Мәдени мұра  Ұлттық жобаӨткенді қастерлеу арқылы, болашағымызды баянды етеміз
  • Twitter
  • Facebook
  • Лента на Youtube
 

Оқиғалар

Ақкесене мұнарасы   (XIII - XVII ғасыр)

Басты бет - Материалдар - Оқиғалар - Қазақ вальсі шырқалады

Қазақ вальсі шырқалады

Сейсенбі, 15 қараша 20162016 жылы 1 желтоқсанда Ә. Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінде Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығы мен Президент күніне арналған «Қазақ вальсі» музыкалық вернисажы өтеді. Халықаралықконкурстардың лауреаттары Ақалтын Бекболатова (вокал) мен Әлия Исабаева (рояль) қазақ операларынан ариялар, Күләш Байсейітова, Бибігүл Төлегенова, Роза Бағланова және т.б. репертуарынан әндер орындайды.

Концерт қазақ бейнелеу өнерінің шеберлері Ұлы даланың көрнекті күміс көмей, жез таңдай әншілерінің терең ойлы бейнелерін мәңгілікке қалдырған Қазақстан залында өтеді. Олар – қазақ халқының даңқты қыздары  – Қыз Жібек, Ақтоқты, Сара, Айсұлуды және қазақ фольклоры мен операларының басқа да қаһармандарын шырқатып, қазақ халқының жүрегінде өшпес із қалдырған әншілер.

Ақалтын Бекболатова – Құрманғазы атындағы Ұлттық консерваторияның түлегі, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Орталық ансамблінде жеке дауыстағы әнші. Республикалық және халықаралық, Күләш Байсейітова атындағы республикалық конкурстың қатысушысы және лауреаты. Ақалтын Қорғаныс министрлігінің ансамблімен Ресей, Германия, Түркияда гастрольдік сапарларда болды, Қазақстан, АҚШ, Ұлыбритания, Қытай және т.б. елдердің армиясының халықаралық әскери оқу-жаттығуларына арналған концерттерге қатысты.

Кешті жүргізуші – Ә. Қастеев атындағы ҚР МӨМ-нің менеджмент және сыртқы байланыс орталығының жетекшісі Клара Исабаева. 

Мәліметтер бойынша:http://www.gmirk.kz/