Мәдени мұра  Ұлттық жобаӨткенді қастерлеу арқылы, болашағымызды баянды етеміз
  • Twitter
  • Facebook
  • Лента на Youtube
 

Мәдениет жаңалықтары

Арыстанбаб кесенесі   (XII ғасыр)

Басты бет - Материалдар - Мәдениет жаңалықтары - Император Цинь Шихуандидің Терракота әскері

Император Цинь Шихуандидің Терракота әскері

Сәрсенбі, 14 маусым 2017

2017 жылғы 9 маусым 16:00-де Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінде «EXPO-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесі аясында Император Цинь Шихуандидің Терракота әскері көрмесінің ашылу салтанаты өтеді. 

2017 жылғы 9 маусым 16:00-де Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінде «EXPO-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесі аясында Император Цинь Шихуандидің Терракота әскері көрмесінің ашылу салтанаты өтеді.

Көрменің мақсаты: келушілерді біздің эрамызға дейінгі 2010-2009 жылдары дайындалған және 1987 жылы ЮНЕСКО-ның Әлемдік мұралар тізіміне кіргізілген әлемдік өнер жауһары – Цинь династиясының терракота мүсіндерімен таныстыру.

«Терракота әскері» - Сиань қаласындағы Цинь Шихуанди императордың кесенесі жанындағы 8099 қытай жауынгерінің және олардың аттарының өлшемі сақталған мүсіндері қабірінің атауы.

Мүсіндерді 1974 жылы жергілікті шаруалар Лишань тауының шығыс жағынан артезиан ұңғымасын қазып жатқан кезде тапқан.

Тарихи деректер бойынша, Цинь Шихуанди таққа отырғаннан бір жылдан кейін ж.с.д. 246 жылы өзінің мазарын сала бастайды. Оның ойы бойынша мүсіндер оған ана өмірде серік болып жүруі тиіс.

Саздан жасалған әскер император мазарының шығысында параллель табыттарда 1,5 км бойы сапқа тізіліп қойылған.

Жауынгерлердің мүсіндері өнер туындысы болып табылады. Өйткені, олардың әрқайсысы жеке-жеке тәртіппен әртүрлі тәсілдерді қолдану арқылы қолдан жасалған. Әрбір жеке мүсіннің кескіні, тіпті бет келбеттері де қайталанбайды.

Көрмеге 50-ге жуық археологиялық бұйымдар қойылады. Бұлар: әскерлердің мүсіндері, қару-жарақтар, жабынқыштар, ыдыс-аяқтар, алтын және күміс әшекейлер.

Көрме 2017 жылдың 10 қыркүйегіне дейін жалғасады.

БАҚ өкілдерінің аккредитациядан өтуі міндетті әрі өздерімен бірге әкелетін техникалардың (камера, фотоаппарат) тізімін, маркасын көрсетуі тиіс! Журанлистер тізімі nmrk.pr@gmail.com  поштасына жіберіледі

Аккредитациядан өту 9 маусым күнгі сағат 12:00-ге дейін

+77477034840 Досхан,  PR маманы

Музейдің ресми сайты: nationalmuseum.kz

Аккредитациядан өту үлгісі

БАҚ өкілдерінің  аты-жөні және

ЖСН номері

БАҚ атауы

Техника туралы мәлімет

1

2