Мәдени мұра  Ұлттық жобаӨткенді қастерлеу арқылы, болашағымызды баянды етеміз
  • Twitter
  • Facebook
  • Лента на Youtube
 

Мәдениет жаңалықтары

Жамбыл Жабаев ескерткіші

Басты бет - Материалдар - Мәдениет жаңалықтары - Экран әуендерінің алтын топтамасы

Экран әуендерінің алтын топтамасы

Дүйсенбі, 06 қараша 2017 Астанада үлкен танымалдылыққа ие «Экран әуендері» бағдарламасы «Астана Опера» Камералық залының сахнасында қайта ұсынылатын болады. Жақсы шыққан кино ешбір көрерменін бей-жай қалдырмасы анық. Ал кинофильмге жазылған керемет музыкалық сүйемелдеу көптеген жылдар бойы барша жанды қуантып, жүректерін тебірентуде. 10 желтоқсан күні ХХ-ХХІ ғасырдағы кинофильмдердің үздік әндері музыкалық кештің авторы Әлихан Ыдырысовтың жинақтамасында шырқалатын болады.

Жаңа концертте музыканттар залға лық толы көрерменнің ыстық ықыласын тудырып, шаттыққа бөлеген алдыңғы 3 өнер көрсетудің үздік композицияларын ұсынады. Осы бағдарламада тыңдармандарды көптеген тосынсыйлар күтуде, олардың қатарында әркімге таныс, әсіресе кинематографияға құштарлықпен қарайтын жандар үшін музыкалық шығармалардың премьерасы бар.

- Әуендердің барлық өңдеулерін өзім жасаймын: алдымен фильмдерді мұқият таңдап аламын, кейін ноталар іздеймін, содан барып оркестр мен хорға жазамын. Кей кезде осындай жұмыс үшін 3-5 ай шамасында уақыт кетеді. Бағдарламада бұрын шырқалған нөмірлер бар, бірақ осы жолы барынша ауқымды, хордың қатысуымен орындалатын болады. Жобамыз алмаз тас секілді, оны гауһартас болғанша қырын шығаруға тырысамыз, сондықтан бағдарламаға ең үздік туындыларды қосуды жөн көрдік. Қазақстан қалалары бойынша гастрольге алып шығуға болатын концертімізді барынша көп адамның көріп, тамашалағанын қалаймыз, - деп бөлісті Әлихан Ыдырысов.

Музыкалық жаңалықтардан Досхан Жолжақсыновтың «Құнанбай» кинофильмінің әуендері, Эмиль Лотянудың «Мой ласковый и нежный зверь» кинофильмінен алынған вальсі ұсынылады, Ерлан Мерекенов тұңғыш рет Георгий Юнгвальд-Хилькевичтың «Д’Артаньян және үш ноян» кинофильмінен Арамис партиясын орындайды. Жас көрермендерді Василий Ливановтың «По следам бременских музыкантов» мультфильмінен «Трубадурдың серенадасы» күтуде, ол Қазыбек Досмұхамбетовтың интерпретациясында шырқалатын болады. Сергей Бодров (үлкен), Талғат Теменовтың «Көшпенділер» кинофильмінен алынған «Балапан қаз» қазақ халық әні концерттің көркін аша түседі.

Концерттің басталуы сағат 18.00-де