Мәдени мұра  Ұлттық жобаӨткенді қастерлеу арқылы, болашағымызды баянды етеміз
  • Twitter
  • Facebook
  • Лента на Youtube
 

Мәдениет жаңалықтары

Теміржолшылар мәдени үйінің ғимараты

Естен кетпес мюзикл

Сейсенбі, 27 желтоқсан 2016Жаңа жыл қарсаңында  «Қазақ Концерт» концерттік ұйымы сазды мереке сыйлады. Бүгін «Қазақстан» Орталық концерт залында аты әлемге танымал бірегей мюзиклдердың топтамасы ұсынылды. Басты орындаушылар – «Астана Мюзикл» елордалық театрының әртістері мен шақырылған солистер.

Бұл кеш танымал мюзиклдердің жарқын үзінділерін сыйлайды. Мерекелік шоу-бағдарламаның алғашқы бес бөлімінде мюзикл отаны - АҚШ, Ұлыбритания, Франция, Ресей және Қазақстан елдерінің танымал шығармалары жинақталған.

Жанрлық әртүрлілік, жарқын эмоциялар, музыка мен хореография, әдемі видео инсталляциялар – көрермендерді естен кетпес музыка әлеміне баурады.

Шетелдің кейбір музыкалық туындылары түпнұсқа тілінде, кейбір үзінділері – қазақ және орыс тілдеріндегі аудармамен орындалды. Концерт ортақ үлкен музыкалық реңмен дамып, туындының басынан белгілі қарқын, динамика байқалады.

Мюзиклдың отаны мен бесігі – Америка. Бұл жерде ХХ ғасыр басында барша әлемде ең сүйікті және танымал өнерге айналған мюзикл секілді бірегей жанр пайда болды. Америкалық мюзикл өнеріне арналған бірінші блокқа аты аңызға айналған «Кабаре», «Моя прекрасная леди», «Аладдин», «Звуки музыки», «Богема» және «Красавица и чудовище» және т.б. секілді музыкалық қойылымдардан үзінділер енгізілді.

Қойылымның екінші бөлімі Ұлыбританияға арналады. Бұл жерде америкалық мәдениеттің баға жетпес қазыналарымен байытылған және нығайған музыкалық-театралдық жанр өзінің әрі қарайғы дамуын жалғастырды. Көрермендер «Призрак  оперы», «Кошки», «We Will Rock You» және «Мамма Мия» қойылымдарының номерлерін тамашалады. Әлемде осы мюзиклдардың атауларын білмейтін музыкалық жанрдың бірде-бір табынушысы жоқ болар.

Францияда мюзикл француз музыкасына шынайы төлтума ерекшелік беріп, өзінің музыкалық қолтаңбасы мен стиліне ие болды. «Астана Мюзикл» театрының қонақтары бұл бөлімде «Ромео мен Джульетта», «Нотр Дам дэ Пари» және «Канкан» француз мюзиклдерін тамашалады.

Америкада мюзикл ең алдымен шоу секілді болса, Ресейде ол психологиялық театрға айналды. «Юнона и Авось» мюзиклі, «12 стульев» және «Ах, водевиль, водевиль!» кинофильмдерінен үзінділер, «Стиляги» киномюзиклінен үзінділер қойылым төртінші бөлімінің басты негізіне айналды.

Жүз жылға жуық уақыт өткен соң, Америка, Ұлыбритания, Франция, Ресейде болған мюзикл шарықтау шегіне жетіп, Қазақстанның ұлы даласына жетеді. Қазақ жері көне ғасырлардан бері музыкалық дарындармен танымал еді. Қазақстанда мықты музыкалық, драмалық және хореографиялық мектептер қалыптасып, Тәуелсіздік жылдарында өз жағдайларын күшейтіп, одан да табысты ордаларға айналды.

Қазіргі таңда қазақстандық әртістердің, композиторлардың, хореограф, суретші, режиссерлердің өскелең ұрпағы салт-дәстүр сабақтастығын сақтай отырып, қазақстандық және шетел көрермендері үшін сұранысқа ие жаңа, тың дүниені дайындауда. Оған дәлел – осы жаңа музыкалық туынды.  

Cахнада орнатылған ірі LED экрандарда Бәйтерек діні мен ұшар басы бойы Қазақстан тарихының байлығы мен мәдениеті дәстүрлерінің символы болып табылатын қазақ өнерінің классиктері Құрманғазы, Абай, Күләш Байсейітова, Шара Жиенқұлова, Роза Бағланова, Ермек Серкебаев, Бибігүл Төлегенова, Шәкен Айманов, Нұрғиса Тілендиев, Шәмші Қалдаяқов, Құрманғазы атындағы халық аспаптары оркестрі, «Гүлдер» ансамблі, «Тақиялы періште», «Біздің сүйікті дәрігер» кинофильмдерінен үзінділер, опера және балет қойылымдарынан үзінділердің көріністері өтеді.

Кеш ұйымдастырушылары мюзикл асыл мұраттар мен биік мақсаттар орындалатын Жаңа жыл қарсаңында Астана қаласы тұрғындары мен қонақтарына нағыз сый болатындығына сенімді. 

Мәліметтер бойынша:http://mks.gov.kz/