Мәдени мұра  Ұлттық жобаӨткенді қастерлеу арқылы, болашағымызды баянды етеміз
  • Twitter
  • Facebook
  • Лента на Youtube
 

Мәдениет жаңалықтары

Берел қорымы   (III - IV BC)

Басты бет - Материалдар - Мәдениет жаңалықтары - «Марко Полоның Жібек жолы» ғылыми-көпшілік фильмінің премьералық кинокөрсетілімі

«Марко Полоның Жібек жолы» ғылыми-көпшілік фильмінің премьералық кинокөрсетілімі

Сәрсенбі, 28 желтоқсан 2016Елордада «Марко Полоның Жібек жолы» ғылыми-көпшілік фильмінің премьералық кинокөрсетілімі өтті. Фильмді 2016 жылы Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысымен итальяндық және қытай әріптестерімен бірлесе Қазақ ғылыми-зерттеу мәдениет институты түсірді.

Тұсаукесер көрсетілімге Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы, фильмнің шетелдік әріптестер, ғылыми және шығармашылық зиялы қауым мен БАҚ өкілдері қатысты.

Фильм тұсаукесерін аша отырып, ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы жоба отандық кинематографты халықаралық деңгейге шығаруға бағытталғындығын айтып кетті.

«Елбасы бізді барша әлемге танытқан Ұлы Жібек жолын қайта жаңғыртуымыз қажет екендігін үнемі ескертіп келеді, - деді министр. – Бұл жоба мемлекетіміздің имиджін арттыру, отандық кинематографта шетелдік көрермендердің қызығушылығын шақыратын жоғары сапалы ғылыми-көпшілік жанрды қалыптастыруды мақсат етеді. Бұл жобаны шетелдік әріптестерімізбен бірлесе жүзеге асырып отырғандығымыз маңызды. Алдағы уақытта қазақстандық киноөнімдерді үлкен халықаралық аудитория алдында жүзеге асыруымызға болады».

ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Қазақ ғылыми-зерттеу мәдениет институтының бас директоры Андрей Хазбулатов фильмді түсіруге дайындық кезеңінде көлемді зерттеу жұмыстары жүргізілгендігін хабарлады. Италияның әлемге танымал саяхатшысы туралы ғылыми-биографиялық материал жинақтау үшін  үстіміздегі жылдың мамыр айында Астанада Марко Поло мұрасы туралы «дөңгелек» үстел өтті. Шараға Қытай, Италия, Ресей және Қазақстан ғалымдары мен киноматографистері қатысты. Олардың қатарында Миландағы Амброзиано Академиясының профессоры Эдоардо Канетта, түркітанушы ғалым, филология ғылымдарының докторы Александр Гаркавец секілді өзге де белді ғалымдар болды.

«Марко Полоның Жібек жолы» ғылыми-көпшілік фильмі танымал итальяндық көпес Марко Полоның Ұлы дала бойындағы саяхаттары туралы кітабының сарыны бойынша түсірілді. Негізінен Орталық Азия мен бүгінгі Қазақстан аймағын сипаттауға айрықша маңыз беріледі. Режиссердің ойы ғылыми сұхбат, тарихи реконструкция мен этнографиялық фильм үйлесімі негізінде құрылған. Жетекші қазақстандық және шетелдік тарихшы-сарапшылар Қазақ ғылыми-зерттеу мәдениет институтымен қазақ тіліне алғаш рет аударылған Марко Полоның «Әлемнің әралуандығы» атты кітабының бірейгейлігі туралы баяндайды.

Фильм сарапшыларының бірі, танымал поляк зерттеушісі Яцек Палкевич 2017 жылы Марко Полының жолын қайталауға ниетін білдірді.

«Марко Полоның Жібек жолы» фильмі жеті мемлекеттің өкілдері қатысатын халықаралық экспедиция маршрутының барлығында көрсетілетін болады. Сонымен қатар фильмді АҚШ, Қытай, Италияда көрсету жоспарда бар, - деді ҚазҒЗМИ директоры А. Хазбулатов. – Қазақстандағы көрсетілім үшін фильм қазақ тіліне аударылады. Бұл мемлекеттік тілдің дамуы мен тарихи-мәдени ағарту ісіне септігін тигізеді».

Мәдениет және спорт министрлігі Марко Поло туралы қазақстандық фильмін халықаралық кинофестивальдерге қатыстыру арқылы шетелдік кинонарықтағы Қазақстан беделін арттыруға үлес қосуды жоспарлап отыр.

Мәліметтер бойынша:http://mks.gov.kz/