Мәдени мұра  Ұлттық жобаӨткенді қастерлеу арқылы, болашағымызды баянды етеміз
  • Twitter
  • Facebook
  • Лента на Youtube
 

Мәдениет жаңалықтары

Жүсіп ата кесенесі

ПРЕСС-АНОНС

Бейсенбі, 02 қараша 2017Құрметті әріптестер!
 
 «Астана Балет» театры Сізді 4-5 қараша күндері өтетін «In the Middle, Somewhat Elevated» атты бір актілі балеттер кешіне арналған пресс-брифингке (шара басты дайындыққа (генпрогон) ұласады) шақырамыз.
Алдағы демалыс күндері «Астана Балет» театрының сахнасында экстремальді техника, тынымсыз қимыл мен қарқынды музыка ырғағына құралған спектакль көрсетіледі. Отандық балет кеңістігінде алғаш рет неоклассикалық хореографияның әйгілі өкілі Уильям Форсайттың «In the Middle, Somewhat Elevated» («Ортада, сәл жоғары») атты шедеврі қойылады.
Уильям Форсайт балеті – декорациясыз, аскеттік костюмдер, ырғақты музыка, ерекше балет техникасы мен адам тәнінің мүмкіндігінің шегінде орындалған тынымсыз қимыл ағыны.
Сонымен қатар, осы балет кешінде премьералары мамыр айында өткен Дж.Баланчиннің «Серенада» және Р.Терранованың «Контрасты» спектакльдерімен таныс бола аласыздар.
Бағдарламада:
1 бөлім - Дж.Баланчиннің «Серенада» спектаклі
2 бөлім – У. Форсайттың  «In the Middle, Somewhat Elevated» спектаклі (премьера)
3 бөлім - Р.Терранованың «Контрасты» спектаклі.
 
 Өткізілетін орны: Астана қ., «Астана Балет» театры, Ұлы дала к-сі, 9
Басталуы: 03.11.2017 ж., 17:15-те. (қызметтік кіреберіс)
 
БАҚ-ты тіркеу міндетті түрде:
 
«Астана Балет» театрының баспасөз қызметі, тел: 62 12 83, +77017773900, e-mail: pr@astanaballet.kz