Мәдени мұра  Ұлттық жобаӨткенді қастерлеу арқылы, болашағымызды баянды етеміз
  • Twitter
  • Facebook
  • Лента на Youtube
 

Мәдениет жаңалықтары

Тоқтауыл тұрағы   (III - IV BC)

Басты бет - Материалдар - Мәдениет жаңалықтары - Америкада тұратын қазақстандық скрипкашы Астанада өнер көрсетпек

Америкада тұратын қазақстандық скрипкашы Астанада өнер көрсетпек

Бейсенбі, 28 желтоқсан 2017«Астана Опера» камералық-симфониялық оркестрі мен солист Ордабек Дүйсен (скрипка, АҚШ) «Мәңгі өшпес музыка» атты концерт ұсынбақ. 28 желтоқсан күні театрдың Камералық залында дарынды скрипкашы Ілияс Дүйсен дирижер ретінде алғаш рет өнер көрсететін болады.

Белгілі қазақстандық скрипкашы Ордабек Дүйсен - «Даллас Опера» (АҚШ) симфониялық оркестрінің концертмейстері, Колима қаласындағы (Мексика) Өнер университетінің Құрметті әртісі және шақырылған профессоры, Форт Уорт қаласындағы (АҚШ) симфониялық оркестрдің әртісі, Грацтағы (Австрия) AIMS фестивалінің бас концертмейстері. Музыканттың шығармашылығы көптеген марапаттармен аталып өткен, ол - республикалық және халықаралық байқаулардың лауреаты, «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісінің иегері, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты. Профессорлар Раиса және Айман Мұсақожаевалардың сыныбында Қазақ ұлттық музыка академиясын, профессор Эдуард Шмидердің сыныбында Техас штатындағы (АҚШ) Даллас университетінің аспирантурасы мен магистратурасын тамамдаған. Ордабек Дүйсен Еуропа, Азия және Америка елдерінде үлкен жетістікпен өнер көрсетті.

Ордабек пен Ілияс Дүйсен – музыкалық әулетті абыроймен жалғастырып келеді, олардың әкесі – күйші-домбырашы, анасы мен апасы – пианистер.

Осы кеште көрермен назарына австриялық классиктер Йозеф Гайдн мен Вольфганг Амадей Моцарттың шығармашылығы ұсынылады. В.А.Моцарттың №29 симфония ля мажор (К. 201) туындысы шырқалады. Бір қызығы, музыкалық тақырыптарға толы әрі ауқымы кең, шығару тәсіліне қарай керемет болып табылатын бұл шығармаларды ұлы композитор он жеті жасында шығарған екен.

Ордабек Дүйсен концерттік бағдарламаны таңдауын былай деп түсіндірді:

- Осы кеште алғаш рет Й.Гайднның соль мажор оркестрмен скрипкаға арналған концертін орындаймын. Отанымда өнер көрсету – мен үшін үлкен мәртебе, осындай керемет мүмкіндікті ұсынған үшін театр директоры Ғ.А.Ахмедьяровқа алғысымды білдіремін. Бұл концерттің мен үшін тағы бір ерекшелігі – туған ініммен бірге ойнайтын боламын. Барлық әртістердің атынан барша тыңдарман қауымды музыканың осынау ғажап сәттерін бізбен бөлісуге шақырамыз.

Концерттің басталуы сағат 19.00-де.