Мәдени мұра    Ұлттық жобаӨткенді қастерлеу арқылы, болашағымызды баянды етеміз
  • Facebook
  • Twitter
  • Лента на Youtube
 

Оқиғалар

Басты бет - Материалдар - Оқиғалар - Академиялық дәреже

Қ.Қуанышбаев атындағы Қазақ музыкалық-драма театры мен М.Горький атындағы Орыс драма театры академиялық дәрежеге ие болды

Сәрсенбі, 14 желтоқсан 2011Осыған орай, 13 желтоқсан күні ҚР Мемлекеттік хатшысы Қанат Саудабаев пен Астана әкімі Иманғали Тасмағамбетов театрлардың шығармашылық ұжымдарымен кездесті.

«Бұл шешімді Мемлекет басшысы Қазақстан Тәуелсіздігінің 20 жылдығы қарсаңында қабылдады. Бұл сіздердің ұжымдарыңыздың, сіздердің әрқайсыңыздың елорданың қалыптасуына және дамуына қосқан сүбелі үлестеріңізге берілген жоғары баға. Шын жүректен сіздерді құттықтаймын», - деді Қ.Саудабаев.

Ол, ең ауыр, экономикалық қиын жылдары Мемлекет басшысы отандық мәдениетті қолдауға қаражаттар мен мүмкіндіктерді әрдайым тауып келгендігін айтты. Себебі Президент, ел экономикасы аяққа тұрғанда шет елдерден жаңа машиналарды, құралдарды, технологияларды сатып алуға болатынын, бірақ ұлттық өнерді сатып алуға болмайтынына сенімді болды.

Мемлекеттік хатшы сондай-ақ аталмыш екі театрға жаңа ғимараттар салу мәселесі шешіліп жатқандығын және алдағы таяу жылдары ұжымдар заманауи техникалық құрылғылармен жабдықталған ғимараттарға көшетіндігін жеткізді.