Мәдени мұра  Ұлттық жобаӨткенді қастерлеу арқылы, болашағымызды баянды етеміз
  • Twitter
  • Facebook
  • Лента на Youtube
 

Оқиғалар

Мавзолей Кетебая

Басты бет - Материалдар - Оқиғалар - ДӘСТҮРГЕ АЙНАЛҒАН ОТЫРАР ШЕБЕРЛЕРІНІҢ ЖӘРМЕҢКЕСІ

ДӘСТҮРГЕ АЙНАЛҒАН ОТЫРАР ШЕБЕРЛЕРІНІҢ ЖӘРМЕҢКЕСІ

Сейсенбі, 06 маусым 2017Бүгін «Керемет» ойын-сауық орталығын 18 мамыр - Халықаралық музей күніне орай үшінші жыл Отырар мемлекеттік археологиялық қорық-музейінің ұйымдастыруымен аудандық қолөнер және суретшілердің жәрмеңкесі өткізілді. 

Бүгін «Керемет» ойын-сауық орталығын 18 мамыр - Халықаралық музей күніне орай үшінші жыл Отырар мемлекеттік археологиялық қорық-музейінің ұйымдастыруымен аудандық қолөнер және суретшілердің жәрмеңкесі өткізілді. Жәрмеңкені ұйымдастырудағы негізгі мақсат атадан қалған асыл қазыналарымызды ұлықтап, ел арасындағы шеберлердің жұмыстарын елге насихаттап таныстырып, сонымен қатар еңбектерін бағалау. Жәрмеңкеге ауыл округтерінен 40- тан  астам шеберлер қатысты. Шараны аудан әкімі  Е.Қ. Айтаханов ашып, жәрмеңкенің ұлттық салт-дәстүр мен ұлттық құндылықтарымызды насихаттауда үлкен рөл атқаратындығын атап өтіп, қатысушыларға сәттілік тілеп, ары қарай қатысушылардың төл туындыларымен танысып, өз бағасын берді. Жәрмеңкеге қойылған шығармашылық жұмыстар алуан түрлі. Мысалы, киізден, ағаштан, теріден, жүннен жасалған бұйымдармен қатар ауданымызда ашылған Отырар өнер және саз мектебінің оқушылары тоқыма тоқу өнерінен мастер-класс өткізді.

Шара соңында әділқазы мүшелері шеберлердің еңбектерін саралап, өз пікірлерін ортаға сала отырып, жүлделі орындарды анықтады. І-орын иегері С. Құртаев жалпы орта мектебінің ұстазы Мыңбаева Гүлсараға берілсе, ІІ-орын Шәуілдір ауыл округінен Қалыбеков Қайырханға беріліп, Шәуілдір ауылының тұрғыны Әлімқұл Шерғазын ІІІ-орыннан көрінді. Қосымша жүлдегерлерге қаржылай сыйлықтар жасалды. «Үздік шебер» номинациясы бойынша Абай мектебінің ұстазы Ерсұлтан Мейрамкүл, ал «Үздік суретші» номинациясы бойынша С. Әлиев мектебінің ұстазы Бақтыбаева Қарлығаш  марапатталды. Барлық қатысушыларға арнайы алғыс хаттар тапсырылды.