Мәдени мұра  Ұлттық жобаӨткенді қастерлеу арқылы, болашағымызды баянды етеміз
  • Twitter
  • Facebook
  • Лента на Youtube
 

Мәдениет жаңалықтары

Жуан Төбе   (XIX ғасыр)

Басты бет - Материалдар - Мәдениет жаңалықтары - БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

Жұма, 03 қараша 2017ҚР Ұлттық кітапханасы   3 қараша 2017 ж.

Алматы қаласы, Абай д- лы, 14.   сағ. 11.00

2017 жылдың 3 қарашасында Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасының Н.Дәулетова атындағы залында Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Қазақстан кітапханаларының құқықтық және кадрлық тұғырнамасын жаңғырту» тақырыбындажыл сайынғы облыстық әмбебап ғылыми кітапханалар директорларының кеңесі өтеді.

Ұйымдастырушы: Қазақстан Республикасының  Ұлттық кітапханасы

Шараның мақсаты - Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында еліміздегі кітапхана ісінің даму стратегиясын анықтау, кітапхана қызметкерлерінің біліктілігін көтеру, өзара тәжірибе алмасу, өзара әрекеттестік арқылы бірлескен жобаларды жүзеге асыру.

Кеңесте талқыланатын мәселелер:

  • «ТМД-ға қатысушы мемлекеттерге арналған моделді кітапханалық кодекс» 2016 жылғы жаңа редакциясы;
  • Қазақстан Республикасының «Кітапхана ісі туралы» Заңының жобасына ұсыныстар;
  • «Ауылдық кітапханаларды мәдениет, ағарту, бос уақыт өткізу орталығы ретінде жаңғырту туралы ереженің» жобасы;
  • «Қазақстанның кітапхана ісі саласы мамандарын сертификаттау орталығы» туралы
  • Жаңадан қабылданған Типтік квалификациялық сипаттамалардың кітапханалардың замануи қызметіне сәйкестігі  (Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2017 жылғы 17 шілдедегі № 209 бұйрығы) жайында;
  • «Туған өлкем» ақпараттық порталының тұсаукесері;
  • Латын әліпбиін үйрену орталықтарын ашу туралы.

Кеңес отырысы аясында Қазақстанның кітапхана ісінің даму жетістіктеріне арналған «Қазақстан кітапханаларының құқықтық және кадрлық тұғырнамасын жаңғырту»тақырыбында кітап көрмесі ұйымдастырылады.

Байланыс телефондары:   +7 (272) 267-28-64; 267-28-73