Мәдени мұра  Ұлттық жобаӨткенді қастерлеу арқылы, болашағымызды баянды етеміз
  • Twitter
  • Facebook
  • Лента на Youtube
 

Мәдениет жаңалықтары

Баба-Ата кешені   (XVII ғасыр)

Басты бет - Материалдар - Мәдениет жаңалықтары - Фотовыставка знакомство с Китаем «Чунцин келбеті »

Фотовыставка знакомство с Китаем «Чунцин келбеті »

Бейсенбі, 14 желтоқсан 2017  2017 жылғы 8 желтоқсанда әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің шығыстану факультетінің ғимаратында Чунцин қ. (ҚХР) халықтық үкіметімен ұйымдастырылған Қытаймен танысу «Чунцин келбеті» бірегей фотокөрмесінің ашылу рәсімі өтті. 

Көрмеде Чунцин провинциясының табиғат әсемдігі мен мегаполистың нанғысыз кадрларның 40 фотосуреттерінен басқа Конфуции институтының өкілдерімен әзірленген қытай шәй рәсімі және де көне музыкалық аспаптар көрсетілді. Ерік білдіргендер қытай жазба каллиграфиясын үйрене алды. Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасының қорынан Аспан астындағы елдің сирек кездесетін қолжазбалары мен кітаптары ұсынылған «Кітап халықтарды біріктіреді» көшпелі кітап көрмесі ұйымдастырылды.


Салтанатты рәсімді Алматы қаласындағы ҚР Сыртқы істер министрлігі өкілдігінің жетекшісі Р.Е.Бөлтіріков ашты. Имидждік саясат және қоғамдық қатынастар департаментінің директоры Д.К.Дүйсебаев, Алматы қаласындағы ҚХР Бас елшісі Чжан Вэй мырза,  ҚР ҰК директорының орынбасары А.Х.Юсупова,  "Чунцин дейли" баспа тобының президенті Сянь Цзэинь мырза және т.б. сөз сөйледі.