Мәдени мұра  Ұлттық жобаӨткенді қастерлеу арқылы, болашағымызды баянды етеміз
  • Twitter
  • Facebook
  • Лента на Youtube
 

Оқиғалар

Қажы Талиға   (XVII ғасыр)

Басты бет - Материалдар - Оқиғалар -  BonArt үйінің көрмесi

BonArt үйінің көрмесi

Дүйсенбі, 07 қараша 20162016 ж. 17 қараша күні сағ. 15.00-де Ә. Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінде BonArt халықаралық аукциондық үйінің пресс-туры өтеді. Көрме 2016 ж. 18 қараша мен 3 желтоқсан аралығында болады.

BonArt аукцион үйі Қазақстанда 2011 жылдан бастап жұмыс істеп келеді, осы уақыт аралығында өзін сенімді және жауапты серіктес ретінде танытты. BonArt аукцион үйінің сарапшылары мен оның жетекшісі Максим Ткаченко коллекциялық және мұражайлық деңгейiдегі бейнелеу өнерінің туындыларын осы шара үшiн әдейi таңдаған.
Көрмеде XIX-XX ғасырдың қазақстандық, орыс, батыс-еуропалық мектебінің шығармалары, оның ішінде ХVIII-XIХ ғ. қазақтардың өмірі, тұрмысы және киімдері бейнеленген нақыштар, жәнеде Орта Азия аймағының XVII-XIX ғ. ескі карталары ұсынылды.

Сонымен қатар біздің аукционда бірінші рет сирек кездесетін антикварлық ХІХ ғ. соңы – ХХ ғ. басында шығырылғын кітаптар ұсынылып отыр. Бұл кітаптарда орыс саяхатшылары, ғылымдарымен этнографтары түсіріп алған қазақтардың тұрмысымен дәстүрлері. 

BonArt аукцион үйінің жаңа коллекциясының ең қызықтысы Рихард Зоммердің үш туындысы болып табылды. 11-ші аукционның топ лоттарының ішінде – Сергей Калмыковтың «Патмос аралы» туындысы. Бұл шебердің жұмыстары өнер нарықтығында сирек кездеседі.

Жәнеде коллекция жиюшыларына назар аударуға тұрарлық 1892 жылы салынған Николай Каразиннің«Паравозбен жарысу» деген жұмысы ұсынылған.

Қазақстан суретшілерінің кескіндеме туындыларының ішіндегі ерекше назар аударуға лайықты Айша Ғалымбаеваның орындауындағы «Алмамен натюрморт» туындысы.

Сонымен қатар көрмеге келушілер Әбілхан Қастеев, Евгений Сидоркин, Жаңатай Шарденов, Салихитдин Айтбаев және т.б. дарынды суретшілердің туындыларын тамашалай алады.

Барлық аукцион топ лоттары Мәскеу және Питербургтің эксперт орталықтарымен 
Халықаралық BonArt аукцион үйі өнер әлеміне қоғамның көңілін аударуды, жинақтау мен сақтауға қолайлы жағдай жасауды өзіне басты міндет етіп қояды.

Мәліметтер бойынша:http://www.gmirk.kz/