Мәдени мұра    Ұлттық жобаӨткенді қастерлеу арқылы, болашағымызды баянды етеміз
  • Facebook
  • Twitter
  • Лента на Youtube
 

Жоба жаңалықтары

Басты бет - Материалдар - Жоба жаңалықтары - «Мәдени мұра» президенттік бағдарламасы

Мемлекет басшысының «Мәдени мұра» бағдарламасының аясында халқымызға көптеген мәдени және рухани құндылықтар қайтарылды - Қ. Саудабаев

Сейсенбі, 13 желтоқсан 2011«Мемлекет басшысының «Мәдени мұра» бағдарламасының аясында халқымызға көптеген мәдени және рухани құндылықтар қайтарылды»,- деді бүгін Мемлекеттік хатшы Қанат Саудабаев Астанадағы Бейбітшілік пен келісім сарайында өткен «Мәдени мұра» бағдарламасын іске асыру жөніндегі қоғамдық кеңестің кеңейтілген қорытынды отырысында.

Оның айтуынша, қазіргі уақытта «Мәдени мұра» бағдарламасын өз биігінен көтерілді деп айтуға толық негіз бар. «Сондықтан біз оны болашақта, заман талабына сай етіп, одан әрі кең ауқымда жүзеге асыруға жағдай жасауымыз керек. Бұл іске Елбасы да қолдау көрсетіп отыр. Біз «Мәдени мұра» бағдарламасының арқасында мәдени, рухани байлақтырымызды сақтап қана қоймай, оларды дамыта да алдық. Бүгін осы бағыттағы жұмыстардың қорытындысын тәуелсіздіктің 20 жылдығы тұсында өз елордамызда талқылауға мүмкіндік алып отырмыз»,- деді Қ.Саудабаев.

Қазақпарат