Мәдени мұра  Ұлттық жобаӨткенді қастерлеу арқылы, болашағымызды баянды етеміз
  • Twitter
  • Facebook
  • Лента на Youtube
 

Мәдениет жаңалықтары

Алғашқы әскери училище ғимараты

Басты бет - Материалдар - Мәдениет жаңалықтары - «ҚОЖА АХМЕТ ЯСАУИ МҰРАСЫ ЖӘНЕ ТҮРКІСТАН»

«ҚОЖА АХМЕТ ЯСАУИ МҰРАСЫ ЖӘНЕ ТҮРКІСТАН»

Жұма, 03 қараша 2017 Ү.ж. 30-31 қазан күндері Түркістан қаласында ҚР Мəдениет жəне спорт министрлігіне қарасты «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы, «ТҮРКСОЙ» Халықаралық түркі мәдениет ұйымы мен Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің бірлесуімен «ҚОЖА АХМЕТ ЯСАУИ МҰРАСЫ ЖӘНЕ ТҮРКІСТАН» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы өтті. 

Конференцияға Түркия, Өзбекстан, Қырғызстан, Моңғолия, Ресей Федерациясы мен еліміздің ғалымдар және музей ісінің 30-дан аса маманы қатысты.

Конференцияның мақсаты - Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы жəне «Түркістан-Түркі әлемінің мәдени астанасы» жылы аясында киелі жерлерді таныту, тарихи-мәдени мұраларымызды сақтау, насихаттау. Сонымен қатар, конференция Қожа Ахмет Ясауи мұраларының түркі халықтары тарихындағы орны мен рөліне және отандық музей саласындағы өзекті мәселелерге арналды.