Мәдени мұра    Ұлттық жобаӨткенді қастерлеу арқылы, болашағымызды баянды етеміз
  • Facebook
  • Twitter
  • Лента на Youtube
 

Жоба жаңалықтары

Түркі тілдес елдердің ынтымақтастығы Кеңесінің І Саммиті

Жұма, 21 қазан 2011Түбі бір туыс елдерді бір-біріне жақындастыра түсу үшін атқарылар іс-шаралар әлі де ұшан-теңіз - Елбасы Түркі дүниесі кең байтақ Еуразия аумағындағы 40-тан астам ұлт пен ұлыстың басын біріктіреді. Бұл туралы ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев бүгін Алматыда өтіп жатқан Түркітілдес мемлекеттер ынтымақтастық Кеңесінің І Саммитінде мәлім етті.

 

«Былтыр Түркиядағы Саммитте бекітілген Түркі Кеңесінің Бас хатшылығы Ыстамбұлда жұмыс істей бастады. Кеңестің тиімді қызмет атқаруының құқықтық негізін қалайтын құрылтай құжаттары бекітілді. Сонымен қатар Түркі кеңесінің хатшылығының қызметін реттейтін бірқатар маңызды құжаттар қабылданды. Менің ұсынысыммен құрылған Түрік Парламентаралық және Ақсақалдар кеңесі ынтымақтастықтың дамуына қомақты үлес қосуда. Жаңадан құрылған Түрік академиясы тамырлас тарихымызды зерделеп, ортақ мәдениетімізді дамытуға күш салуда. Қазақстан осынау ғылым ордасының нәтижелі жұмыс істеуіне жан-жақты қолдау көрсетіп отыр. Астанада бұл академия жұмыс істей бастады», - деді Н.Назарбаев. Түріктанудың өркендеуіне мүдделі барша қауымды осы академияның жұмысына белсене араласуға шақырған Нұрсұлтан Әбішұлы Саммитке қатысушылар оны бұл жолы көре алмайтынына өкініш білдірді. «Халқының саны 2 миллионға жуықтайтын түркілер адамзат тарихының мәдениетіне айрықша үлес қосқаны белгілі. Даңқты бабаларымыздың әлемдік сәулет өнерінде, поэзия мен ғылымда өшпес із қалдырғаны баршамызға мәлім. Сондықтан түбі бір туыс елдерді бір-біріне жақындастыра түсу үшін атқарылар іс-шаралар әлі де ұшан-теңіз», - деді Елбасы Н.Назарбаев.

Сонымен қатар, елбасы түркі әлеміндегі кесек туындылардың антологиясын құрастырып, ортақ альманах шығару қажеттігін атап өтті.

«Тарихта із қалдырған әйгілі тұлғаларды бір-бірімізге таныту үшін кең ауқымды іс-шаралар ұйымдастыруымыз керек. Жастар арасында спорт ойындары мен театр фестивальдерін жиі ұйымдастырған жөн деп санаймын», - деген Н. Назарбаев мынадай нақты ұсыныстар айтты. Біріншісі, Әл Фараби, Жүсіп Баласағұн, Махмұд Қашқари, Ахмет Яссауи және басқа да ежелгі атақты бабаларамыздың түркі әлеміне ортақ мұрасын бірлесе насихаттау. Екіншісі, 2017 жылы Түркістанда «Қазіргі түркі әлемі: нақты ахуал және даму болашағы» атты халықаралық симпозиум өткізу. Үшіншісі, 2012 жыл елорданың түркі мәдениетінің астанасы болып жариялануына орай мәдени іс-шаралар фестивальдерін ұйымдастыру.