Мәдени мұра    Ұлттық жобаӨткенді қастерлеу арқылы, болашағымызды баянды етеміз
  • Facebook
  • Twitter
  • Лента на Youtube
 

Оқиғалар

Басты бет - Материалдар - Оқиғалар - Әлемдік материалдық емес мұра тізімі

Күйлердің домбырада орындалуы мен домбырамен ән айту әлемдік материалдық емес мұра тізіміне қосу ұсынылып отыр

Дүйсенбі, 14 қараша 2011

Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында Мәдениет министрінің баяндауынша: Еліміздің мәдени мұрасының қаншалықты бай екендігін ескерсек, Қазақстанның да бұл тізімге ұсынары жетерлік. Домбырамен ән айту, домбырада күй ойнау, қобызбен күй ойнау сияқты тек қана қазақ халқына ғана тән материалдық емес мұра әлемдік тізімді байыта түсетіні күмәнсіз.осылай деді.

Сол себепті де, елімізде осы уақытта Қозы Көрпеш, Баян сұлу, Қыз Жібек, Қобыланды батыр, Алпамыс батыр, Қамбар батыр сияқты халық шығармашылығының үлгілерін және айтыс өнерін номинациялауға дайындық жұмыстары жүргізіліп жатқан көрінеді.

«Қазір біз Мәдениет министрлігінің шеңберінде қазақтың мың күйі, қазақтың мың әні жобалары бойынша, қазақ халқының бүкіл батырлар жырын түгендеп, Қобыланды батыр бастаған 50 батырлар жырының аудио дыбыс жазбаларын жүргізуді бастадық. Ол сәтін салса, ол келесі жылы шығып та қалуы мүмкін. Дегенмен батырлар жырындағы кейіпкерлер түркі халықтарының ортақ мұрасы екендігін ұмытпауымыз керек. Осы ретте конвенцияны бүгін қабылдап ратификацияламасақ, ертең алдында атап өткен құндылықтарымыз өзге елдердің мұрасы болып кетуі де ықтималдығын айта кеткен жөн», - дейді министр.