Мәдени мұра  Ұлттық жобаӨткенді қастерлеу арқылы, болашағымызды баянды етеміз
  • Twitter
  • Facebook
  • Лента на Youtube
 

Мәдениет жаңалықтары

Баланды бекінісі

Басты бет - Материалдар - Мәдениет жаңалықтары - Үздік романстар «Астана Операда» шырқалмақ

Үздік романстар «Астана Операда» шырқалмақ

Сәрсенбі, 11 қазан 2017 «Астана Опера» театры тыңдаушыларының ХІХ-ХХ ғасырларға сапар шегу мүмкіндігі бар. «Жалғаса бер, сиқыр, жалғас...» атты концерт бағдарламасында шырқалатын романстардың көпшілігі сол дәуірде туған еді. 11 қазан күні Камералық зал сахнасында талантты әртістердің орындауында жан тебірентетін осы жанрдың үздік шығармалары ұсынылатын болады.

Кештің қанық та қызықты бағдарламасына туындылары енген А.С. Даргомыжский, Н.А. Римский-Корсаков, П.И. Чайковский сынды композиторларға орасан зор ықпал еткен М.И. Глинканың керемет романстары көрермен назарына ұсынылады.

- Романсқа қайтып оралғанымызға өте қуаныштымыз. Бұл концерт «Bel canto музыкалық салоны» топтамасы аясында өтіп, тыңдаушыға орыс композиторларының шығармаларымен қатар, Ф. Шопен, Ф. Шуберт, М. Понсе туындылары ұсынылатын болады. Көне романстар шырқалып, В. Бакалейниковтың «Қызыл-қошқыл шәлі» атты асқақ туындысының тұсаукесерлік орындалуы болмақ. Бұдан өзге, Дж. де Ботаридің «Сен сұрамашы» атты баршаға сүйікті сыған романсы шырқалады. Әрине, П. Булаховтың В. Чуевскийдің сөзіне жазылған «Жұлдызым менің, лаула, лаула» сынды танымал шығармаларды ұмыт қалдырған жоқпыз. Д. Малашкинның - Осинның белгілі романстарын Рамзат Балакишиев орындаса, Мәдина Исламова еуропалық композиторлардың туындыларын ұсынбақ, - деп атап өтті Раушан Бескемпірова.

«Астана Опера» театрының жас буыны Назым Сағынтай, Мәдина Исламова, Малика Минизини, Рамзат Балакишиев, Шыңғыс Расылхан, Нарұл Тойкенов романс жанрының керемет интерпретаторлары Елена Ганжа және Айзада Капоновамен бірге көрерменге өз өнерін паш етпек.

Меццо-сопрано Малика Минизини «Астана Опера» ұжымында әрбір әртіс театрдың жүзеге асыратын барлық жобасына жанын салатынын айтып, ұжымда жұмыс жасаған ұнайтыны жайлы сырымен бөлісті. – Камералық залдың керемет атмосферасы шығармашылыққа баурайды, көрерменмен әрбір кездесу біздер, солистер үшін, - ерекше сый, сондықтан осы музыкалық кешті тағатсыздана күтудеміз. Мен бірқатар шығармалар орындаймын, бірақ тұсаукесерлік «Қызыл-қошқыл шәлі» туындысына толығырақ тоқталып өтсем. Бұл тамаша әйел романсы, сондай көне де емес, айтпақшы, ХХ ғасырдың басында В. Бакалейников шығарған. Туынды қыздың қайғылы махаббаты жайлы. Сүйіктісін есіне түсіретін белгі ретінде оған жалғыз қызыл-қошқыл шәлі қалған, - деп түсінік берді әртіс.

Оның әріптесі Елена Ганжа тыңдарманды көптеген тосынсый күтетінін айтып өтті, атап айтқанда, адам жанының ең нәзік қылдарын тебірентетін, жүректен шыққан әрі құштарлыққа толы сыған романстары орындалмақ. Вокалдық нөмірлерді аспаптық музыка алмастырмақ. П.И. Чайковскийдің «Вальс-скерцо» шығармасын болашағы жарқын скрипкашы Мейіржан Кеңесбаев ұсынады.

«Күміс ғасыр» ақындарының рухты өлеңдерімен керемет әуендердің үйлесімді бірігуі кештің поэтикалық көңіл-күйін қалыптастырады.

Фортепиано партиясын халықаралық байқаулардың лауреаты Раушан Бескемпірова орындайды.

Концерттің жүргізушісі – музыкатанушы Сәуле Мәулетова.

Концерттің басталуы сағат 19.00-де.