Мәдени мұра    Ұлттық жобаӨткенді қастерлеу арқылы, болашағымызды баянды етеміз
  • Facebook
  • Twitter
  • Лента на Youtube
 

Жоба жаңалықтары

Шығармашылық және ғылыми интелегенция форумы

Жұма, 21 қазан 2011Жаһандық мәдениеттің күші - бірлік пен әр алуандылықта - Полад Бюльбюль оғлы ТМД елдері өзара мүдделердің мөлшерін сақтап, бітімгерлік пен ықпалдастық мазмұнға ие жобаларға бастамашы болуылары керек.

 

Бұл туралы Киевте ТМД-ға мүше елдердің шығармашылық және ғылыми зиялы қауым өкілдерінің VI форумында сөз ала отырып Әзірбайжанның РФ-дағы Төтенше және Өкілетті елшісі, ТМД-ға мүше мемлекеттердің Халықаралық гуманитарлық ынтымақтастық қоры басқармасының төрағасы Полад Бюльбюль оғлы мәлім етті.

Оның айтуынша, әрбір осындай форум - гуманитарлық ынтымақтастықты дамыту бойынша тікелей диалог бола алады. «Әлемде болып жатқан оқиғаларды есепке ала отырып, біз мүдделерді о бастан оң жолда ұстап, ортақ күш-жігерлерді біріктіру арқылы ғана ұлттық мәдениеттің жойылып кетуінен және ұлттық оқшауланушылықтан сақтана аламыз дегенге көз жеткіздік. Жаһандық мәдениеттің күші - бірлік пен әр алуандылықта», - деп атап өтті ол.

Киевте өткен жатқан ТМД-ға мүше мемлекеттердің шығармашылық және ғылыми зиялы қауым өкілдерінің VI форумында «Дебюттер достастығы» жүлдесі табыс етілді.

Байқауға Достастыққа мүше елдердің материалдық және материалдық емес мәдени мұрасын сақтау және танымал ету саласында атқарған жұмыстары мен қол жеткізген жетістіктері бар ТМД елдерінің жас мамандары қатысты.

Әзірбайжан, Армения, Беларусь, Қырғызстан, Молдова, Ресей, Тәжікстан, Украина өкілдері байқау лауреаттары атанды.

Ал Қазақстан тарапынан «Қазақ қалпына келтіру» Республикалық мемлекеттік кәсіпорнының ғылыми-зерттеу жобалау филиалының химик-реставраторы, бас маманы Қайыржан Ысқақов мәдени мұраны «Қайта өркендету мен сақтау» аталамы бойынша марапатталды.