2011, Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі
Шара ТМД-дағы тарихи-мәдени мұра Жылы аясында Мемлекетаралық гуманитарлық ынтымақтастық қоры қолдауымен және қамқорлығымен өткізілді. Жазғы мектеп ұйымдастырушысы - Қазақстанның білім және ғылым Министрлігінің Ә.Х. Марғұлан атындағы археология Институты.
Мектеп жұмысына Ресей, Молдова, Белорусь, Украина, Қырғызстан, Әзербайжан, Армения, Өзбекстан, Тәжікстан археологтары қатысты. ТМД елдерінің кейбіреуінде (Әзербайжан, Молдова, Қырғызстан, Тәжікстан, Ресей) бұл шаралар өткізілген, онда қазақстандықтар қатысты.
Археологтар мектебінде Түркістан қаласындағы Әзірет-Сұлтан Мемлекеттік қорық-мұражайы территориясында Күлтөбе ежелгі храмдық құрылыстарын практикалық зерттеу ұйымдастырылды. Сонымен қатар жобаға қатысушылар Оңтүстік Қазақстанның ең маңызды ескерткіштерімен және олардың зерттеулерінің нәтижелерімен танысты (Сидақ, Сауран, Жуантөбе, Отырар қалашықтары, Бөріжары қорымы, Сайрам және Арыстан-баб сәулет ескерткіштері). Жоғарыда аталған археологиялық ескерткіштер 2004 жылдан бастап «Мәдени мұра» Мемлекеттік бағдарламасы аясында пайдаланылады.