Мәдени мұра  Ұлттық жобаӨткенді қастерлеу арқылы, болашағымызды баянды етеміз
  • Twitter
  • Facebook
  • Лента на Youtube
 

Мәдениет жаңалықтары

Тамғалы петроглифі

БАСПАСӨЗ ПАРАҒЫ

Сәрсенбі, 11 қазан 20172017 жылғы қазан айының 9-10 жұлдызы күндері сағат 19:00-де Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі қолдауымен Бейбітшілік және келісім сарайында «Астана Мюзикл» театрының «Астана» атты мюзиклінің премьерасы өтеді.

Қойылымның қоюшы-режиссері – «Астана Мюзикл» театрының көркемдік жетекшісі, «Қазақконцерт» МКҰ директоры, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Асхат Маемиров. Авторлары: Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Бақыт Қайырбеков және Артур Оренбургский. Мюзикл барысында Абай Құнанбаев, Арыстанбек Мұхамедиұлы, Ақтоты Райымқұлова, Қайрат Баекенов және Хамит Шаңғалиевтың туындылары орындалады.

Аталмыш мюзикл адамзатқа ортақ ұлы сезім махаббат тақырыбында өрбиді. Ол бірде Қазақстанда өтетін ән байқауына қатысуға келген Жанар мен Нұржанның махаббатына, енді бірде көп жылдар бұрын туған жерден қол үзуге мәжбүр болған Жанардың атасы Хамит ақсақалдың елге, жерге деген сағынышына айналып сахна төрінен үн қатады.

Қойылым барысында адамзатқа ортақ қасиеттер – махаббат пен жауыздық, адамгершілік пен сыйластық, өшпенділік пен сүйіспеншілік, сағыныш пен мейірімділіктің ұшқынына куә боласыздар. Мюзикльдің «Астана» деп аталуында да үлкен мән бар. Себебі таңдырдың бұралаң жолы жырақтатып жіберген сан тағдырлар әсем қала Астанада тоғысады. Астана – орындалар асыл армандардың, жарқын болашақтың қаласы.

«Астана Мюзикл» театрының репертуары мәдени өміріміздің елеулі оқиғасына айналатын тағы бір жаңа қойылыммен толықпақ. Қазақстандағы «мюзикл» жанрының қалыптасуы мен дамуы үшін тер төгіп жүрген талантты ұжымның өнеріне тәнті болыңыздар!