Мәдени мұра  Ұлттық жобаӨткенді қастерлеу арқылы, болашағымызды баянды етеміз
  • Twitter
  • Facebook
  • Лента на Youtube
 

Мәдениет жаңалықтары

Айқожа кесенесі   (XVI - XVII ғасыр)

Басты бет - Материалдар - Мәдениет жаңалықтары - Әшірбек Сығайдың 70 жылдығына арналған Қазақстан драма театрларының XXV республикалық фестивалі өтеді

Әшірбек Сығайдың 70 жылдығына арналған Қазақстан драма театрларының XXV республикалық фестивалі өтеді

Жұма, 08 қыркүйек 2017 2017 жылдың 9-13 қыркүйек аралығында Астанада Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі және Қазақстан театрлар ассоциациясы  халықаралық ЭКСПО-2017 көрмесінің мәдени бағдарламасы аясында халқымыздың біртуар тұлғасы, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының иегері, көрнекті театр сыншысы Әшірбек Сығайдың 70 жылдығына арналған Қазақстан драма театрларының XXV республикалық фестивалін өткізеді.

Фестивальдің ресми ашылуы 9 қыркүйек  күні сағат:17.00 «Жастартеатры сахнасында өтеді.

Фестивальге Ғ.Мүсірепов атындағы қазақ Мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театры,  Атырау облыстық Махамбет атындағы қазақ драма театры, Республикалық академиялық неміс драма театры, Қ.Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театры, Ақмола облыстық орыс драма театры, Астана Жастар театры, Шығыс Қазақстан облысы «Дариға-ай» жастар театры, «Жас сахна» театрлары  қатысады.

Бес күн бойы Астана қаласының қонақтары мен тұрғындары фестиваль қойылымдарын  Қ.Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театры, «Қазақстан» Орталық концерт залы және Жастар театры сахналарынан тегін тамашалай алады.

Фестивальдің ресми жабылу салтанаты 13 қыркүйек күні сағат:18.00 «Астана Балет» театры сахнасында өтеді.