Мәдени мұра  Ұлттық жобаӨткенді қастерлеу арқылы, болашағымызды баянды етеміз
  • Twitter
  • Facebook
  • Лента на Youtube
 

Мәдениет жаңалықтары

Жуан Төбе   (XIX ғасыр)

Басты бет - Материалдар - Мәдениет жаңалықтары - Ұлттық музейде жас мүсіншінің көрмесі ашылды

Ұлттық музейде жас мүсіншінің көрмесі ашылды

Бейсенбі, 29 желтоқсан 2016Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінде жас мүсінші, И.Е. Репин атындағы Санкт-Петербург мемлекеттік көркемсурет, мүсін және сәулет институтының студенті Жанна Нөгербекованың «Таң» атты жеке көрмесінің ашылу салтанаты өтті.

Салтанатты шарада сөз алған Ұлттық музей директорының орынбасары Абай Сатубалдин: «Қазақстан Республикасы Ұлттық музейі әрқашанда еліміздегі жас суретшілердің өнеріне қолдау көрсетіп келеді. Осы мақсатта олардың туындыларын халыққа танытып дәріптейтін көрмелерді ұйымдастырып тұру дәстүрге айналып отыр. Өздеріңіз көріп тұрғандай  бүгін Жанна Нөгербекованың жеке «Таң» атты көрмесін ашқалы отырмыз. Жанна жас та болса бірнеше халықаралық көрмелерге өз туындыларын қойып үлгерді. Бүгінгі көрмеден оның шеберлігінің шыңдалғанын байқауға болады», – деді.

Өз кезегінде суретші Жанна Нөгербекова жеке көрмесін ұйымдастыруға ұйытқы болған Ұлттық музейге алғыс білдірді. Және де, еліміздің бас музейінде көрме қою өзі үшін үлкен мәртебе екенін жасырмады. 

Көрме экспозициясын әртүрлі техника және қола мен қағазға дейінгі материалдардан жасалған туындылар құрайды. Қонақтардың ерекше ықыласына ие болған экспонаттың бірі – «Жайлау» туындысында төбеден бір сарынмен түсіп келе жатқан отар қойдың ауада қалықтауы суреттелген. Сол арқылы бұл жалғандағы баянсыз өмір туралы пәлсапалық нақыл баяндалады. Отардың үстінде жәрдемші бала мен шопан қалықтап тұр және алуан түрлі шөптің хош иісі аңқыған даланың самал желі «еседі».

Көрмеге қойылған «Абай» және «Шоқан Уәлиханов» туындылары Жаннаның станокты пластика әдісін шебер меңгергендігін дәлелдейді. Ол жасаған Абай мен Шоқан бейнелері нанымдылығымен және адами сезімнің тереңдігімен бас игізеді.

Жас суретші осыған дейінгі шығармашылық жолында 17 ірі көрмеге қатысып, олардың жартысында жеңімпаз және дипломант атанған.

Мәліметтер бойынша:http://mks.gov.kz/