Мәдени мұра  Ұлттық жобаӨткенді қастерлеу арқылы, болашағымызды баянды етеміз
  • Twitter
  • Facebook
  • Лента на Youtube
 

Мәдениет жаңалықтары

Бөріжар

Басты бет - Материалдар - Мәдениет жаңалықтары - Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Ардақ Балажанованың «Салған әнім, шіркін-ай» атты шығармашылық ән кеші өтеді

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Ардақ Балажанованың «Салған әнім, шіркін-ай» атты шығармашылық ән кеші өтеді

Жұма, 08 қыркүйек 2017 2017 жылғы  9 қыркүйекте сағат 18.00-де Астана қаласында «Қазақстан» орталық концерт залында Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің  ұйымдастыруымен «ЭКСПО-2017» Халықаралық арнайы мамандандырылған көрмесінің аясында Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, танымал әнші Ардақ Балажанованың «Салған әнім, шіркін-ай» атты шығармашылық ән кеші өтеді.

Ардақ Балажанова – Мемлекеттік күзет қызметінің Президенттік оркестрінің жетекші солисі. К. Әзірбаев атындағы "Шырқа, дауысым" республикалық конкурсының Бас жүлде иегері, сондай-ақ "Елім менің" бірінші республикалық патриоттық әндер конкурсының бас жүлде иегері. Шығармашылық делегация құрамында Ардақ Балажанова Еуропа, АҚШ және Азия елдерінің концерттік залдарында өнер көрсете отырып, тәлімгерлік еңбек жолында көптеген әдістемелік оқулықтар мен жинақтардың авторы.

Халықаралық арнайы мамандандырылған «ЭКСПО-2017»  көрмесінің аясында өткізіліп отырған бұл концертте Ардақ Балажановамен бірге еліміздің танымал әншілері Досымжан Таңатаров, Клара Төленбаева, Дастан Оразбеков, Елмұра Жаңабергенова және өзге де  өнер шеберлері өнер көрсетеді деп күтілуде.