Мәдени мұра  Ұлттық жобаӨткенді қастерлеу арқылы, болашағымызды баянды етеміз
  • Twitter
  • Facebook
  • Лента на Youtube
 

Мәдениет жаңалықтары

"Сарман Қожа" мұнарасы   (XI ғасыр)

Басты бет - Материалдар - Мәдениет жаңалықтары - Баспасөз хабарламасы

Баспасөз хабарламасы

Сейсенбі, 05 желтоқсан 2017Қазақстан Республикасының 7 желтоқсан 2017ж.

Ұлттық кітапханасы  сағат 11:00

Алматы қ., Абай даңғылы, 14 Н.Дәулетова атындағы  зал

Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасында Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында дөңгелек үстел өтеді.

«Рухани жаңғырудағы ақпарат құралдарының миссиясы».

Президент ұсынған «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық», «Қазақстанның қасиетті рухани құндылықтары», «Жаһандағы заманауи қазақстандық мәдениет» жобалары,«Туған жер» бағдарламасы, қазақ тілін латын әліпбиіне кезең-кезеңмен көшіру, «Қазақстандағы  100 жаңа есім»  Қазақстанның БАҚ өкілдері мен кітапханаларының белсенді қатысуынсыз мүмкін емес. «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасында  патриотизмді қалыптастыру, дәстүрлерді, өзінің мәдениеті мен жеке  ұлттық кодын сақтау  сияқты басымдықтар айқындалады. Халықтың ұлттық коды туған жеріне, мәдениетіне, тіліне, әдет-ғұрыптарына, халқының салт-дәстүріне ерекше көзқарас арқылы қалыптасады. 
Ақпарат құралдарының миссиясы маңызды жалпыұлттық тақырыптар бойынша қоғамдық пікір қалыптастыратын тиімді арналардың бірі болу. Пайдаланушылар үшін ақпарат алудың өзектілігі  мен жылдамдығы тұрғысынан ең тиімді мерзімді басылымдар - газеттер мен журналдар болып табылады. Ұлттық кітапхананың  мерзімді басылымдар қорына тарихшылар, саясаттанушылар мен әлеуметтанушы ғалымдар, ізденушілер көптеп жүгінеді. Оқырмандардың ғылыми, мәдени, білім беру және т.б. түрлі  санаттарын кең ауқымда ақпаратпен қанағаттандыру үшін  газет-журналдар  кеңінен қолданылады. 
Ұлттық кітапханада қорды сақтау үшін ең алғашқы қазақстандық мерзімді басылымдар цифрлық түрге  көшірілді. Заманауи  технологиялар  құжаттардың мерзімін ұзартуға мүмкіндік береді. Бұл «Қазақ», «Еңбекші Қазақ» газеттері, «Социалистік Қазақстан» газеті қазіргі таңда цифрлық түрге көшірілуде.
Дөңгелек үстелде талқылынатын мәселелер:
  • бүгінгі баспасөз: журналист, оқырман, БАҚ нарығы;
  • қазақстандық мерзімді  басылымдарда қазақ тілінің латын әліпбиіне көшуі;
  • оқырманды сақтап  қалу үшін не істеу керек? 

Дөңгелек үстелдің модераторы:

Саудбаев Мадияр Құдайбергенұлы ( СДУ әлеуметтік ғылымдар  кафедрасының меңгерушісі, профессор)

Ұйымдастырушылар:

- ҚР Ұлттық кітапханасы;

- Сулейман Демирел атындағы университет.

Ұлттық кітапхананың  қорынан ұйымдастырылатын  көрмелер:
  • «Латын графикасындағы  қазақ  кітап басылымдары  (1929-1940жж.)».
· «Латын әліпбиі жайында  мерзімді басылымдарда жарияланған  мақалалар»
  Дөңгелек үстелге республикалық газеттер мен журналдардың жетекшілері және  бас редакторлары, қазақстандық журналистер, оқытушылар, журналистика факультетінің студенттері, оқырмандар қатысады.


Барлығыңызды шақырамыз!