесінің ресми ашылуы болады (ҚР Ұлттық кітапханасының 1 қабаты). Көрмеде еліміздің алты үздік суретшісі: Анара Абжанова, Зейнелхан Мұхамеджан, Сержан Баширов, Оразбек Есенбаев, Хашим Кұрбанов, Арман Баймұратов өз жұмыстарын ұсынады. «Кітапхана» арт-галереясының мақсаты қазақстандық арт-қауымдастықтың туындыларымен көпшілікті таныстыру. Көрмеде тақырыбы, жанры және стильі тұрғысынан суретшілер буынының сан-алуан жұмыстар ұсынылады.

Бір алаңда алты отандық авторлар келушілерді кескіндеме, графика, кестеленген картина, сәндік-қолданбалы өнер сияқты дәстүрлі түрлерімен қатар, инсталляция және сомдау сияқты жаңа түрлерімен де таныстырады.  

Көрменің ең танымал қатысушысы АНАРА ӘБЖАНОВА болып табылады.Оның картиналарына шетелде жыл санап ерекше қызығушылық танытуда. Бүгінде Анара – танылған суретші-пейзажист, әлемнің белді байқауларының алтын жеңімпазы және финалисті.

Кестеші-суретші ЗЕЙНЕЛХАН МҰХАМЕДЖАН өз жұмыстарын ұсынады.Ол қазақша кестенің сақталуы үшін көп еңбектенді және ілмекпен кестеленетін ежелгі қазақ кестесінің негізінде жаңа өнер түрі болып табылатын «біз кестені» ойлап тапты.

Суретші-зергер және мүсінші СЕРЖАН БАШИРОВ «этно-авангард» деп аталатын өзіндік стиль ойлап тапты. Баширов ассиметриялық, абстракционизм және модерн бағытын халық өнерінің табиғи түрлерімен үйлестірді. Суретшінің сүйікті композициялық тәсілі – ағаштарды түрлі техникада және қарама-қарсы фактурадағы күміс, тас, сүйектермен үйлестіре қолдану.

График және кескіндемеші ОРАЗБЕК ЕСЕНБАЕВ «жібек матаға шарлы қаламмен суре салу» авторлық техникасының арқасында танымал болды. Суретші айнала қоршаған ортаны аңғару және дәл көшірмесін беру қабілетіне ие. Оның көркем стильі дәстүрлі реализмге жақын, ол сол арқылы абстрактылы формаларға жақындайды.

Ұйғыр суретшісі ХАШИМ ҚҰРБАНОВ қазақстандық өнер туындысының өкілі. Оның жарқыраған, поэтикалық шығармашылығы ежелгі ұйғыр халқының сәндік асқабақтардан қуыршақ жасау өнеріне қызығушылық танытуынан бастау алған. Сан бояулы, халық үлгісіндегі асқабақ-қуыршақтардың арқасында Құрбанов кескіндеменің бірегей қарапайым түрі – примитивизм мен сәндік фольклордың қосындысын ойлап тапты.  

Мүсінші, кескіндемеші, дизайнер АРМАН БАЙМҰРАТОВ реализм мен абстракцияның тоғысуынан туындаған пішінделген кескіндеме стильіндегі жұмыстарын ұсынады. Баймұратовтың кескіндемелері ерекше, шығармашылық нақышы, сипаты мен образдарының мазмұны жағынан көп қырлы.