Мәдени мұра  Ұлттық жобаӨткенді қастерлеу арқылы, болашағымызды баянды етеміз
  • Twitter
  • Facebook
  • Лента на Youtube
 

Оқиғалар

Шығыс моншасы   (XVI - XVIII ғасыр)

Басты бет - Материалдар - Оқиғалар - СЫРЫМ ДАТҰЛЫНЫҢ ТУҒАНЫНА 275 ЖЫЛ

СЫРЫМ ДАТҰЛЫНЫҢ ТУҒАНЫНА 275 ЖЫЛ

Сәрсенбі, 09 тамыз 2017«Түркістан – Түркі әлемінің 2017 жылғы мәдени астанасы» аясында көптеген игі шараларды ұйымдастырып жүрген «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінде Ұлт азаттық қозғалысының басшысы, атақты батыр Сырым Датұлының туғанына 275 жыл толуына орай өңірлік ғылыми-практикалық конференция болып өтті.

Жиынға төрағалық еткен қорық-музей директоры Жандос Әубәкір музейлер арасындағы сабақтастықты, тарихи тұлғаларды танып білудегі бұл конференцияның маңыздылығына баса назар аудару қажеттігіне жұрт ықыласын аударды.

Конференцияда бас қосқандар Сырым Датұлының шежіресі мен тарихы, Сырым бастаған ұлт-азаттық қозғалысының басталуы және оның барысы, шешендік тұлғасы сынды тақырыптарда баяндама оқыды. Атап айтсақ, «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің бас редакторы Әбдікерім Манапов «Сырым Датұлы және қазақ халқының шешендік өнері», «Әзірет Сұлтан» қорық-музейі ғылыми зерттеу бөлім меңгерушісі Ғани Искаков т.ғ.к., «Сырым Датұлы – қазақ ұлт-азаттық көтерілісінің жетекшісі», Н.Төреқұлов музейінің меңгерушісі Д. Керімбекова «Сырым шешендік өнерді дамытушы», «Әзірет Сұлтан» қорық-музейінің Археология және тарихи ескерткіштерді қорғау бөлімінің меңгерушісі М.Тұяқбаев «Қожа Ахмет Ясауи кесенесінде жерленген батырлар» тақырыптарында мазмұнды баяндамалар жасады.

Жиын соңында конференцияға келушілер арнайы ұйымдастырылған «Ел бастаған көсем, сөз бастаған шешен» тақырыбындағы көрмені тамашалап, өз ойларын ортаға салды. Қатысушыларға «Әзірет Сұлтан» қорық-музейінің атынан сертификаттар табысталды.

"Әзірет Сұлтан" қорық-музейінің
баспасөз қызметі.
Д.ҚОЖАМҰРАТОВ