Мәдени мұра    Ұлттық жобаӨткенді қастерлеу арқылы, болашағымызды баянды етеміз
  • Facebook
  • Twitter
  • Лента на Youtube
 

Оқиғалар

Басты бет - Материалдар - Оқиғалар - «Тәуелсіздік толғауы»

Астанада ІІ республикалық «Тәуелсіздік толғауы» конкурсының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтеді

Жұма, 09 желтоқсан 20119 желтоқсанда сағат 18.00-де К.Байсейітова атындағы Ұлттық опера және балет театрында ІІ Республикалық «Тәуелсіздік толғауы» конкурсының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтеді.

Конкурс жылдың басында жарияланып, келесі номинациялар бойынша өткізілді:

  • ең үздік опералық шығарма;
  • ең үздік драмалық шығарма;
  • ең үздік заманауи тақырыптағы ән;
  • хорға арналған ең үздік шығарма;
  • оркестрге арналған ең үздік көлемді шығарма.

Конкурстың жеңімпаздары дипломдар мен ақшалай сыйақымен марапатталады. Опера және драмалық жанрлардағы ең үздік шығармалар республикадағы жетекші театрларда қойылу мүмкіндіктерін алады. Марапаттау рәсіміне Қазақстанның көрнекті мәдениет және өнер қайраткерлері қатысады.

Сол кеште музыкалық-сахналық өнерін қамтитын барлық жанрдағы концерт өтеді. Концертте Талғат Күзембаев, Болат Жомартов, Ерлан Біләл, Маржан Арапбаева және басқада жеке орындаушылар, сондай-ақ, К.Байсейітова атындағы Ұлттық опера және балет театрының симфониялық оркестрі мен хоры, М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік драма театры, Қазақ ұлттық өнер университетінің «Илигай» балалар хоры өнер көрсетеді.

Конкурстың басты мақсаттары: республикамыздың опералық, драмалық театрлар мен концерттік ұйымдарының репертуарларын Тәуелсіздік Қазақстанның жетістіктерін бейнелейтін отандық авторлардың шығармаларымен толықтыру; композиторлар мен драматургтарға қолдау көрсету және оларды жоғары көркемдік шығармаларды жазуға ынталандыру; отандық авторлардың шығармаларын көпшілікке таратуға жағдай жасау және оларды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау; отандық орындаушылардың шығармашылық мүмкіндіктерін кеңейту және шеберлігін арттыру.